Об утверждении перечня предприятий, видов и объемов общественных работ Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кәсіпорындар тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемін бекіту туралы «Халықты жүмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заныңың 20-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Сарыкөл ауданының 2008 жылға арналған бюджетін жүзеге асыру мақсатында Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға арналған кәсіпорындар тізбесі, жұмыссыздарға ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбекақысына, тиісті жылға республикалық бюджет туралы Заңымен белгіленген ең төменгі жалақының бір жарымдық көлемінде төленген, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік салық қорына әлеуметтік аударымдарға жұмыс берушілердің шығыны аудандық бюджет қаражатынан өтеледі. Бюджет қаражаты жұмыс берушілердің есеп шотына аударылады.
Тармақ 3
3. «Кәсіпорындар тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемін бекіту туралы» Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 19 қаңтардағы № 40 қаулысының күші жойылды деп есептелсін (тіркеу нөмірі 9-17-39, «Сарыкөл» газетінің 2007 жылғы 30 наурыздағы 13 нөмірінде жарияланған).
Тармақ 4
4. Берілген қаулының орындалуына бақылау жасау Сарыкөл ауданы әкімінің орынбасары А.М. Вандышевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң іс-қимылына енеді.
Басқа 6