Об оказании социальной материальной помощи в связи с повышением цен на хлеб и основные продукты питания малообеспеченным гражданам, чей среднедушевой доход ниже черты бедности Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нан және негізгі азық-түлік тағамдарының бағасының өсуіне байланысты жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік материалдық көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақсан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 53 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес нан және негізгі азық-түлік тағамдарының бағасының өсуіне байланысты жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік материалдық көмек көрсету мақсатында Щучье аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Нан және негізгі азық-түлік тағамдарының бағасының өсуіне байланысты жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен аз қамтамасыз етілген азаматтарға 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын әлеуметтік материалдық көмек (бұдан әрі - әлеуметтік материалдық көмек) көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік материалдық көмек көрсету туралы шешім «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен 10 күн мерзім ішінде өтініш негізінде қабылданады.
Тармақ 3
3. Селолық (кент) әкімдеріне әлеуметтік материалдық көмек көрсетуге өтініштерді қабылдап, оларды одан әрі «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсыруды ұйымдастыру ұсынылады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік материалдық көмек өтініш берген күнге байланыссыз тоқсанға көрсетіледі және 007-000 «Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша жекелеген мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландырған уақытта төленеді.
Тармақ 5
5. «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне әлеуметтік материалдық көмек көрсету үшін аудан бюджетінен бөлінген қаржыны екінші деңгейдегі банктер арқылы көмек алушылардың жеке есеп шотына аудару жолымен уақытында игеруді қамтамасыз ету шараларын қолдану ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 6
6. «Щучье ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне аудан бюджетінен бөлінген қаржыны игеруді қамтамасыз ету шараларын қолдану ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім Ақмола облысы Щучье аудандық әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.