Об утверждении правил приема в колледжи МВД Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің колледждеріне қабылдау ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің колледждеріне қабылдау ережелері қосымшаға сай бекітілсін.
Тармақ 2
2. ІІББ, ІІБ, КІІБ бастықтары осы ережелерді жеке құрамға оқытуды ұйымдастырсын және оқуға талапкерлермен таныстырсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі колледждерінің басшылары қабылдау емтиханын ұйымдастыру және талапкерлерді оқуға қабылдауда осы Ережелердің талаптарын қатаң сақтасын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 1998 жылғы 7 мамырдағы N 140 бұйрығының 1-ші тармағының, 1.2-ші тармақшасының күші жойылды деп саналсын.
Басқа 5. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң
колледждерiне қабылдау ережелерi
Қазақстан Республикасы
Ішкіісминінің 22 мамырдағы
N 265 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң
колледждерiне қабылдау ережелерi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ішкiiсминiнiң колледждерiне орта немесе арнайы орта бiлiмi бар, iшкi iстер органдары қызметкерлерiне қойылатын талаптарға жауап беретiн, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң колледждерiне оқуға түсушiлер қабылдау емтихандарын қазақ және орыс тiлдерiнде тапсыра алады.
Тармақ 3
3. Қабылдау емтихандары (тесттiк сынақ) жалпы орта мектептiң жоғары сатыларының оқу бағдарламасы көлемiнде үш пәннен жүргiзiледi. Соның iшiнде қазақ немесе орыс тiлi және Қазақстан тарихы пәндерi болуы мiндеттi. Қазақстан Республикасы Ішкiiсминiнiң колледждерiне түсушiлер, қабылдау емтиханының алдында, Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 1999 жылғы 24 маусымдағы N 774 "Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттiк тесттерi туралы" қаулысымен бекiтiлген нормативтерге сәйкес дене шынықтыру дайындығынан сынақ тапсырады.
Дене шынықтыру дайындығынан сынақ тапсыра алмағандар тесттiк сынаққа жiберiлмейдi.
Тармақ 4
4. Тесттiк сынақ мына пәндер бойынша жүргiзiледi:
N 0202 "Құқыққорғау қызметi", N 0216 "Құқықтану" мамандығы бойынша:
- жалпы тарих;
- Қазақстан тарихы;
- қазақ және орыс тiлi.
Оқу орындарының қабылдау комиссиясы қызметтен қол үзбей оқудың түсу емтихандарының тiзiмi мен өткiзу түрiн белгiлейдi.
Тармақ 5
5. Әрбiр пәннен тест сұрақтарының саны 20-25 шегiнде, ал үш пәннен жалпы саны 75 болуы керек. Дұрыс жауап бiр ұпаймен бағаланады. Кешендi тестiлеу пәндерiнен алған талапкердiң жауабының жалпы ұпай саны 30 пайыз немесе одан аз болса "екiге" бағаланады.
Кешендi тестiлеуге астрономиялық екi сағат берiледi.
Тармақ 6
6. Қабылдау емтихандарының мерзiмi күндiзгi оқу факультеттерiне тамыздың 1-нен 10 дейiнгi кезеңде, сырттай оқу факультеттерiне 3-нен 10 дейiнгi кезеңде жүргiзiледi.
Тармақ 7
7. Белгiленген үлгіде оқу орындарына қабылдаудың қорытындысы бойынша статистикалық есеп ІІМ Кадр және тәрбие жұмысы департаментiнiң Оқу орындары басқармасына күндізгi оқу бойынша тамыздың 20-дейiн, сырттай оқыту бойынша қыркүйектiң 25-дейiн жiберiледi.
Тармақ 8
8. Оқуға қабылдау мамандықтар және оқу тiлдерi бойынша бөлек, ІІМ, ІІББ, ІІБ, КІІБ бөлген қабылдау орындарын ескере отырып, қабылдау емтихандарының нәтижелерiн ескере отырып конкурстық негiзде жүргiзiледi.
