Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді үстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру туралы Ережесін бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді үстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру туралы Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңын және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 Заңының 97-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді үстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру туралы Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық Мәслихаттың 2006 жылғы 12 шілдедегі кезекті XXIII сессиясының № 213 «Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Ережесін бекіту туралы» (Әділет басқармасында 03.08.2006 ж. Мемлекеттік тіркеу №10-8-33 болып тіркелген) шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
З. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Басқа 4
Аудандық мәслихаттың 2007
жылғы 25 желтоқсандағы
№ 34 шешімен бекітілген
Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді үстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережесі.
1. Жалпы ережесі.
Тармақ 1
1. Осы ереже аз қамтамасыз етілген азаматтарға коммуналдық шығындарды тұрғын үй көмегімен өтелуін анықтап береді.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі-өтемақы тұрмысы халықтың аз қамтамасыз етілген отбасына, тұрғын үй коммуналдық қызметтерді тұтыну,тұрғын үйді жалға алу жөніндегі шығындардың орнын толтыру үшін берілетін өтем.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі облыс көлемінде тұрақты тұратын тұлғаларға,егер өтемақы шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының мөлшері және тұрғын үй коммуналдық қызметтерін тұтыну үшін ақы төлеу шығындары отбасының бюджетіндегі осы мақсаттарға жұмсалатын жол беруге шекті шығындар үлесінен асып кететін бірақ нақты пайдаланатын жалпы алаңнан және тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсету шығындар ақысын отбасының кіріс жиынтығының шекті мөлшерінің үлесі отбасының кіріс жиынтығының 15 пайызы көлемінде бекітіледі.
Тармақ 4
4. Өтемақы шаралары мен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының мөлшері тұрғын үй заңымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормасымен баламды.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегін алу құқығы.
2. Тұрғын үй көмегін алу құқығы.
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі қалалық , аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері арқылы беріледі.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі сол аумақта тұратын және тұрғын үй иесі немесе тұрғын үй пайдаланушы (жалға алушы ,жалданушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
Тармақ 3
3. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлері ,үйлері) бар немесе тұрғын жайды жалға немесе жалға алып беруші тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығын жоғалтады.
Отбасында күтуді қажет етеді деп танылған мүгедектерді күтуші немесе 1,5 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен , сол сияқты ең кіші баласы 3 жастан аспау керек және жұмыс істемейтін ,оқымайтын ,әскерде қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалары бар,отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқысы жоқ.
З. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері арқылы жергілікті бюджеттен осы мақсатқа берілетін қаржының есебінен аз қамтамасыз етілген азаматтарға беріледі. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй коммуналдық қызметтері үшін тиісті мекемелер берген анықтамалар бойынша есептеледі.
Тармақ 2
2. Айдың 25-ші жұлдызынан кейін арыз берген азаматтарға тұрғын көмегі келесі айдан бастап тағайындалады. Тұргын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу рәсімдердің алғашкы іс-жүргізу реттілігі бойынша жүргізіледі.
Отбасының тұргын үй - коммуналдық қызметтері үшін ақы төлеуге жұмсалатын шекті шығындар үлесі, отбасының жиынтық табыстары, сондай- ақ тұрғын үй - коммуналдық қызметтерінің нақты мөлшері өзгерген кезде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің қызметкерлері бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегі қайта есептеледі.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегін алушылар өз үйінің меншік нысанындағы, отбасы кұрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез келген өзгерістер туралы, сондай-ақ көмектің дұрыс есептелмеген жағдайлар туралы тұрғын үй көмегін кызметін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің қызметкерлерін 10 күн ішінде хабардар етуге тиіс.
Тұрғын көмегі қалалық, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік бөлімдеріне жалған мәліметтер әдейі бергені, оның әсеріне жоғары немесе заңсыз көмек тағайындалған болса, жалға алушы (меншік иесі) бір жыл бойы көмек алу құқығынан айрылады, ал тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алынған сомалар заңда белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
Көмектің мөлшері жалға алушының өтемақы шаралары қамтамасыз етілетін нормалар шегінде тұрғын үй коммуналдық қызметтерін тұтыну үшін нақты төлемі мен осы отбасынан бұл мақсаттарға жұмсайтын шығындарының жол беруге болатын шекті деңгейінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Тарау 4. 4. Тиісті құжаттардың тізбесі
4. Тиісті құжаттардың тізбесі
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегін тағайындауды сұраған жағдайда құжаттарды тапсыру қажет.
