Об организации и обеспечении проведения приписки Граждан Республики Казахстан к призывному участку Карабалыкского района Костанайской области Қолданыста
Басқа 0
Қостанай облысы Қарабалық ауданының әскерге шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасы азаматтардың тіркеуін қамтамасыз ету және ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, 33 бабының негізінде, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Қостанай облысы Қарабалық ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), тіркеу жылында он жеті жасқа толғандар, бұрын тіркеуден өтпеген ер жынысы азаматтардың, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 наурызына дейін кезеңінде әскерге шақыру учаскесінде тіркеуінің өткізуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Қарабалық кенті және селолық округтерінің әкімдеріне:
Тармақша 1
1) жасөспірімдерді оқудан, жұмыстан қолын үзуді қысқарту мақсатында, селолық округтерде, оқу орындарда әскерге шақырушылардың жеке істерін рәсімдеу және толтыруы жүргізілсін;
Тармақ 3
3. «Қарабалық аудандық ішкі ісетер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуден жалтарып жүрген тұлғаларды іздестіру және оларды әскерге шақыру пунктеріне жеткізу жөніндегі жұмыс ұйымдастырылсын;
Тармақша 2
2) тіркеуді өткізу кезінде әскерге шақыру пунктінде құқықтық тәртібі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. «Қостанай облысы Қарабалық ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) және «Қарабалық ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесіп ұсынылсын:
Тармақша 1
1) әскери оқу орындарына кандидаттардың іріктеуіне арналған нарядты оқу орындарына дейін жүргізілсін;
Тармақша 2
2) әскери - оқу орындары бойынша бастапқы әскери даярлаудың оқытушылар - ұйымдастырушыларды анықтама материалдарымен қамтамасыз етілсін, олардың жұмысын ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) әскери - оқу орындарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмысын бастау туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдар арқылы жарияласын;
Тармақша 4
4) әскери - оқу орындарына түсу үшін әскери - профессионалдық бағдарлау мақсатымен әр шақырылушымен жеке әңгімелесуді өткізсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Ш. Жақыповқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.