Қолданыстағы ред. 26.12.2007

Жетікөл және Іңкәрдария ауылдық округтерінде ауыл шаруашылығы жануарларынан сарып ауруының шығуына байланысты сарып ауру ошақтарын жоюға профилактикалық шаралар жүргізу үшін шектеу енгізу туралы от 26.12.2007 г. № 596 (Жетікөл және Іңкәрдария ауылдық округтерінде ауыл шаруашылығы жануарларынан сарып ауруының шығуына байланысты сарып ауру ошақтарын жоюға профилактикалық шаралар жүргізу үшін шектеу енгізу туралы)

0

Жетікөл және Іңкәрдария ауылдық округтерінде ауыл шаруашылығы жануарларынан сарып ауруының шығуына байланысты сарып ауру ошақтарын жоюға профилактикалық шаралар жүргізу үшін шектеу енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 және «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі №339-11 Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жетікөл және Іңкәрдария ауылдық округтерінде ауыл
шаруашылығы жануарларынан сарып ауруының шығуына байланысты сарып ауру ошақтарын жоюга профилактикалық шаралар жүргізу үшін шектеу енгізілсін.

2

2. Қосымшаға сәйкес ауру ошағын жою және сауықтыру кешенді шараларын атқару жөніндегі комиссия құрылсын.

3

3. Жетікөл және Іңкәрдария ауылдық округтерінде ауыл
шаруашылығы жануарлары сарып ауруынан сауықтыру бағытындағы іе- шаралардың орындалуын қадағалау комиссияға жүктелсін.

4

4. Жетікөл және Іңкәрдария ауылдық округтерінің әкімдері аудандық аумақтық инспекциясымен (М.Наурызбаев, келісім бойынша) бірігіп ауыл шаруашылығы жануарлары мен мал өнімдерінің кіргізілуі мен шығарылуына, жануарлардың диагностикалық зерттеуден түгел өтуіне қатаң бақылау жасап отыру ұсынылсын.

5

5. Сырдария аудандық мемлекеттік санитарлық-әпидемиологиялық қадағалау басқармасына (П.Өмірәлі, келісім бойынша) ауру малдар анықталған отбасы мүшелерінің түгел медициналық тексеруден өткізілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

6

6. Аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы (Б.Мүсағүлов, келісім бойынша) ауруды басқа елді мекендерге таратпау және ауру ошағын жою мақсатында мал дәрігерлік санитарлық шаралардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

7

7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Маншариповке жүктелсін.

8

8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«келісілді»
Аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
«26» желтоқсан 2007 жыл
Марат Наурызбаев
«келісілді»
Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы
«26» желтоқсан 2007 жыл
Перизат Өмірәлі
«келісілді»
Аудандық аумақтық имнспекциясының бас
мемлекеттік ветеринариялық инспекторы
«26» желтоқсан 2007 жыл
Бекзат Мұсағұлов

9. Комиссия мүшелері:

2007 жылғы "26" 12 №596
аудан әкімінің қаулысына қосымша
Ауру ошағын жою және сауықтыру кешенді шараларын атқару жөніндегі комиссия құрамы
Батырбек Маншарипов - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Марат Наурызбаев - аудандық аумақтық инспекциясының
бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Бекзат Мүсағұлов - аудандық аумақтық имнспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы, комиссия хатшысы (келісім бойынша);
Комиссия мүшелері:
Перизат Өмірәлі - аудандық мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы (келісім бойынша);
Райбеков Күмісбек - Іңкәрдария ауылдық округінің әкімі;
Қалжанова Рсалды - Жетікөл ауылдық округінің әкімі;
Жұмабеков Ерболат - Жетікөл ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы (келісім бойынша);
Құрманов Ертай - Іңкәрдария ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы (келісім бойынша).