Об изменениях в административно-территориальном устройстве Баянаульского района Павлодарской области Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6- бабы 1- тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11 бабының 3)тармақшасына, Баянауыл ауданы әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 1 қарашадағы "Баянауыл ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы" № 181/11-а қаулысына, Баянауыл ауданы мәслихатының (IV сайланған III сессиясы) 2007 жылғы 2 қарашадағы "Баянауыл ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы" № 18/3 шешiмiне, облыс әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 7 желтоқсандағы "Баянауыл ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы" № 279/9 қаулысына сәйкес және Баянауыл селолық округi, Жаңажол селолық округi, Майқайын кентi тұрғындарының пiкiрлерiн ескере отырып, Павлодар облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Баянауыл ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: Баянауыл селолық округiнiң құрамында Шонай ауылы, Жаңажол селолық округiнiң құрамында қарашоқы ауылы, Майқайын селолық округiнiң құрамында үшқұлын ауылы құрылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы шешiм ресми жарияланғаннан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.