Об установлении ограничительных мероприятий и профилактике заболевания бешенства плотоядных животных в селе Вороновка Кенесаринского сельского округа Щучинского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Щучье ауданының Кенесары селолық округінің Вороновка селосында ет қоректі жануарлардың құтыру ауруының алдын алу мен шектеу шараларын қою туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 18 тармақшасына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасына сәйкес, ет қоректі жануарлардың құтырумен ауруының анықталған фактісі бойынша Щучье ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының 2008 жылғы 4 қаңтардағы ұсыным негізінде, адамдар мен үй жануарларының ауруға шалдығуының алдын алу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Щучье ауданының Кенесары селолық округінің Вороновка селосында ет қоректі жануарлардың құтыруы бойынша ауру тараған пунктте 2008 жылғы 11 қаңтардан басталатын кезеңге шектеу шаралары қойылсын.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі Щучье аудандық аумақтық инспекциясының ветеринарлық қадағалау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ет қоректі жануарлардың құтырумен ауруының алдын алу бойынша әзірлеген ветеринарлық шаралар жоспарын орындау ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Щучье ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Есполовқа жүктелсін.