Об утверждении Правил оказания социальной помощи на погребение умерших отдельным категориям Қолданыста
Басқа 0
Қайтыс болған азаматтардың жекелеген тобын жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақсан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 53 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес нан және негізгі азық-түлік тағамдарының бағасының өсуіне байланысты азаматтардың жеке топтарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Щучье аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қайтыс болған азаматтардың жекелеген тобын жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету (ұсынылған) Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Щучье аудандық мәслихатының 2005 жылғы 4 наурыздағы № С-14/4 «Азаматтардың қайтыс болған жекелеген тобын жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» (тіркеу № 3064, 11 наурыз 2005 жыл) 2005 жылғы 7 сәуірдегі № 19 «Бурабай», 2005 жылғы 18 сәуірдегі № 31 «Луч» аудандык газеттерінде жарияланған, 2005 жылғы 4 наурыздағы № С-15/5 «Щучье аудандық мәслихатының 2005 жылғы 4 наурыздағы № С-14/4 «Азаматтардың қайтыс болған жекелеген тобын жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (тіркеу № 1-19-9, 27 сәуір 2005 жыл) 2005 жылғы 12 мамырдағы № 19 «Бурабай», 2005 жылғы 20 маусымдағы № 49 «Луч» аудандық газеттерінде жарияланған шешімдерінің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 3
3. «Щучье аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне есептеу жұмыстарын жүргізіп, қайтыс болған азаматтарды жерлеуге көмек тағайындалған азаматтардың тізімін жасап, өлгені жайлы деректер бойынша қаржы бөлінуі үшін «Щучье аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өтінім тапсыру ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім Ақмола облысы Щучье аудандық әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Щучье аудандық мәслихатының
2007 жылғы 13 желтоқсандағы
№ С-4/10 шешімімен
Бекітілді
Қайтыс болған азаматтардың жекелеген тобын жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Осы ережелер қайтыс болған азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету тәртібін 007-000 «Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша жекелеген мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламасы бойынша белгіленеді.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасы бюджеттік кодексінің» 53 бабының 1 тармағының 4 тармақшасы осы Ережелерді қабылдауға құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Қайтыс болған азаматтардың жекелеген тобын жерлеуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) төмендегідей азаматтарға тағайындалады:
қайтыс болған жұмыс істеген азаматтарға;
қайтыс болған балаға;
қайтыс болған жұмыссыз азаматтарға:
Тармақша 1
1) қайтыс болған адам сол күнге дейін еңбекпен қамтамасыз ету органында тіркеуде болса;
Тармақша 2
2) онкологиялық ауруына байланысты жұмыс істемеген, онколог дәрігердің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарға;
Тармақша 3
3) туберкулез ауруына байланысты жұмыс істемеген, дәрігердің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарға;
Тармақша 4
4) 18 жастан асқан, оқу орындарында күндізгі бөлімінде оқыған, оқушылар мен студенттерге;
Тармақша 5
5) бірінші, екінші топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, үш жасқа дейінгі баланың күтімімен айналысатын жұмыссыз азаматтарға.
Тарау 2. 2. ҚАЙТЫС БОЛҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТОБЫН ЖЕРЛЕУГЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ
2. ҚАЙТЫС БОЛҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТОБЫН ЖЕРЛЕУГЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ
Тармақ 4
4. Қайтыс болған азаматтардың жекелеген тобын жерлеуге әлеуметтік көмек өтінішіне келесі құжаттарды қосып өтініш берген тұлғаға тағайындалады:
Тармақша 1
1) қайтыс болғаны туралы анықтама (сақтандыру кассасына ұсынылатын);
қайтыс болғаны туралы куәлік;
еңбек қатынастарын растайтын құжаттар (еңбек кітапшасы, еңбек келісім шарты, патент);
жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органның анықтамасы;
дәрігерлік-консультациалық комиссиясының анықтамасы;
оқу орындарынан анықтама;
арыз берушінің жеке куәлігі;
Тармақша 8
8) тұрғындарды тіркеу кітабының көшірмесі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар түпнұсқада және көшірмеде салыстыруға беріледі. Салыстырылғаннан кейін түпнүсқа иесіне қайтарылады.
Тармақ 6
6. Құжаттар болмаған кезде әлеуметтік көмек тағайындалмайды.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыру үшін құжаттар оларды тапсырған күннен бастап 10 күн ішінде қаралады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек тағайындалмаған жағдайда ол жөнінде «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шешімі арыз иесіне жазбаша хабарлануы керек.
Тармақ 9
9. Арыз беруші өтінішінде және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің нақтылығына заңнамаға сәйкес жауап береді.
Тармақ 10
10. «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шешімі сот тәртібімен шағымданылуы мүмкін.
Тарау 3. 3. ҚАЙТЫС БОЛҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТОБЫН ЖЕРЛЕУГЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ МӨЛШЕРІ ЖӘНЕ ТӨЛЕНУІ
3. ҚАЙТЫС БОЛҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТОБЫН ЖЕРЛЕУГЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ МӨЛШЕРІ ЖӘНЕ ТӨЛЕНУІ
Тармақ 11
11. Қайтыс болған азаматтарға әлеуметтік көмек осы жылға арналған «Республикалық Бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген он айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде беріледі.
Тармақ 12
12. Қайтыс болған азаматтарға әлеуметтік көмек, оның қайтқан күнінен алты айдан кешіктірілмей арыз берілген жағдайда төленеді.
Тармақ 13
13. Қайтыс болған азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың жеке есеп шотына аудару жолымен жүргізіледі.