Тармақ 9
9. Емтихансыз:
- ерекше үлгідегi "Алтын белгi" аттестатының иегерлерi;
- республикалық пән олимпиадалардың сол ағымдағы жылдың жеңiмпаздары - I, II, ІII дәрежелi дипломдарымен қабылдау емтиханының негiзгi пәнiнен марапатталғандар қабылданады.
Олимпиаданың пәнi таңдаған мамандықтың негiзгi пәнiне сәйкес келмеген жағдайда қабылдау емтиханына енетiн сол пәннен талапкерге ең жоғары ұпай саны қойылады, ал басқа пәндерден босатылмайды және жалпыға бiрдей негiзде қабылданады.
Тармақ 10
10. Жалпы конкурс бойынша, қабылдау емтихандарынан алған ұпайларының көрсеткiштерi бойынша барлық басқа талапкерлер оқуға қабылданады. Ұпайларының көрсеткiштерi бiрдей болған жағдайда оқуға қабылдауға басымдылық құқыққа ие:
- жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;
- қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде қаза тапқан немесе мүгедек болған iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң балалары;
- iшкi iстер органдары қызметкерлерi, iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi;
- жалпы бiлiм беретiн орта мектептi үздiк аттестат пен арнайы орта оқу орындарын үздiк дипломмен бiтiргендер;
- ауыл тұрғындары.
Осы ережелерге сәйкес оқуға қабылдануға жеңілдiк құқығы бар талапкерлер тиiстi құжаттарын тапсыруға мiндеттi.
Тармақ 11
11. Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етiлмейдi.
Тармақ 12
12. Дұрыс жауаптардың кодтары кешендi тест өткiзiлгеннен кейiн iлiнуi тиiс. Кешендi тест өткiзiлгеннен кейiн бiр тәулiк iшiнде талапкерлердiң назарына тест нәтижелерi берiледi.
Тармақ 13
13. Қабылдау емтихандарының аппеляциясы тест нәтижелерiн жариялағаннан кейiн бiр тәулiк iшiнде берiлуi қажет. Алынған баға қабылдау комиссиясының дәлелдi шешiмiмен ғана өзгертiледi.
Тармақ 14
14. Колледждерге қабылдау мамандықтар және оқу тiлдерi бойынша бөлек жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының ашық жиналысында өтедi.
Тармақ 15
15. Қабылдау ережелерi, және де қабылдау комиссиясының оқуға қабылдауды ұйымдастыру және өткiзу, емтихандардың кестесi, қабылдау мерзiмi туралы мәлiметтер талапкерлер назарына уақытында берiлуi қажет.
Тармақ 16
16. Қабылдау комиссиясының оқуға қабылдау туралы шешiмi колледж бастығының бұйрығымен ресiмделедi. Қызметтен қол үзiп оқуға қабылданған адамдарды iссапарға жiберуге және сырттай оқуға түскен адамдарды демалыс, басқа да жеңiлдiктер беруге бұйрықтың көшiрмесi негiз болып табылады.
Тармақ 17
17. Конкурстан өтпеген талапкерлер iшкi iстер органдарына, iшкi әскерлердiң әскери бөлiмдерiнiң қарамағына жiберiлiп, қабылданбаған себебi көрсетiлген жеке iстерi қайтарылады.
Тармақ 18
18. Оқу орындарында сабақтар колледждер оқу жоспарында және оқу процесiнiң кестесiнде белгiленген мерзiмдерде басталады. Сабаққа себепсiз 10 күн қатыспаған тыңдаушылар оқудан шығарылады.
Оқудан шығарылғандардың орнына қабылдау комиссиясы сабақ басталған күннен бастап 1 айдың iшiнде конкурстан өтпеген адамдарды қабылдай алады.
Тармақ 19
19. Осы қабылдау ережелерiнде кесiмделмеген мәселелердi Қазақстан Республикасы Ішкiiсминiнiң колледждерiнiң қабылдау комиссиялары шешедi.
Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрлiгi
Кадр және тәрбие жұмысы
Департаментiнiң
Оқу орындары басқармасы