Об утверждении стандарта оказания государственных услуг государственным учреждением «Отдел финансов акимата города Экибастуза» Қолданыста
Басқа 0
«Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдагы «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің тізілімін бекіту туралы» № 561 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылгы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің Үлгілік стандартын бекіту туралы» № 558 Қаулысының 2-тармагына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуді айқындау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарты қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.В. Дычкоға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.