О мерах по списанию штрафов и пени Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Айыппұлдар мен айыпақыларды есептен шығару туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар, "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Жарлығының 179 бабының 2,3,7 тармақтарын орындау үшiн "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 30 мамырдағы N 138 Заңымен енгiзiлген толықтыруларға сәйкес Осы Заңның ережелерiн жүзеге асырудың тәртiбi туралы нұсқаулар жолдайды. 179 баптың 2 және 3 тармақтарына сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшiн мыналар есептен шығарылады:
Тармақ 1
1. Салық органдарының деректерi бойынша 1995 жылғы 9 тамызға дейiн оларға қалған, 1995 жылғы 1 шiлдеге дейiн жол берiлген салық заңдарының бұзылғаны үшiн есептелген айыппұлдар мен айыпақылар жөнiндегi борыштың сомалары. Есептен шығарылатын сомаларға, "Салық заңдарын бұзғаны үшiн көзделген санкцияларды (айыппұлдар мен айыпақыларды) өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 тамыздағы N 1109 қаулысына сәйкес, кейiннен прокуратураның нұсқамасы бойынша, қалпына келтiрiлген, салық төлеушiлердiң жеке есеп-шоттарында "Айыппұлдар мен айыпақылардың әкiмшiлiк сомалары" деген жеке жолмен көрсетiлген сомалар жатқызылады.
Тармақ 2
2. Экономиканы жаңарту қоры, кәсiпкерлiктi қолдау және бәсекелестiктi дамыту қоры жөнiндегi берешектердiң, қоғамдық қалалық көлiктi дамытуға арналған аударымдардың, сондай-ақ межеленген мөлшерге қоса, өзiндiк құнға негiзделетiн, еңбекке ақы төлеу шығыстарынан асқан және 1995 жылғы 1 шiлдеге дейiн қалыптасқан нормативтерге қоса, кәсiпорындардың қарамағында қалған кiрiстерден тұтыну үшiн жұмсалатын қаржылардан асқан сомадан түсетiн табысқа салынатын салықтың сомалары.
Тармақ 3
3. Экономиканы жаңарту қорына, кәсiпкерлiктi қолда және бәсекелестiктi дамыту қорына өтемдердi төлеу кезiнде салық заңдарын бұзғаны үшiн аударылған айыппұлдар мен айыпақылардың, қоғамдық қалалық көлiктi дамытуға арналған аударымдардың, сондай-ақ межеленген мөлшерге қоса, өзiндiк құнға негiзделетiн, еңбекке ақы төлеу шығыстарынан асқан және 1995 жылғы 1 шiлдеге дейiн қалыптасқан нормативтерге қоса, кәсiпорындардың қарамағында қалған кiрiстерден тұтыну үшiн жұмсалатын қаржылардан асқан сомадан түсетiн табысқа салынатын салықтың сомалары. Жоғарыда көрсетiлген қорлар бойынша берешектер есептен шығарылғаннан кейiн салық төлеушiнiң олар жөнiндегi жеке есеп-шоты 1995 жылғы 1 шiлдеден кейiн пайда болған борышы жоқ жағдайда жабылады. 179 баптың 7-тармағына сәйкес 1997 жылдың 1 сәуiрiнен бастап 1997 жылдың 1 сәуiрiндегi жағдай бойынша қалыптасқан салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi борыштарды төлеу және аудару 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн тоқтатылады. Борыштардың доғарылған негiзгi сомасын өтеумен қатар 1997 жылдың 1 сәуiрiндегi жағдай бойынша аударылған айыппұлдар мен айыпақыларды есептен шығару жүргiзiледi. Есептен шығару доғарылған борышты өтеудiң анықталған үлесi бойынша тиiстi есеп жүргiзiлгеннен кейiн шiлдеден бастап, әрбiр айдың 20-сындағы жағдай бойынша жүргiзiлетiн болады. Айыппұлдар мен айыпақылардың сомасын анықтау үшiн "Салықтық амнистияға сәйкес есептен шығарылатын айыппұлдар мен айыпақылардың мөлшерiн анықтау" кестелерiн (N 1 қосымша) толтыру қажет. 