О конкурсе по социальной ответственности бизнеса "Парыз" Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерлету және оларды осы саладағы ең үздік тәрбиені енгізуге ынталандыру мақсатында қаулы етемін:
Тармақ 1
1. 2008 жылдан бастап жыл сайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын белгіленсін.
Тармақ 2
2. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия құрылсын.
Тармақ 3
3. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің қағидасы;
Тармақша 2
2) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 4
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің қағидасы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2008 жы­л­ғы 23 қаң­тар­да­ғы N 523 Жар­лы­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің қағидасы
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы (бұдан әрі - конкурс) халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған. Конкурсты өткізудің мақсаттары:
Тармақша 1
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін, сол секілді тұтас алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру;
Тармақша 2
2) осы саладағы қолда бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату. Жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі - үміткерлер) қатыса алатын конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі. Мемлекеттiң акциялары, жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесi 50 проценттен асатын ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Тармақ 2
2. Конкурстың жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі негізінде лауреаттар атақтары жыл сайын мынадай:
Тармақша 1
1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;
Тармақша 2
2) ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша беріледі.
Тармақ 3
3. Үміткерлер тұтас алғанда қоғамның және соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін растайтын әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуға тиіс. Бағдарламалар мен олардың жобаларына үміткерлер дербес және/немесе азаматтық қоғам институттарымен және жергілікті атқарушы органдармен әріптестікте жүзеге асыратын және әлеуметтік салада оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кіреді. Әлеуметтік жауапкершілік бәсекеге қабілеттілікті арттыруға тиіс.
Тармақ 2. 2-тарау. Конкурсты өткізу тәртібі
2-тарау. Конкурсты өткізу тәртібі
Тармақ 4
4. Конкурстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы (бұдан әрі – ұйымдастырушылар) болып табылады.
Тармақ 4-1
4-1. Конкурс жыл сайын осы қағиданың 13-тармағында көрсетілген номинациялар бойынша өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі. Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады.
Тармақ 5
5. Үміткерлер материалдарды осы қағидаға сәйкес ресімдейді және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.
Тармақ 6
6. Конкурсқа катысуға:
Тармақша 1
1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;
Тармақша 2
2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;
Тармақша 4
4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;
Тармақша 6
6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.
Тармақ 7
7. Ұйымдастырушылар:
Тармақша 1
1) барлық үміткерлер үшін тең шарттарды;
Тармақша 2
2) коммерциялық құпияны білдіретін ақпараттың құпиялылығын;
Тармақша 3
3) оларды ресми түрде жариялайтын күннен бұрын конкурстың нәтижелері туралы мәліметтердің жария етілмеуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. Конкурсты өткізу мерзімдері:
Тармақша 1
1) қаңтар – конкурстың басталуы туралы хабарлау;
Тармақша 2
2) жыл сайын 1 шілдеге дейін – жергілікті атқарушы органдардың өтінімдерді қабылдауы;
Тармақша 3
3) жыл сайын 1 қазанға дейін – жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі астана комиссиясының, облыстық комиссиялардың, республикалық маңызы бар қалалар комиссияларының алдын ала жасаған қорытындыларын, конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін бір данада Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберуі;
Тармақша 4
4) желтоқсан – қорытындылар шығару, жеңімпаздарды марапаттау.
Тармақ 9
9. Жергілікті атқарушы орган:
Тармақша 1
1) конкурсты өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 2
2) үміткерлердің өтінімдерін бағалау үшін құрамына астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың ұлттық кәсіпкерлер палатасының, кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктерінің өкілдері кіретін сараптамалық жұмыс тобын құрады;
Тармақша 3
3) конкурсты өткізу тәртібі туралы ұйымдарды хабардар етуді ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттайды.
Тармақ 10
10. Конкурсқа катысу үшін үміткерлер жергілікті атқарушы органдарға материалдарды екі данада жолдайды, оларда:
Тармақша 1
1) осы қағидаға қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім;
Тармақша 2
2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады; Үміткердің есебінде: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат;
Тармақша 3
3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.
Тармақ 11
11. Үміткердің мүмкіндіктері мен қызмет нәтижелерін сипаттайтын өлшемдерді конкурсты ұйымдастырушылар айқындайды.
