Об утверждении стандарта государственной услуги «Назначение государственной адресной социальной помощи» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің типтік стандартын бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, аудандық бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын көтеру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде қоса берілген стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау экономикалық сұрақтары және ауыл шаруашылығы жөнінде аудан әкімінің орынбасары И.В. Циммерманға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау»
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 377 қаулысымен бекітілді Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау»
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің анықтамасы: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау»
Тармақ 2
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі – жарым-жартылай автоматтандырылған.
Тармақ 3
3. 2004 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Казақстан Республикасының Заңының 4 бабы 3 тармағы негізінде көрсетіледі: «Уәкілетті орган өтініш берушілерден және кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінен қоса тіркелген құжаттарымен және учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен бірге өтініштерді қабылдайды, оларды қабылдаған күннен бастап он күн ішінде қарайды және атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды».
Тармақ 4
4. Осы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе басқа да субъектілердің атауы: «Тимирязев ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Тимирязев селосы, Уалиханов көшесі, 1, ro-timir@mail.online.kz.
Тармақ 5
5. Тұтынушы алуға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу формасы (нәтижесі) хабарлама (хат).
Тармақ 6
6. Осы мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқын мәртебесі бар тұлғаларға, ыхтиярлықхаты бар азаматтығы жоқ шетелдіктерге, жан басына шаққандағы табысының кедейшілік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын тұлғаларға көрсетіледі, жұмыссыздық мәселесі бойынша уәкілетті органда тіркелмеген жұмыссыздарды есептемегенде, мүгедектерден және бір айдан көп стационарлық емдеуде жүрген тұлғалардан, оқушылар мен студенттерден, күндізгі оқу түрінің тыңдаушылары мен курсанттарынан магистратураны қосқанда, сондай-ақ I және II топтардағы мүгедектерді күтумен айналысатын азаматтардан, он сегіз жастан асқан тұлғалардан, жеті жасқа дейінгі балалардан басқа.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімі:
Тармақша 1
1) Тұтынушыларға қажетті құжаттарды берген күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері (тіркеу, талон алу күнінен бастап т.б.): 10 күн;
Тармақша 2
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің максималды уақыты (тіркеліп талон алған уақыттан бастап т.б.): 30 минут;
Тармақша 3
3) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің максималды уақыты: 30 минут.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тегін көрсетіледі.
Тармақ 9
9. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарты аудандық «Нива» газетінде басылады, Тимирязев селосы, Уалиханов көшесі, 1, № 3,4 кабинеттер мекен-жайы бойынша орналасқан «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында стенд орналастырылған.
Тармақ 10
10. Жұмыс кестесі: күнсайын, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, үзіліс 13-00- ден 14-00-ге дейін, алдын ала жазылу талап етілмейді. «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында 3, 4 кабинеттерде, күту залында орындықтар, ақпараттық стендтер ұйымдастырылған.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш беруші мына құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) белгіленген үлгіде өтініш «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік маманымен берілетін бланкісі өз қолымен толтырылады немесе селолық округі әкімі аппаратының маманымен;
Тармақша 2
2) отбасы құрамы туралы мәлімет - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманымен берілетін бланкісі өз қолымен толтырылады немесе селолық округі әкімі аппаратының маманымен; селолық округінің аппаратымен куәландырылады;
Тармақша 3
3) отбасы мүшелері мен арызданушының табыстары туралы мәлімет-жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманымен берілетін бланкісі өз қолымен толтырылады, немесе селолық округі әкімі аппаратының маманымен; жұмыс орнынан, жәрдемақы және зейнетақы алған орындан табыстары расталады;
Тармақша 4
4) қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы мәлімет - жұмыспен - және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманымен берілген бланкісінде өз қолымен толтырылады, немесе селолық округі әкімі аппаратының маманымен. Құжаттар растайтын құжаттардың қосымшаларымен салыстыру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары арызданушыға қайтарылып беріледі.
Тармақ 13
13. Бланктар Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 1, № 3 кабинетте мекен-жайы бойынша «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде беріледі, әлде сәйкестік селолық округінің әкімі аппаратында.
Тармақ 14
14. Қажетті құжаттардың толық пакетімен арыз Тимирязев селосы, Уәлиханов, 1, № 3 кабинет мекен-жайы бойынша «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырылады.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік қызмет алу үшін керек құжаттарды тапсырған өтінушіге орындалу мерзімі және алынған датасымен арызданушының узінді талоны беріледі.
