Об упорядочении эксплуатации бесхозных и ведомственных электрических сетей Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ведомствалық және иесіз электр жүйелерін пайдалануды тәртіпке келтіру туралы 1999-2000 жылдарға арналған электрэнергиясы рыногінің алға қарай дамуы Бағдарламасына, ҚР үкіметінің 1997 ж. 31 шілдедегі бекітілген «Электрэнергетикасында жекешелендіру және құрылымын өзгерту бағдарламасын іске асырудағы қосымша шаралар және электр энергетикасы рыногін алғақарай реформалау туралы» № 1193 қаулысына сәйкес облыста электр энергиясын балама өткізу жағдайында « Атырау ЖЭО» АҚ, «Манғыстау атом энергокомбинаты» РМК, Ресей БЭЖ үш басты көздерінен көтерме рыногі құрылды. Электр энергиясының көтерме рыногі аумақаралық және аумақтық деңгейде қызмет етеді. «Бағдарлама» жергілікті электр энергиясынын беретін электр жүйелерінен құруды, ішке енген электрдің құнын белгілейтін тарифті қарастырады. Жергілікті деңгей шағын көлемдегі тұтынушылармен халыққа жеткізілетін электр энергиясы шағын аудандар көлемінде жеткізілетін электр жүйелерінің деңгейінде болуы керек. Бағдарламаны алға қарай іске асыру, жергілікті деңгейде электр энергиясының бөлшек рыногін құру, шағын және кіші бизнес кәсіпкерлерін қолдау және дамыту, жаңа жұмыс орнын ашу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қала және аудандар әкімдеріне,кәсіпорындар, мекемелер басшыларына: - электр жүйелеріне берілетін иесіз электр жүйелерінің ведомстволық активтерін анықтаумен түгендеуін жүргізіп, тізбөсін жасап, 1998 жылдың 20 қарашасында дейін аумақтың мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне тапсырсын;
Тармақ 2
2. Аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне (Б.Т.Дүйсенов) иесіз және ведомстволық электр жүйелерінің құжаттарын қабылдағаннан кейін оларды заңды және тұлғаларға бегіленген тәртіп бойынша мүліктік жалға берсін.
Тармақ 3
3. Меншік нысандарына қарамастан электр жүйелері бар кәсіпорындар мен мекеме басшылары жаңадан құрылатын электр энергиясы бөлшек рыногі субъектілеріне электр жүйелерінің активін, электр жүйелерін қайта құру үшін қажетті құралдарды нормативті актілердің талабы деңгейінде беруді қарастырсын.
Тармақ 4
4. Құрылыс және тұрғын үй коммуналды шаруашылығын реформалау департаментінде (И.Ш.Амиров) электр энергиясының бөлшек рыногі құрылымын құруға қолдау және көмек көрсетсін.
Тармақ 5
5. Атырау облысы бойынша бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияның реттеу комитетіне (Б.И.Досмұхамбетова) жергілікті деңгейде электр энергиясының жүйелері бойынша электр энергиясын тасымалдауға төлем ақының тарифін есептеу әдістемесін жасақтасын.
Тармақ 6
6. «АТЭК» АҚ (А.А.Горюханов) - иесіз электр жүйелерінің тізбесін жасап түгендеуге қатыссын; - ведомстволық электр жүйелері бар кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесін әзірлесін; - қала және аудандар әкімшіліктерімен бірлесіп бөлшек рыногі құрылымын құруға қолдау және көмек көрсетсін.
Тармақ 7
7. Қала және аудандар әкімдеріне «АТЭК» АҚ, кәсіпкерлікті қолдау департаментіне (Р.Т. Тоқтабаев) электр энергиясының бөлшек нарығы құрылымын құру жұмыстарын ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалысын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Н.Борисенкоге жүктелсін.