Аудан бойынша сыртқы (көрнекті) жарнама обьектілерін елді мекендерде орналастырғаны үшін төленетін төлемақы мөлшерін бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан бойынша сыртқы (көрнекті) жарнама обьектілерін елді мекендерде орналастырғаны үшін төленетін төлемақы мөлшерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 491-бабының 2) тармақшасына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
Тармақ 1
1. Аудан бойынша сыртқы (көрнекті) жарнама обьектілерін елді мекендерде және жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде орналастырғаны үшін төленетін төлемақы мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Көлемі 6 (алты) шаршы метрден асқан жарнама обьектілері үшін төленетін төлемақы жарнаманың көлемі ұлғайуына байланысты үлесімге катысты көбейтіледі.
Тармақ 3
3. «Аудан бойынша сыртқы (көрнекті) жарнама обьектілерін елді мекендерде орналастырғаны үшін төленетін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 22 желтоқсандағы №31-3 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10-6-56 санымен тіркелген, «Жалағаш жаршысы» газетінің 2007 жылғы 10 каңтардағы №2 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі
Басқа 5
2007 жылғы « 19 » желтоқсандағы № 4- 7 аудандық мәслихаттың шешіміне қосымша Аудан бойынша сыртқы (көрнекті) жарнама обьектілерін елді мекендерде және жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде орналастырғаны үшін төленетін төлемақы мөлшері Орналастыру орны Жарнама көлемі (шаршы метр) Төлем мөлшері ( айлық есептік көрсеткіш ) 1) Аудан орталығында 6 1 АЕК 2) Елді мекендерде 6 0,5 АЕК