Айдарлы ауылдық округінде ауыл шаруашылығы жануарларынан сарып ауруының шығуына байланысты сарыпауру ошақтарын жоюға профилактикалық шаралар жүргізу үшін шектеу енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Айдарлы ауылдық округінде ауыл шаруашылығы жануарларынан сарып ауруының шығуына байланысты сарыпауру ошақтарын жоюға профилактикалық шаралар жүргізу үшін шектеу енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 және «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі №339-11 Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Айдарлы ауылдық округінде ауыл шаруашылығы жануарларынан сарып ауруының шығуына байланысты сарып ауру ошақтарын жоюға профилактикалық шаралар жүргізу үшін шектеу енгізілсін.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес ауру ошағын жою және сауықтыру кешенді шараларын атқару жөніндегі комиссия құрылсын.
Тармақ 3
3. Айдарлы ауылдық округінде ауыл шаруашылығы жануарлары сарып ауруынан сауықтыру бағытындагы іс-шаралардың орындалуын қадағалау комиссияға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Айдарлы ауылдық округінің әкімі аудандық аумақтық
басқармасымен (М.Наурызбаев, келісім бойынша) бірігіп ауыл шаруашылығы жануарлары мен мал өнімдерінің кіргізілуі мен шығарылуына, жануарлардың диагностикалық зерттеуден түгел өтуіне қатаң бақылау жасап отыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Сырдария аудандық мемлекеттік санитарлық-әпидемиологиялық қадағалау басқармасына (П.Өмірәлі, келісім бойынша) ауру малдар анықталған отбасы мүшелерінің түгел медициналық тексеруден өткізілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы (Б.Мұсағұлов, келісім бойынша) ауруды басқа елді мекендерге таратпау және ауру ошағын жою мақсатында мал дәрігерлік санитарлық шаралардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Осы каулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Маншариповке жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Аудандық аумақтық басқармасының
бастығы Марат Наурызбаев
«22» қараша 2007 жыл
«келісілді»
Аудандық санитарлық-әпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы
Перизат Өмірәлі
«22» қараша 2007 жыл
«келісілді»
Аудандық аумақтық имнспекциясының бас
мемлекеттік ветеринариялық инспекторы
Бекзат Мүсағұлов
«22» қараша 2007 жыл
«келісілді»
Басқа 9. Комиссия мүшелері:
2007 жылғы "22" карашадағы №522
аудан әкімінің қаулысына қосымша
Ауру ошағын жою және сауықтыру кешенді шараларын атқару жөніндегі комиссия құрамы
Батырбек Маншарипов
аудан әкімінің орынбасары, комиссия
төрағасы;
Марат Наурызбаев
аудандық аумақтық басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Бекзат Мұсағұлов
аудандық аумақтық имнспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы, комиссия хатшысы (келісім бойынша);
Комиссия мүшелері:
Перизат Өмірәлі
аудандық мемлекеттік санитарлық-
әпидемиологиялық қадағалау баскармасының бастығы (келісім бойынша);
Сәнуар Сарманов
Айдарлы ауылдық округінің әкімі;
Әділхан Сахтапов
Айдарлы ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы (келісім бойынша).