1998 жылдан бастап борыш жалпы белгiленген тәртiп бойынша, яғни мынадай: айыпақы, айыппұл, салықтың сомасы - ретiмен қайтарып алынады. Төлейтiн мерзiмi 1997 жылғы 1 сәуiрден кейiн басталатын ағымдағы және аванстық төлемдер жалпы белгiленген тәртiппен өтеледi. Борыш 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн толық өтелген жағдайда, салық органдары хаттаманың негiзiнде айыппұлдар мен айыпақылардың тиiстi сомасын есептен шығарады. Егер 1997 жылдың 1 қаңтарында негiзгi борыш бойынша берешек болмаған жағдайда, бiрақ айыппұл санкциялары мен айыпақылардың есептелген сомасы болса, онда бұл борыш (айыппұлдар мен айыпақылар бойынша) автоматты түрде есептен шығарылады. 1 сәуiрден кейiн төленген айыппұлдар мен айыпақылардың сомасы қайтадан төлеу ретiнде есептеледi. Қосымша айтармыз, сомаларды үйлестiрудi бөлiнбеген табыстың ұлғаюы есебiнен салық төлеушiлер жүргiзедi. Осы айтылғандардың негiзiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi облыстар мен Алматы қаласы бойынша салық басқармаларының бастықтарына мыналарды тапсырады:
Тармақша 1
1) Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы айыппұлдар мен айыпақылар жөнiндегi борыштардың, сондай-ақ өзгертiлген төлемдер жөнiндегi борыштардың сомаларын есептен шығарудың ережелерi туралы және оны жүргiзудiң тәртiбi туралы түсiндiру жұмысы жүргiзiлсiн, әрбiр мүдделi салық төлеушiге оның пайда болған құқықтары туралы жеткiзiлетiн болсын. Салықтық амнистияны жүргiзуге қатысты барлық заңдар мен нормативтiк құжаттардың баспасөзде жариялануы қамтамасыз етiлсiн;
Тармақша 2
2) әрбiр салық органында құрамында 4 адамы бар жұмыс комиссиясы құрылсын, оған жергiлiктi атқару органдарының келiсiмi бойынша, салықтық есептеу бөлiмшесiнiң басшысы - жергiлiктi әкiмшiлiктiң қызметкерi, қаржы органының келiсiмi бойынша - қаржы саласының қызметкерi кiруге тиiс;
Тармақша 3
3) 1997 жылдың 20 шiлдесiне дейiн жеке есеп-шоттар арқылы 1997 жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi жағдай бойынша салық төлеушiлердiң берешектерiне түгендеу жүргiзiлсiн және салықтар, айыппұлдар мен айыпақылар бойынша берешектердi жекелеп белгiленсiн, әрбiр салық төлеушi бойынша берешектердiң көрсетiлген сомасынан кесте жасалсын;
Тармақша 4
4) 179 баптың 2 және 3 тармақтарына сәйкес, есептен шығарылған айыппұлдар мен айыпақылардың, сондай-ақ көрсетiлген бюджеттен тыс қорлар жөнiндегi борыштардың сомалары туралы жинақталған есеп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiне N 2 және 3 қосымшалар үлгiсiнде әрбiр салық пен төлемге бөлiнген түрiнде берiлетiн болсын;
Тармақша 5
5) борыштарды есептен шығару хаттама арқылы жасалсын, онда салық төлеушi туралы және есептен шығару сәтiндегi борыштардың сомалары, айыппұлдар, айыпақылар мен өзгертiлген төлемдер және борыштың қалдықтары туралы барлық деректер көрсетiлетiн болсын;
Тармақша 6
6) бұл нұсқаулар төмендегi салық органдарына жеткiзiлсiн және олардың толық әрi дер кезiнде орындалуы қамтамасыз етiлсiн. Төрағаның орынбасары, салық қызметiнiң 2 дәрежелi Мемлекеттiк кеңесшiсi
Басқа 1. Салық амнистиясына сәйкес бөлiнетiн айыппұлдар мен айыпақылар мөлшерiн анықтау
N 1 қосымша Салық амнистиясына сәйкес бөлiнетiн айыппұлдар мен айыпақылар мөлшерiн анықтау ______________________             Толтырылған күнi ________________ (салық органының атауы) ___________________________ (салық төлеушiнiң атауы) ___________________________________________________________________ Салық |1.04.97 жылға       |Толтырылған  |Өтеу |Есептен шығарылуға түрi  |арналған қарыздардың|күнге дейiнгi|про. |жатады       |сомасы              |салықтың     |центi|       |____________________|өтелуi       |     |___________________       |салық|айыппұл|айып  |             |     |айыппұл. |айыпақы.       |     |       | ақы  |             |     | дардың  |лардың ___________________________________________________________________ ______|_____|_______|______|_____________|_____|_________|_________ ______|_____|_______|______|_____________|_____|_________|_________ ______|_____|_______|______|_____________|_____|_________|_________ ______|_____|_______|______|_____________|_____|_________|_________      Есептеу бөлiмiнiң инспекторы ________________      Инспектор __________________      Бөлiм бастығы ______________
