О наименовании улиц города Жезказгана Қолданыста
Басқа 0
Жезқазған қаласының көшелерін атау туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабы 4 тармағына және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жезқазған калалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2 шағын ауданның атауы жоқ көшесіне Бауыржан Момышұлы есімі;
7 шағын ауданының атауы жоқ көшесіне Тілеулі батыр есімі;
7 шағын ауданының атауы жоқ көшесіне Ер Шоштан есімі;
7 шағын ауданының атауы жоқ көшесіне Кетбұғы би есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.