Об утверждении порядка установления организациям минимального количества рабочих мест (квоты) для приема на работу лиц, нуждающихся в социальной защите. Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік қорғуға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға ең аз жұмыс орнындарына (квота) белілеудің тәртібін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімінің 04.05.2004 № 41 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ылғы 5 маусымдағы № 855 Әлеуметтік қорғуға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға ең аз жұмыс орнындарына (квота) белілеу меселелері” туралы қаулысын жүзеге асыру, әлеметтік қорғауға аса мұқтаж адамдарды жұмыспен қамтуға және оларды жұмысқа қабылдауға жәрдем мақсатында шешім етемін:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға ең aз жұмыс орындарын (квота) тертібі бекітілсін (жалғанды).
Тармақ 2
2. Қалалық және аудандық әкімдер әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, меншіктік нысанына қарамастан, ұйымдарда ең, aз жұмыс орындарының санын (квота) және оны енгізу мерзімін жыл сайын белгілеп отырсын.
Тармақ 3
3. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (А. Баужанова) әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ең аз жұмыс орындарының санын (квота) жыл сайынғы жұмыспен қамтудың облыстық бағдарламасына енгізіп отырсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалысын бақылау облыс әкімінің біріншІ орынбасары Ж. Р. Аманқұловқа жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімінің 1999 жылғы 26 шілдедегі № 190 шешімімен бекітілген Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға ең аз жұмыс орындарын (квота) белгілеудің тәртібі
Тармақ 1
1. Қалалық, аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж тұрғындар жігінің мүддесін есепке ала отырып, жұмысшы күшіне деген сұранысты болжау және талдау негізінде, меншік нысанына қарамастан, ұйымдардағы ең, аз жұмыс орындары (квота) жөніндегі нақты ұсыныстарын қалалық, аудандық әкімдерге тапсырады.
Тармақ 2
2. Қалалық, аудандық әкімдер қалалық,аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері ұсынған ұсыныстардың негізінде жыл сайын шешімдерімен ұйымдарға әлеуметтік аса мұқтаж адамдарды қабылдау үшін жұмыс орындарына квота және енгізу мерзімін белгілейді. Квоталарды белгілеу кезінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж адардың жасы және жыныстық құрамы, мамандығы мен біліктілік деңгейі, сондаи-ақ ұйымдардағы қызмет түрі, режимі, сипаты мөн әлеуметтік-тұрмыстық еңбек жағдайы ескеріледі.
Тармақ 3
3. Қалалық, аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері қабылдаған шешім туралы жұмыс берушілерді квотаны енгізуден бір ай бұрын хабардар етеді.
Тармақ 4
4. Квота ұйымда жұмыс істейтін адамдар санының 5%-ікен аспайтын мөлшерде белгіленеді.
Тармақ 5
5. Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес азаматтардың Қазақстан Республикасының "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы " Заңындағы 5 тармағында көрсетілген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін қажетті жұмыс орындарын құрады немесе бөледі.
Тармақ 6
6. Квота бойынша жұмыс орындарына еңбекке орналастыру қалалық, аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту жене әлеу- меттік қорғау бөлімдерінің жолдамасы бойынша жұргізіледі.
Тармақ 7
7. Жұмыс берушілер қалалық, аудандық еңбек, халықты жұмыспен қату және әлеуметтік қорғау бөлімдері жіберген азаматтарды әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж адамдарға арналған квотаға cәйкес жұмысқа қабылдауға міндетті.
Тармақ 8
8. Белгіленген квоталардың шеңберінде құрылған немесе бөлінген, босаған жұмыс орындары туралы ақпаратты жұмыс берушілер ұйымдарда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес, олар пайда болған күннен бастап үш күн мерзім ішінде қалалық, аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдеріне ұсынуға міндетті.
Тармақ 9
9. Жұмыс берушілер тоқсан сайын қалалық,аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдеріне квотаның есебіне белінген жұмыс орындарының толығуы жөнінде ақпарат ұсынады.
Тармақ 10
10. Қала, аудан әкімдерінің жұмыс орындарын квоталау туралы шешімін орындамаған немесе әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарды жұмысқа орналастырудан жалтарған жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.
Тармақ 11
11. Квотаның есебінен бөлінген жұмыс орындарының толығуын бақылауды қалалық, аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері жүзеге асырады.