О мерах по организации приписки граждан к призывному участку управления по делам обороны города Актау Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтау қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне тіркеуге алуды ұйымдастыру жөнінде шаралар туралы Қазақстан Республикасы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Ақтау қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне тіркеу жылында 17 жасқа толатын 1991 жылы туылған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген Ақтау қаласының аумағында тұрғылықты немесе уақытша тұрып жатырған ересек жастағы азаматтарды тіркеуді өткізсін.
Тармақ 2
2. Меншік нысандарына қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындары басшыларына ұсынылсын:
Тармақша 1
1) тіркелуге жататын азаматтарды қаланың шақыру учаскесіне шақыру жөнінде құлақтандыруын және шақыру бойынша уақытында келуін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) тіркелуге дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты, қажетті уақытқа, жасөспірімдерді міндеттерін орындау үшін, жұмыс (оқу) орындарындағы жалақыларын (стипендияларын) сақтай отырып, жұмыстан (оқудан) босату.
Тармақ 3
3. Осы шешім жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.Т.Жүсекееваға жүктелсін.