О переименовании села "Степное" Алексеевского сельского округа Щербактинского района Павлодарской области Қолданыста
Басқа 0
Павлодар облысы Шарбақты ауданы Алексеевка селолық округінің Степное селосын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Заңының
6- бабы 1- тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"
Заңы
11 бабының 4)тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" № 281 қаулысына, Шарбақты ауданының мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 27 сәуiрдегi № 166/28 бiрлескен шешiмiне, облыстық ономастика комиссиясының 2007 жылғы 12 наурыздағы қорытындысына, облыс әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 28 қазандағы "Павлодар облысы Шарбақты ауданы Алексеевка селолық округінің "Степное" селосын қайта атау туралы" № 247/8 қаулысына сәйкес және тұрғындардың пiкiрлерiн ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
және облыстық мәслихат
ШЕШIМ ЕТЕДI
:
Тармақ 1
1. Шарбақты ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Шарбақты ауданының Алексеевка селолық округiнiң "Степное" селосы "Бөрiктал" ауылы болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы шешiм ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.