О мерах по усилению контроля за пребыванием иностранных граждан в Мангистауской области Күшін жойған
Басқа 0
Шетел азаматтарының Маңғыстау облысында болуына бақылауды күшейту жөніндегі шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды –
Маңғыстау облысы әкімінің 27.02.2008 № 1 шешімімен.
Облыс зкономикасына шетел инвестицияларының облысқа шетелдерден келуші түсуде. 1998 жыл ішінде облыстық ішкі істер
басқармасының паспорт және визалық жұмыс бөлімі 13133, соның, ішінде алыс шетелдер-- ден 30 22 және ТМД елдерінен келген 10111 шетел азаматтарын тіркеді.
“Қазақстан Pecпубликасында шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен “Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу тәртібі туралы" 1993 жылғы 10 наурыздағы N186 және "Қазақстан Республикасының 'Заңының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 1993 жылғы 30 маусымдағы N552 және Шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Pecпубликасынаң шетелге шығаруға лицензия беру мәселелері жөніндегі тәртіптерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N862 қаулыларына сәйкес шетел азаматтарының облыста болуына бақылауды күшейту мақсатында, ш е ш ім етемін:
Тармақ 1
1. Облыстық ішкі істер басқармасының келетін және кететін шетел азаматтары мен ТМД азаматтарын есепке алуды тіркеу үшін қосымша пункттер ҚҰРУ және бекітілген шығыстар сметасы шегінде қаржыландырылатын штат санын 16 бірлікке көбейту жөніндегі ұсынысына келісім берілсін.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық ішкі істер басқарма-
сы (Н. И. Приходько) облыстыҚ кеден басқармасымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету күші "Батыс" жедел басқармасымен .ІА.Г.Сәрсенбеков облыстық салық полициясымен (Б.К. Амиров) линиялық ішкі істер бөлімімен ( С.У.Қожиев), "Қазақстан темір жолы” РМК Атырау тасымалдау бөлімімен (Т.А.Амиров), Ақтау теңіз сауда портымен (Т.Б.Әбілғазин) , “Ақтау халықаралық әуежайы" АҚ-мен (В.С.Поляков ) бірлесіп;
Ақтау Xалықаралық әуежайында Ақтау теңіз сауда портында, Ақтау теңіз сауда портының Баутин филиалында, Маңғыстау темір жол вокзалында,Жаңаөзен қаласының “Теңге" және Бейнеу ауданының бақылау өткізу пункттерінде келетін және кететін шетелдіктер мен ТМД азаматтарын есепке алып тіркеу үшін пункттер ұйымдастырсын;
Ақтау Xалықаралық әуежайының Ақтау теңіз сауда портынын, Ақтау теңіз сауда порты Баутин филиалының, Маңғыстау темір жол вокзалының ғимараттарынан орын—жайлар белуге оларды жихаздармен» байланыс құралдарымен және компьютерлермен жарақтандыруға ыкпалды жәрдем көрсетсін.
Тармақ 3
3. Облыстық ішкі істер басқармасы (Н.И. Приходько):
Тармақша 1
1) шетелдіктердің облыс аумағына келуі кезінде мыналардың
қолда барын тексеруді жүзеге асырсын;
шетелдік не ұлттық, паспортын және онын, заңды күш мерзімім; егер халықаралық келісіммен өзгедей тәртіп белгіленбесе Қазақстан Респу6икасының келу визаларының, олардың заңды күш мерзімім;
Қазақстан Республикасына шақыру не тұрудың түрі туралы куәлігін (жеделхатын);
паспорттағы, визадағы, куәліктегі (жеделхаттағы) тіркеу туралы, осы елді мекенге не қозғалыс маршрутында болуға ішкі істер органдарының шақыруы мен рұқсатты жазбалары туралы мөртабандарын;
шетелдіктер, олардың болған орындары бойынша тіркелу тәртібін сақтауы бойынша жергілікті жерлерде мезгіл-мезгіл тексеруді жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) шетелдіктердің облыс аумағында болған не кеткен кезінде мыналарды тексерсін;
Олардың паспорттарындағы облыс аумағына келуін тіркеу туралы облыстық ІІБ паспорт және визалық жұмыс басқармасының мөртабанының болуын, ал ТМД елдерінің азаматтарының ішкі істер органдарында тіркелгені туралы мөр басылған талонының болуы;
Тармақша 3
3) адамдар тұратын секторда тіркеусіз тұрып жатқан шетелдіктер мен ТМД елдерінің азаматтарын, сондай-ақ шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуының белгіленген Тәртіптерін бұза отырып жеке ісі бойынша шетелдіктерді шақырған және олардың уақтылы тіркеліп қамтамасыз етпеген, шетелдіктерге тұрғын үй, көлік құралын берген не оларға өзгедей қызмет көрсеткен азаматтарды анықтау жөнінде жұмыс жүргізу.
Тармақ 4
4. Көлік жөніндегі ЛІІБ бастығына (C.У.Кожиев) мыналар ұсынылсын;
Ақтау қаласы ІІБ бірлесіп Ақтау халықаралық әуежайында және Маңғыстау темір жол вокзалында пункттер ұйымдастыру үшін қызметкерлердің қажетті санын бөлу туралы мәселесін қарау;
шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу Тәртібін анықталған барлық бұзушылықтары туралы оларға ықпал ету шараларын қолдану мен тәртіп бұзушыларды есепке алу үшін облыстық ІІБ- ның тиісті паспорт және визалық жұмыс бөлімшелеріне дереу хабарлау.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ж.Р.Аманқұловқа жүктелсін.