Тармақша 1
1) Тұрғын үй көмегін алу туралы арызы;
Тармақша 2
2) Отбасы құрамы жөнінде анықтама;
Тармақша 3
3) Отбасы барлық мүшелерінің кірісі туралы құжаттары (айлық табыс жөнінде анықтама, зейнетақы, жәрдемақы, нәпаха, салық органдарынан басқа табыстар жөніндегі немесе оның жоқтығын дәлелдейтін анықтама);
Тармақша 4
4) Жұмыссыз азаматтар өкілетті органдардан тіркелгендігі жөнінде жұмыссыздығы жөнінде анықтама, оның белсенді жұмыс іздеп жүргені жөнінде және тұрғын үй көмегіне үміткер бола алатындығы туралы аныктама.
Анықтама тұрғын үй көмегіне әрбір келгенде беріледі;
Тармақша 5
5) Арнайы құрылған комиссия (үй жануарларының саны, жер учаскесінің көлемі, бау-бақша, саяжай участогі) көлемі жылына бір рет анықталады.
Тармақша 6
6) Отбасы мүшесі қайтыс болған жағдайда, азаматтарды хал актілерін жазатын бөлімінен берілген қайтыс болғандығы туралы құжаттың көшірмесі.
Тарау 5. 5. Тұрғын үй көмегін тағайындалуы
5. Тұрғын үй көмегін тағайындалуы
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім тұрғын үйді жалға алушының өтінішінен және оған қоса берілетін отбасынан жиынтық табысы туралы кұжаттардың негізінде 10 күн ішінде қабылданады.
Тармақ 2
2. Ұсынылған құжаттардың негізінде, отбасына көмектің есептеп шығарудың мөлшері еңгізілген келісім- шарт жасалады. Шарт екі данадан жасалынып, оның біреуі тұрғын үй жалға алушыда сақталады.
Тармақ 3
3. Аталған келісім-шарт тұрғын үй көмегін беру үшін негіз болып табылады.
Тармақ 4
4. Шиеленісті даулы немесе калыптан тыс жағдайлар пайда болған жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау туралы мәселені шешу арнайы комиссияның қарауына енгізілуі мүмкін.
Тарау 6. 6. Жиынтық табыстарды есептеу тәсілдері
6. Жиынтық табыстарды есептеу тәсілдері
Отбасы құрамының орташа жиынтық табысы азаматтарды тіркеу кітапшасында отбасы мүшелерінің коммуналдық қызметтерге жұмсалған шығындар арасындағы айырмашылық есептеледі есептегенде: жұбайлар, олардың және ата-аналары, баска да туысқандары, еңбекке жарамды асырауындағы адамдар, жалға алушымен (меншік иесімен) бірге тұратын және бір рет есеппен коммуналдық қызметке төлейтіндер.
Заңдарға және басқа да нормативтік заң актілеріне байланысты тұрғын үй ауданы заңды сақталған отбасы құрамында есептелінбейді. Олар:
Тармақша 1
1) әскери қызметкерлер, қысқа мерзімге әскери қызметке шақырылғандар;
Тармақша 2
2) бас бостандығынан айырылған тұлғалар;
Тармақша 3
3) мемлекеттің қамсыздандыруындағы тұлғалар;
Отбасының жиынтық табыстарын есептегенде, Қазақстан Республикасы Президентінің «Салық және басқа бюджетке міндетті төлемдер туралы» жарлығына сәйкес салық салуға жататын кірістің барлық түрлері ескертіледі.