Тармақ 11-1
11-1. Жергілікті атқарушы орган тиісті мемлекеттік органдардан конкурсқа қатысуға өтінімдерде үміткерлер көрсеткен мәліметтердің дәйектілігін растайтын ақпаратты сұратады және үміткерлерді осы қағиданың 6-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді. Үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкессіздіктер анықталған ретте конкурсқа қатысуға өтінімнің қабылданбағаны туралы жазбаша хабарлама жіберіледі.
Тармақ 11-2
11-2. Сараптамалық жұмыс топтары осы қағиданың 11-тармағында көрсетілген критерийлердің негізінде үміткерлердің өтінімдерін бағалауды жүргізеді және сараптамалық қорытындылар дайындайды.
Тармақ 11-3
11-3. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі астананың комиссиясы, облыстық комиссиялар және республикалық маңызы бар қалалардың комиссиялары сараптамалық жұмыс топтарының қорытындылары негізінде алдын ала қорытынды жасайды және конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын айқындайды. Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі астана комиссиясының, облыстық комиссиялардың және республикалық маңызы бар қалалар комиссияларының алдын ала қорытындыларын, үміткерлердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жібереді.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі астана комиссиясының, облыстық комиссиялардың және республикалық маңызы бар қалалардың комиссияларының алдын ала қорытындыларын қарағаннан кейін түпкілікті қорытынды жасап, оны үміткерлердің материалдарымен бірге Комиссияның қарауына ұсынады.
Тармақ 13
13. Комиссия ұсынылған материалдардың негізінде жеңімпаздарды анықтайды және мынадай номинациялар бойынша конкурстың лауреаттары атақтарын беру туралы шешім қабылдайды:
Тармақша 1
1) "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын". Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;
Тармақша 2
2) "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын". Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;
Тармақша 3
3) «Үздік ұжымдық шарт». Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;
Тармақша 4
4) «Экологияға қосқан үлесі үшін». Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады. Конкурста «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы бекітіледі. Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.
Тармақ 13-1
13-1. Гран-при - конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі. Гран-при «Ірі кәсіпкерлік субъектісі» және «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі» санаттарында беріледі.
Тармақ 14
14. Конкурс лауреаттарына тиісті диплом, эмблема және айрықшалық белгісі (мүсінше) беріледі.
Тармақ 15
15. Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі жыл сайын, салтанатты жағдайда өткізіледі.
Тармақ 16
16. Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсты өткізу туралы хабарландыруды, оның үміткерлерінің әлеуметтік мәселелерді шешудегі жетістіктерін, конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімдерін, сондай-ақ лауреаттардың тізімін жариялау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.
Тармақ 16-1
16-1. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары конкурстың өңірлік кезеңін өткізу процесін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді және конкурстың республикалық кезеңіне қатысуға ұсынылатын үміткерлердің тізімін жариялауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 16-2
16-2. Ұйымдастырушылар мен астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары конкурс жеңімпаздарының үлгісі бойынша әлеуметтік жауапкершіліктің үздік тәжірибесін таратуды ұйымдастырады.
Тармақ 17
17. Конкурс лауреаттары осы атақ берілгеннен кейін үш жыл бойы конкурс эмблемасын жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығын алады. Белгілі бір номинация бойынша конкурс лауреаты атағын алғаннан кейін екі жыл ішінде осы атақты алуға қайталап ұсынуға жол берілмейді.
