Об объявлении чрезвычайной ситуации Күшін жойған
Басқа 0
Төтенше жағдайды жариялау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 17 наурыздағы № 72 шешімімен.
Облыс қалалары мен аудандарында су құбыры желілері мен құрылыстарының қанағаттанғысыз жағдайына байланысты шешім қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Көкпекті ауданының Самар, Шемонаиха ауданының Камышин селоларындағы, Бородулиха ауданының Сарнағай-Дмитриевка топтық су айдынындағы, Зайсан қаласындағы, Катонқарағай ауданының Большенарым селосындағы, Абай ауданындағы, Өскемен қаласының Пионер су айдынындағы, Шемонаиха қаласындағы, Үржар селосындағы қалыптасқан жағдай төтенше жағдай деп саналсын.
Тармақ 2
2. Облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры /Браташ И.В./ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі № 163 және 1998 жылғы 9 желтоқсандағы № 306 заңдарының 24 бабының 2- тармақшасы негізінде бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүргізсін, жобалау- сметалық құжатты әзірлесін.