Об оказании материального обеспечения детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому в Щучинском районе Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Щучье ауданында үйде оқытылып тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 53 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11 бабының 2 тармағының 3 тармақшасына сәйкес, үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Щучье ауданында үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Келесілер белгіленсін:
Тармақша 1
1) материалдық қамтамасыз ету туылған, асырап алынған, сондай-ақ қамқоршылыққа алынған (толық мемлекеттік қамсыздандырудағы мүгедек балалардан басқа) балалардың ата-анасының біреуіне немесе олардың орындарындағы тұлғаларға отбасының табысына қарамастан ұсынылады;
Тармақша 2
2) материалдық қамтамасыз ету құжаттар берілген айдан бастап «Ақмола облысының білім департаменті» мемлекеттік мекемесіндегі ведомтствоаралық психологиялық-медициналық-педегогикалық кеңестің қорытындысы бойынша ұсынылады;
Тармақша 3
3) материалдық қамтамасыз ету ағымдағы жылдың соңына дейін тоқсанға 6 айлық есеп айырысу көрсеткіші мөлшерінде он сегіз жасқа толмаған әр мүгедек балаға тағайындалады;
Тармақша 4
4) материалдық қамтамасыз ету төлемін төлеу қаржыландыру болуына қарай өткен тоқсанға жүргізіледі. Материалдық қамтамасыз етуді тоқтату жағдайы туындаған кезде (мүгедек бала 18 жасқа толса, мүгедек бала қайтыс болса, мүгедектігі алынса) төлем төлеу осындай жағдай туындаған айдан кейінгі айда тоқтатылады.
Тармақ 3
3. Материалдық қамтамасыз ету туралы шешім «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен он күннің ішінде келесі құжаттар тізбесі негізінде қабылданады:
Тармақша 1
1) баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 2
2) мүгедектікті белгілеу туралы (белгіленген үлгідегі) медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының анықтамасы;
Тармақша 3
3) мүгедек баланы үйде оқыту (тәрбиелеу) қажеттілігі туралы «Ақмола облысы білім департаменті» мемлекеттік мекемесіндегі ведомтствоаралық психологиялық-медициналық-педегогикалық консультациясының қорытындысы;
Тармақша 4
4) оқу орнынан мүгедек баланың үйде оқытылып, тәрбиеленетіндігін растайтын анықтама. Мектептің анықтамасынан басқа ұсынылған құжаттардың мерзімі – бір жыл.
Тармақ 4
4. «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М.Б.Нұрпанова) үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету үшін аудан бюджетінен бөлінген қаржыны уақытында игеруді қамтамасыз ету шараларын қолдансын.
Тармақ 5
5. «Щучье ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (В.И.Корнеева) материалдық қамтамасыз етуді қаржылындыруды аудан бюджетіне сәйкес жылға бекітілген қаржы бөлу шегінде қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Тармақ 7
7. Осы аудан әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Щучье ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қ.Алтаеваға жүктелсін.