О приписке граждан к призывному участку Қолданыста
Басқа 0
Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы
«Жалпыға бірдей әскери міндеттер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17, 18 баптарына сәйкес, азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тіркеу жылында жасы 17 толған азаматтарды сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген одан жоғары жастағы азаматтарды 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркеу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне 1991 жылы туған азаматтарды тіркеу жүргізуді ұйымдастыру үшін келесі құрамда комиссия құрылсын:
Рожнов Константин Геннадиевич - Тайынша ауданы қорғаныс істері жөніндегі Бөлімі бастығының лауазымын уақытша атқарушы, комиссия төрағасы
Дүйсенова Анархан Қалиқызы - аудан әкімінің орынбасары, комиссияның төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Сүйіндікова Түлен Көшкенқызы - медициналық комиссияның төрайымы, орталығы аудандық аурухананың дәрігер-терапеві
Ташетов Серік Ешімбайұлы - аудаңдық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Ищанова Зинат Мұхамедқызы - комиссия хатшысы, орталық аудандық емхананың медбикесі
Комиссияның резервтік құрамы:
Лапшов Яков Владимирович - комиссия төрағасы, Тайынша ауданы қорғаныс істері жөніндегі Бөлімі мобилизациялық дайындық және аумақтық қорғаныс бөлімшесі бастығының орынбасары
Турков Иван Иванович - комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары
Комиссия мүшелері:
Сливкина Лариса Гергиевна - медициналық комиссияның төрайымы, орталық аудандық емхана бас дәрігерінің орынбасары
Кұлмағамбетов Есен Сатайұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Кенжебаева Гүлжан Қайыржанқызы - комиссия хатшысы, орталық аудандық емхананың медбикесі
Тармақ 3
3. Тайынша қаласы мен селолық округтер әкімдері Тайынша ауданы жорғаныс істер жөніндегі Бөлім бастығының лауазымын Уақытша атқарушымен (Рожнов К. Г.) бірлесе отырып азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы (Джердж С. В.) тіркеу компаниясын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен ақшалай қаражат бөлсін.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер басқармасының бастығығына (Байқадамов X. Ф.) Тайынша ауданы қорғаныс істер жөніндегі Бөлім бастығының лауазымын Уақытша атқарушымен (Рожнов К. Г.) бірлесе отырып (келісім бойынша) тіркеуді жүргізу кезінде жұмыс атқару ұсынылсын:
Тармақша 1
1) шақыру учасқесін тәртіппен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) шақыру учаскесіне азаматтардың уақытында келуін бақылауды жүзеге асыру, тіркеуден бас тартқан азаматтардың жолын кесу;
Тармақша 5
5) аудандық қорғаныс істері бөлімінің шақыру пунктіне азаматтарды іздеу салып жеткізуді ұйымдастыру.
Тармақ 6
6. Аудандық орталық емхананың бас дәрігері (Шаримова Т. К.):
Тармақша 1
1) шақыру учаскесінде тіркеу жөніндегі медициналық комиссия үшін қажетті жабдықтармен, құжаттармен және қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) қажетті зертханалық зерттеулер жүргізсін;
Тармақша 3
3) тіркеуте келмеген жасөспірімдерді жинау және қүлақтандыру үшін кезекші машина бөлсін.
Тармақ 7
7. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «1990 жылы туған азаматтарды Тайынша ауданының шақыру учаскесіне тіркеу туралы» № 404 қаулысы жойылсын (2006 жылғы 25 желтоқсан т/н № 13-11-51, «Тайыншинские вести» 2007 жылғы 19 қаңтардағы № 3).
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қ. Дүйсеноваға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы ресми жарияланған күннен қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Келісілді
Тайынша ауданы қорғаныс істер
жөніндегі Бөлім бастығының лауазымы
Уақытша атқарушы
К.Рожнов
07.12.2007 ж.
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
Х.Байкадамов
07.12.2007 ж.