Аудан бонынша жер салығының белгіленген базалық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6- бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 332-бабына, 338- бабының 1-тармағына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
Аудан бойынша жер салығының белгіленген базалық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы от 19.12.2007 г. № 4-9 (Аудан бойынша жер салығының белгіленген базалық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы)
0
1
1. Аудан бойынша елді мекендердің (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) жерлеріне салынатын базалық салық ставкаларының мөлшері 5 пайызға көбейтілсін.
2
2. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 22 желтоксандағы «Аудан бойынша жер салығының белгіленген базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы» №31-5 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10-6-58 санымен тіркелген, «Жалағаш жаршысы» газетінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы №3-4 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3
3. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.