Об установлении единого времени для снятия показаний с приборов учета электрической энергии, для целей коммерческого учета электроэнергии в единой электроэнергетической системе Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясын коммерциялық есепке алу мақсаттары үшін электр энергиясын есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін түсіріп алу үшін бірыңғай уақытты белгілеу туралы "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердегі мемлекетаралық электр берілісі желілері бойынша өткізілген электр энергиясын есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін түсіріп алу үшін бірыңғай уақытты белгілеу туралы" Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 2006 жылғы 24 қарашада Минск қаласында жасалған шешімін іске асыру және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясын коммерциялық есепке алу мақсаттары үшін электр энергиясын есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін түсіріп алу үшін бірыңғай уақытты белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясын коммерциялық есепке алу мақсаттары үшін электр энергиясын есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін түсіріп алу үшін бірыңғай уақыт ретінде орташа еуропалық уақыт (Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат) белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі 2008 жылғы 15 ақпанға дейінгі мерзімде бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.