Об утверждении стандартов оказания государственных услуг государственным учреждением «Отдел образования акимата города Экибастуза» Қолданыста
Басқа 0
«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Жеке және заңды түлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің тізілімін бекіту туралы» № 561 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің Үлгілік стандартын бекіту туралы» № 558 Қаулысының 2-тармағына сәйкес және мемлекеттік қызмет көрсетуді айқындау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттары 1,2,3,4,5,6,7,8,9 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.А. Қүрмановаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.