Тармақ 16
16. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама поштамен жіберіледі немесе Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 1 үй, № 3 кабинетте мекен-жайы бойынша «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жеке қатынасқанда табыстайды.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін себеп болған негіздердің толық тізбесін көрсету.
Тармақша 1
1) жан басына шаққандағы орташа табыстың сәйкес мерзімнің бір айындағы кедейшілік шегі мөлшерінен асуы;
Тармақша 2
2) толық емес құжаттардың жиынтығын тапсырғаны.
Тарау 3. 3. Жұмыс принципі
3. Жұмыс принципі
Тармақ 18
18. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалануға арызданған азаматтар:
Тармақша 1
1) мамандардың әдептілігіне, жауапкершілігіне және кәсібилігіне;
Тармақша 2
2) белгіленген үлгідегі өтінішті тегін алуға;
Тармақша 3
3) тағайындалған төлемдерді банктік шотқа тоқсансайын аударылып тұруына арқа сүйей алады.
Тарау 4. 4. Жұмыс нәтижелері
4. Жұмыс нәтижелері
Тармақ 19
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалылық пен қол жеткізушілік көрсеткіштерімен өлшенеді.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе басқа да субъектілердің жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасы мен қол жеткізушілігінің көрсеткіштерінің мақсатты тағайындалуы жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы топтармен бекітіледі.
Тарау 5. 5. Шағымдану тәртібі
5. Шағымдану тәртібі
Тармақ 21
21. Лауазымды тұлғаның әрекетіне шағымдану: Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі,1 үй, 2 кабинет немесе орынбасарға 4 кабинет мекен-жайы бойынша «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына арыздану арқылы іске асырылады.
Тармақша 2
2) Тимирязев ауданының әкіміне
Тармақша 3
3) Тимирязев аудандық сотқа.
Тармақ 22
22. Шағым түскен мемлекеттік органы:
Тармақша 1
1) «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2 кабинет;
Тармақша 2
2) «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары – 4 кабинет;
Тармақша 3
3) Тимирязев с., Уәлиханов көшесі,1, Тимирязев ауданының әкіміне;
Тармақша 4
4) Тимирязев с., Уәлиханов көшесі,1, Тимирязев аудандық сотқа;
Тармақ 23
23. Берілген шағым жеке тұлғалардың үндеулерін тіркеу журналында тіркелінеді және 15 күн ішінде қаралады. Өтініш берушіге үзінді талон талап етіледі.
Тарау 6. 6. Байланыс ақпарат
6. Байланыс ақпарат
Тармақ 24. Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы
24. «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі – Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 1 үй, электрондық пошта мекен-жайы: ro-timir@mail.online.kz. мекеме бастығы, телефон 21494, № 2 кабинет; бастықтың орынбасары, телефон 21649, № 4 кабинет; әлеуметтік жәрдемақылар құрылымдық бөлімшесі - телефон 21649, 4 кабинет; Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, Петропавл қаласы Абай көшесі, 64, № 213 кабинет, 465648 телефон, электрондық пошта мекен-жайы: obl_dep@mail.online.kz. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына қосымша Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштері Көрсеткіштердің нормативтік мағынасы Келесі жылдағы көрсеткіштердің мақсатты мағынасы Есеп беру жылындағы көрсеткіштердің ағымдағы мағынасы 1 2 3 4 1. Дер кезділік 1.1. құжатты тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметтер көрсетудің % (үлесі) жағдайлары 95 75 60 1.2. кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі) 90 50 40 2. Сапа 2.1. қызмет көрсетулер үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі) 90 70 60 2.2. лауазымды тұлғалармен құжаттарды дұрыс ресімдеу жағдайлары (өндірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі) 95 75 65 3. Қол жеткізушілік 3.1. қызмет көрсетулер тәртібі туралы ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі) 80 50 40 3.2. тұтынушылармен дұрыс толтырылған және бірден тапсырылған құжаттар жағдайлары % (үлесі) 80 30 25 3.3. Интернет арқылы қол жеткізе алатын ақпараттар қызметі % (үлесі) 50 30 25 4. Шағымдану үрдісі 4.1. іс бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдар % (үлесі) 0,1 0,4 0,6 4.2. белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі) 95 60 50 4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі) 85 70 50 4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі) 95 50 40 5. Сыпайылық 5.1. персоналдық сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі) 90 70 60