Басқа 2. Салық амнистиясына сәйкес есептен шығарылған айыппұлдар мен айыпақылардың, сондай-ақ бюджеттен тыс мақсатты қорларға аударымдардың деректерi
N 2 қосымша Салық амнистиясына сәйкес есептен шығарылған айыппұлдар мен айыпақылардың, сондай-ақ бюджеттен тыс мақсатты қорларға аударымдардың деректерi __________________________ (салық органының атауы) __________________________ (салық төлеушiнiң атауы) ___________________________________________________________________ Салық түрi|Есептен шығаруға   |Есептен шығаруға  |1.07.97 ж.арналған           |жататын қаржылық   |жататын бюджеттен |есептен шығаруға           |санкциялардың      |тыс қорлар бойынша|жататын қорлар           |сомасы           |өтелмеген қарыз.  |бойынша қаржылық           |                   |дардың қалдықтары |санкциялардың           |                   |                  |қалдықтары           |___________________|                  |_________________           |Айыппұлдар|Айыпақы.|                  |Айыппұлдар|Айып.           |          |лар     |                  |          |ақылар __________|__________|________|__________________|__________|______ __________|__________|________|__________________|__________|______ __________|__________|________|__________________|__________|______ __________|__________|________|__________________|__________|______ Барлығы:  |__________|________|__________________|__________|______ 📌 Ескерту. Есептен шығаруға жататын айыппұлдар мен айыпақылардың сомалары "Айыппұлдар мен айыпақылардың амнистияланған сомалары" Бас прокуратураның нұсқамасымен оның қалпына келгенiне дейiн олар бойынша өтелген сомалардың шегерiм жолдары бойынша 1995 жылға арналған жеке есепшоттарда бейнеленген сомалар тәрiздi айқындалады. Есептеу инспекторы _______________________ Инспектор _____________________ Бөлiм бастығы__________________
Басқа 3. Айыппұлдар мен айыпақылардың амнистияланған сомалар бойынша, сондай-ақ есептен шығарылған бюджеттен тыс қорлар бойынша төлемдердiң жиынтық кестесi
N 3 қосымша Айыппұлдар мен айыпақылардың амнистияланған сомалар бойынша, сондай-ақ есептен шығарылған бюджеттен тыс қорлар бойынша төлемдердiң жиынтық кестесi _______________________ (салық органының атауы) ___________________________________________________________________ Салық|Кәсiпорындар|9.08.95 ж.арналған|Қорлар     |9.08.95ж.арналған түрi |дың саны    |есептен шығарылған|бойынша    |қорлар бойынша      |            |айыппұлдар мен    |шығарылған |есептен шығарылған      |            |айыпақылардың     |төлемдердiң|айыппұлдар мен      |            |сомасы            |сомасы     |айыпақылардың      |            |                  |           |сомасы ____________________________________________________________________ _____|____________|__________________|___________|__________________ _____|____________|__________________|___________|__________________ _____|____________|__________________|___________|__________________ Бар. |____________|__________________|___________|__________________ лығы |____________|__________________|___________|__________________      Есептеу бөлiмiнiң бастығы ______________________      Салық органының бастығы   ______________________