Об оказании социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организации здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын алуға кеткен шығынға әлеуметтік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабы 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы білім туралы» Заңының 53 бабы 2 тармағының 2 тармақшасына сәйкес ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын алуға кеткен шығынға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Щучье аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын алуға (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) жылына бір рет бір маманға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде отын алу үшін әлеуметтік көмек көрсетілсін.
Тармақ 2
2. «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен, келесі құжаттар негізінде, 10 күндік мерзімде әлеуметтік көмек тағайындалғаны жөніндегі шешім қабылданады:
Тармақша 1
1) жеке куәлігі (көшірмесі);
Тармақша 2
2) жұмыс орнынан анықтама;
Тармақша 3
3) тұратын мекен-жайын растайтын құжат.
Тармақ 3
3. Құжаттар 1 мамырдан 1 қазан айына дейін қабылданады. Ауылдық жерге жаңадан көшіп келгендер келген уақыттан бір айдың ішінде тапсыруға тиісті.
Тармақ 4
4. «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне әлеуметтік көмек көрсету үшін аудан бюджетінен бөлінген қаржыны екінші деңгейдегі банктер арқылы алуға құқығы бар тұлғалардың жеке есеп шотына аудару жолымен уақытында игеруді қамтамасыз ету шараларын қолдану ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 5
5. «Щучье ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне аудан бюджетінен бөлінген қаржыны игеру қамтамасыз ету шараларын қолдану ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім Ақмола облысы Щучье аудандық әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі.