О наименовании и переименовании улиц города Шымкента Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шымкент қаласының көшелерін атау және қайта атау туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 - бабы 4 тармағына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ :
Тармақ 1
1. Әл-Фараби ауданының Бәйдібек би даңғылынан басталып Еңбекші ауданының Жібек жолы даңғылына дейін жалғасатын атауы жоқ көшеге Өзбекәлі Жәнібековтың есімі; Абай ауданы Достық шағынауданының атауы жоқ N 1 көшесіне Дидар; Абай ауданы Достық шағынауданының атауы жоқ N 2 көшесіне Жігер; Абай ауданы Достық шағынауданының атауы жоқ N 3 көшесіне Бастау; Абай ауданы Достық шағынауданының атауы жоқ N 4 көшесіне Ырысты; Абай ауданы Достық шағынауданының атауы жоқ N 5 көшесіне Ақпейіл; Абай ауданы Шұғыла шағынауданының N 14 көшесіне Алтын ғасыр; Абай ауданы Шұғыла шағынауданының N 16 көшесіне Нұржауған; Әл-Фараби ауданы Наурыз шағынауданының атауы жоқ көшесіне Озат; Әл-Фараби ауданы Наурыз шағынауданының атауы жоқ көшесіне Татулық; Әл-Фараби ауданы Наурыз шағынауданының атауы жоқ көшесіне Қайсар деген атаулар берілсін.
Тармақ 2
2. Әл-Фараби ауданының Дзержинский көшесіне Бекзат Саттархановтың есімі берілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.