Басқа 1. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсына қатысушының өтінімі
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығымен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізу қағидасына ҚОСЫМША Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсына қатысушының өтінімі Тіркеу нөмірі _______________________________________________________ 1. Заңды (жеке) тұлғаның атауы ________________________________________ ____________________________________________________________________ БСН/ЖСН ___________________________________________________________ Тіркелген жері бойынша мекенжайы_____________________________________ Орналасқан жері бойынша мекенжайы___________________________________ 2. Ұйымның басшысы _________________________________________________ (тегі, аты, бар болса, әкесінің аты) ЖСН (шетелдік азамат үшін паспорт нөмірі) ______________________________ 3. Байланыс телефондары (телефондары, электрондық пошта мекенжайы және факс нөмірі) _________________________________________________________ 4. Құжаттар мынадай номинацияға ұсынылады (астын сызыңыз): «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»; «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»; «Үздік ұжымдық шарт»; «Экологияға қосқан үлесі үшін». 5. Ірі, орта, шағын кәсіпкерлік субъектісі (астын сызыңыз) 6. Сала _____________________________________________________________ 7. Қызметкерлерінің саны _____________________________________________ 8. Заңды (жеке) тұлғаның қызметі туралы қысқаша сипаттама (немен айналысады)_________________________________________________________ 9. Заңды (жеке) тұлғаның алған наградалары _____________________________ 10. Өтінімге ___ парақта сауалнама және қосымшалар қоса берілген 11. Ұсынылған материалдар мен көрсеткіштер дұрыс Қолы Күні
Басқа 65. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ереже
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2008 жы­л­ғы 23 қаң­тар­да­ғы N 523 Жар­лы­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) орталық мемлекеттік органдардың, қызметкерлердің республикалық бірлестіктерінің және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің басшылары қатарынан құрылады. Комиссияның лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2-тарау. Комиссияның міндеттері мен құқықтары
2-тарау. Комиссияның міндеттері мен құқықтары
Тармақ 3
3. Комиссияның міндеттері:
Тармақша 1
1) бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаты атағына үміткерлердің (бұдан әрі - үміткерлер) материалдарын қарау;
Тармақша 2
2) үміткерлерді бағалауды жүргізу және іріктеу;
Тармақша 3
3) конкурстың жеңімпаздарын (бұдан әрі - конкурс лауреаттары) анықтау болып табылады.
Тармақ 4
4. Комиссияның:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға;
Тармақша 2
2) Комиссия міндеттерін іске асыруға қажетті қосымша материалдарды конкурсты ұйымдастырушылардан сұратуға және алуға құқығы;
Тармақша 3
3) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қажетті өзге де құқықтары бар.
Тарау 3. 3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Комиссия құрамына:
Тармақша 1
1) Комиссияның төрағасы;
Тармақша 2
2) Комиссия төрағасының орынбасары;
Тармақша 3
3) Комиссияның хатшысы;
Тармақша 4
4) Комиссияның мүшелері кіреді.
Тармақ 6
6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады. Конкурста көзделген эмблеманы, диплом мен айрықшалық белгісін (мүсінше) Комиссияның төрағасы бекітеді.
Тармақ 7
7. Комиссияның хатшысы жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды Комиссия мүшелерінің қарауына ұсынады.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Комиссияның жұмыс органына мынадай функциялар:
Тармақша 1
1) конкурстар өткізудің мерзімдері мен шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен конкурсты ұйымдастырушылардың веб-сайттары арқылы хабардар ету;
Тармақша 2
2) әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі астана комиссиясының, облыстық комиссиялардың және республикалық маңызы бар қалалардың комиссияларының алдын ала қорытындыларын қарау, түпкілікті қорытынды жасау, оны және үміткерлердің материалдарын Комиссияның қарауына ұсыну;
Тармақша 3
3) Комиссия отырыстарын дайындау және ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімін ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) конкурс лауреаттарының тәжірибесін таратуға жәрдемдесу жүктеледі.
Тармақ 9
9. Жұмыс органы конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі тиісті жылға арналған іс-шаралар жоспарын жыл сайын айқындайды және бекітеді.
Тармақ 10
10. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінд е бір рет өткізіледі. Комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде оның отырысы заңды деп есептеледі.
Тармақ 11
11. Лауреаттар атақтарын беру туралы шешімді Комиссия ашық дауыс беру арқылы қабылдайды және ол үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Шешім отырыс хаттамасымен ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды. Комиссияның шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Тармақ 12
12. Конкурс материалдарында қамтылған және бағалау барысында алынған ақпарат құпия болып табылады әрі оларды үміткерді бағалаудан басқа, өзге мақсаттарға оның жазбаша келісімінсіз пайдалануға болмайды.
Тармақ 13
13. Комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.
Басқа 97. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2008 жы­л­ғы 23 қаң­тар­да­ғы N 523 Жар­лы­ғы­мен БЕ­КІ­ТІ­Л­ГЕН Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамы Қазақстан Республикасының Президенті - төраға Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты - төрағаның орынбасары әлеуметтік қорғау министрі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты - Комиссия хатшысы әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Қазақстан Республикасы Құрылтайының бейіндік комитетінің төрағасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы (келісім бойынша) Қазақстан кәсіпкерлері форумының президенті (келісім бойынша) Қазақстанның тауар өндірушілері мен экспорттаушылары одағының президенті (келісім бойынша)