О переименовании села Казалы и Казалыского сельского округа города Аксу Қолданыста
Басқа 0
Ақсу қаласы Қазалы ауылын және Қазалы селолық округін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Заңының
6- бабы 1- тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"
Заңы
11- бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" № 281 қаулысына, Ақсу қалалық мәслихатының және Ақсу қаласы әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 5 ақпандағы № 229/32 бiрлескен шешiмiне, облыстық ономастика комиссиясының 2007 жылғы 12 наурыздағы қорытындысына, облыс әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 2 қарашадағы "Ақсу қаласының Қазалы ауылын және Қазалы селолық округін қайта атау туралы" № 261/8 қаулысына сәйкес, қазалы ауылы тұрғындарының пiкiрiн ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
және облыстық мәслихат
ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақсу қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Ақсу қаласының Қазалы ауылы мен Қазалы селолық округi Мәмәйiт Омаров атындағы селолық округi мен Мәмәйіт Омаров ауылы етiп қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету және ақпараттық саясат мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы шешiм ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы
Облыс әкiмі