Бұдан басқа, отбасының жиынтық табысының құрамына келесі қосымша түрлері қосылады:
Тармақша 1
1) Зейнетақының барлық түрлері;
Тармақша 2
2) оқу орындарынан білім беру мекемелерінің студенттеріне берілетін шәкіртақы;
Тармақша 3
3) арнаулы жәрдемақылар;
Тармақша 4
4) атаулы әлеуметтік көмек;
Тармақша 5
5) акциядан және басқа да құнды қағаздардан түскен табыс;
6 ) Жеке шаруашылықтан түскен табыс (ең төменгі есептік көрсеткіш ауылдық жерде алты еселенген, қыстақ тұрғындарына бес еселенген мөлшерде), (үй жануарларынан, жер участогі көлемінен, бау-бақша, саяжай учаскесінен);
Тармақша 7
7) азаматтардың өз еркімен көрсеткен өзге де табыстары;
Тармақша 8
8) балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
Тармақша 9
9) бір жасқа толғанға дейін бала күтімі жөнінде берілетін жәрдемақы;
Отбасы жанынан алған нәпаханасы отбасы құрамынан жиынтық табысына кіреді, ал төлейтін нәпахасы табысқа есептелмейді.
Тарау 7. 7. Тұрғын үй комегін қаржыландыру жөнінде
7. Тұрғын үй комегін қаржыландыру жөнінде
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджеттің есебімен жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Түрғын үй коммуналдық қызметтер көрсетуге жұмсалатын есептік- нормативтік шығындарды анықтау баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі аумақтың атқарушы өкіметінің және басқа өкілетті оргагдардың бақылауымен жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Қалалық, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері әр ай сайын түрғын үй көмегінің соммасы туралы мәліметті қаржы бөлімдеріне үсынады.
Тармақ 4
4. Қаржы органдары берілген мәліметтердің негізінде қалалық, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдеріне жергілікті бюджетте қаралған қаржы есебінен қаражат бөледі.
Тармақ 5
5. Облыстық, қалалық, аудандық қаржы органдары бастапқы құжаттар тұрғын үй көмегін төлеуге жұмсалган бюджет қаражатына дұрыстығына тексеру жүргізеді.
Тармақ 6
6. Қүжаттарды дұрыс рәсімдеуі негізінде , тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындауға жол берген лауазымдық түлғалар заңдарда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.
Тарау 8. 8. Көрсетілетін түрғын үй көмегінің молшерін анықтау
8. Көрсетілетін түрғын үй көмегінің молшерін анықтау
Тармақ 1
1. Көрсетілетін тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау құқығы бюджет мүмкіндігіне қарай, жергілікті өкілетті органдарға беріледі.
Ауданда аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй үстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған түрғын үй көмегін есептеу жергілікті бюджеттің мүмкіншілігіне байланысты халыққа берілетін көмектерді шектеу мақсатында 2007 жылдың 1 қазанынан бастап аудан бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтамасыз етілген отбасыларына төмендегі пайдалану нормасына сәйкес тоқсан сайын жүргізіледі.
Бөлім 1. 1. Әлектр қуатын пайдалану нормалары:
1. Әлектр қуатын пайдалану нормалары:
Тармақша 1
1) З адамға дейін отбасы мүшелеріне - 75 кВт
Тармақша 2
2) 3 адамнан жоғары отбасы мүшелеріне - 150 кВт
Бөлім 2. 2. Газ пайдалану нормалары.
2. Газ пайдалану нормалары.
Тармақша 1
1) 3 адамға дейін отбасы мүшелеріне - 10 кг
Тармақша 2
2) 3 адамнан жоғары отбасы мүшелеріне - 20 кг
Бөлім 3. 3. Ауыз су пайдалану нормасы.
3. Ауыз су пайдалану нормасы.
Ауыз су пайдалану 1 айға 1 адамға тиісті уәкілетті органдардың берген тарифі бойынша.
Бөлім 4. 4. Отын пайдалану нормасы.
4. Отын пайдалану нормасы.
Қатты отын (көмір) пайдалану әр отбасына от жағатын қысқы мерзімде айына 1 тоннадан ( бағасы көмір жіберушінің анықтамасымен).
Отын жағу уақыты 1 қараша - 31 наурыз аралығы болып бекітілсін.