Об изменениях в административно-территориальном устройстве Качирского района Павлодарской области Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы Качиры ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6- бабы 1- тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11- бабының 4)тармақшасына, Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" № 281 қаулысына, Качиры ауданының мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 5/26, № 5/27 бiрлескен шешiмдерiне, облыстық ономастика комиссиясының 2007 жылғы 12 наурыздағы қорытындысына, облыс әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 28 қазандағы "Павлодар облысы Качиры ауданының, Качиры селолық округiнiң және Қашыр ауылының атауларын өзгерту туралы" № 246/8 қаулысына сәйкес және Качиры ауданы тұрғындарының пiкiрлерiн ескере отырып, Павлодар облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi комиссиясы Качиры ауданын Тереңкөл ауданы етiп қайта атау туралы мәселесiн қазақстан Республикасы үкiметiне жолдасын.
Тармақ 2
2. Качиры селолық округi Тереңкөл селолық округi, Қашыр ауылы Тереңкөл ауылы болып қайта аталсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешiм ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.