Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Ережесі мен мөлшерін бекіту туралы
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 31 бабының 1-тармағының 14 тармақшасына және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Ережесі мен мөлшерін бекіту туралы от 13.12.2007 г. № 480 (Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Ережесі мен мөлшерін бекіту туралы)
1. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшері 9 айлық есептік көрсеткіш көлемінде болып бекітілсін.
3. Осы каулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.
Жаңақорған аудан әкімдігінің
2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 480
қаулысымен бекітілген қосымша
Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Ережесі
1. Жалпы ереже
1. Осы Ереже мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің (бүдан әрі-әлеуметтік көмек ) тағайындау және төлеу тәртібін белгілейді.
2. Осы мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Ережесінде (бүдан әрі-Ереже) мынадай үғымдар қолданылады:
мүгедек бала-тіршілік - тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау кажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден ағза функциялары түрақты бүзылып, денсаулығы бұзылған он сегіз жасқа толмаған түлға;
мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы - мүгедекті оңалтудан - өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін белгілейтін қүжат;
психологиялық - медициналық - педагогикалық консультациясының ПМПК ) қорытындысы - медициналық көрсеткіштер тізбесіне сәйкес мүгедек баланы үйде тәрбиелеу мен оқытуды белгілейтін күжат;
өтініш беруші - мүгедек баланың атынан әлеуметтік көмек тағайындауға -өтініш жасаушы түлға;
баланың заңды өкілдері - ата-анасы, бала асырап алушылар, корғаншысы, коршысы патронат тәрбиелеушісі, Қазақстан Республикасының заңдарына - сәйкес олардың орнында қамқорлык жасайтын, білім, тәрбие беретін, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын түлғалар.
3. Мүгедек балаларды жалпы немесе арнаулы мектепке дейінгі ұйымдарда және баска оку орындарында тәрбиелеу мен оқыту мүмкін болмаған жағдайда, оларды тәрбиелеу мен оқыту ата-анасының немесе заңды-өкілдерінің тілегі ескеріле отырып психологиялық -медициналық-"педагогикалық консультациясының қорытындысының негізінде үйде жүргізіледі.
4. Әлеуметтік көмек үйде тәрбиеленіп және оқытылатын 18 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар ата-анасының біреуіне, немесе оның орын ауыстыратын тұлғаға, немесе заңды өкіліне ( бүдан әрі-алушылар) беріледі.
5. Әлеуметтік көмек туылған , асырап алынған және камкорлыкқа (қорғаншылыққа) алынған мүгедек балаларға тағайындалып төленеді.
6. Әлеуметтік көмек мүгедек балаларға баска да әлеуметтік көмек түрлерін алатындығына және отбасының табысына қарамастан тағайындалады.
7. Әлеуметтік көмек толық мемлекет қамқорлығындағы мүгедек балаларға тағайындалмайды.
8. Талас тудыратын барлық мәселелер Казахстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қаралады.
2. Әлеуметтік кемекті алуға өтініш беру тәртібі
9. Ереженің 4-тармағында көрсетілетін тұлғалар тұрғылықты мекен-жайы бойынша әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган (бүдан әрі - уәкілетті орган) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) баланың тууы туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
3) медициналық-әлеуметтік сараптаманың (МӘС) мүгедектігі туралы берген анықтамасы (көшірмесі);
4) психологтық - медициналық - педагогикалық консультацияның (ПМПК) мүгедек баланы үйде оқыту қажеттігі туралы берген қорытындысы (түпнұскасы);
5) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы (көшірмесі).
10. Әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті күжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері үсынылады, салыстырылғаннан кейін түпнұскалары өтініш иесіне кайтарылып беріледі.
11. Әлеуметтік көмекті тағайындайтын және төлейтін уәкілетті органның жауапты тұлғасы құжаттарды түпнұсқаларымен салыстырады, тіркеу журналына ұсынылған кұжаттарын қоса өтініштерін тіркейді және өтініш иесіне қабылдау туралы белгісі бар үзбелі талонды береді.
3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
12. Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі өтініш тұрғылықты мекен-жайы бойынша уәкілетті органға тапсырылады.
13. Әлеуметтік көмек, көмек алуға құқық пайда болғаннан кейін, әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш берген айдан бастап тағайындалады. Құжаттарды қоса беріп отырып, өтініш берген ай өтініш жасалған ай деп саналады.
14. Уәкілетті орган құжаттар түскен күннен бастап 10 күн ішінде қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы көлемінде әлеуметтік көмекті тағайындау жөнінде шешім кабылдайды. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарткан жағдайда, уәкілетті орган бас тарту себебін көрсете отырып ,өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
15. Әлеуметтік көмек аудандық (қалалық ) психологтық-медициналық-педагогикалық консультациясының берген анықтамасында көрсетілгендей, құқық пайда болған бастап тоқсан сайын бір жылға тағайындалады және тоқсан сайын көрсетілген кезеңге төленеді.
16. Әлеуметтік көмек бірінші рет тағайындалған жағдайда, өтініш берілген күннен бастап төленеді.
17. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуді тоқтатуға немесе кайта жаңартуға әсер ететін (баланы асырап алу, оның өлімі және т.б.) жағдайларда, әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тиісті жағдайлар туындаған айдан кейнгі айдан бастап тоқтатылады немесе қайта жаңартылады.
4. Әлеуметтік кемекті төлеу тәртібі.
18. Әлеуметтік көмек бір тоқсанға төленеді.
19. Әлеуметтік көмек тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.
20. Әлеуметтік көмек, алушының жеке шотының деректері көрсетілген өтініші бойынша "Қазпошта" ашық акционерлік қоғамының аудандық, қалалық филиалдарының кұрылымдық бөлімшелері арқылы төленеді.
21. Әлеуметтік көмекті тағайындап және төлейтін уәкілетті орган "Қазпошта" ашық акционерлік қоғамының аудандық, қалалық филиалдарымен бірлесіп, төленген әлеуметтік көмектің салыстыру актісін жасап, есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 15-не дейін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне тапсырады.
22. Әдейі жалған мәліметтерді үсыну, әлеуметтік көмек төлеміне әсер ететін жағдайларды жасырып қалу нәтижесінде артық төленген әлеуметтік көмек алушыдан төмендегі жағдайларда ұсталады :
А) әлеуметтік көмекті тағайындап және төлейтін уәкілетті органның шешімі негізінде ;
Б) соттың шешімі, анықтамасы, қаулысы негізінде.
23. Әлеуметтік көмекті тағайындайтын және төлейтін уәкілетті органның кінәсы бойынша аударылмаған әлеуметтік көмектің сомасы өткен уақыт үшін ешқандай мерзіммен шектеусіз бірден аударылады.
24. Әлеуметтік көмекті төлеу бойынша есепті жүргізу және есеп беру тәртібі Казакстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес анықталады.