Об утверждении Инструкции о порядке расчета нормативов финансовой устойчивости для юридических лиц, осуществляющих брокерскую и дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг Күшін жойған
Басқа 0
Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға арналған қаржылық тұрақтылық нормативтерiн есептеу тәртiбi туралы нұсқауды бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1998.11.25. N 17 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға арналған қаржылық тұрақтылық нормативтерiн есептеу тәртiбi туралы нұсқау бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы осы нұсқауды екi күн мерзiмде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне тiркеуге ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы нұсқаудың орындалысына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы атқарушы аппаратының рынокты реттеу басқармасына жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы нұсқау Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген сәттен бастап осы Нұсқау күшiне енгiзiлгенге дейiн алынған лицензиялар негiзiнде бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшiн 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзiлетiн 2-тармағының ережелерiн және 1998 жылдың 1 шiлдесiнен бастап күшiне енгiзiлетiн 3-тармақтың ережелерiн қоспағанда, күшiне енедi.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясының
1997 жылғы 26 маусымдағы
N 91 қаулысымен бекiтiлдi
Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк
қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға арналған қаржылық
тұрақтылық нормативтерiн есептеу тәртiбi туралы нұсқау
Тармақ 1
1. Осы Нұсқау "Бағалы қағаздар туралы" 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының N 77-1 Заңына "Лицензиялау туралы" Заң күшi бар 1995 жылғы 17 көкектегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң N 2200 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 293 қаулысымен бекiтiлген Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметтi лицензиялау туралы ережеге сәйкес әзiрлендi, бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi (бұдан әрi - брокер-дилер) жүзеге асыратын заңды тұлғалардың қаржылық тұрақтылығы жөнiндегi талаптарды белгiлейдi.
Осы нұсқаудың ережелерi банкiлерге және банктiк емес мекемелерге қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Н1 қаржылық тұрақтылық нормативi брокер-дилерлердiң баланстардың өтiмдiлiгiн ұстап тұру мақсатында есептеледi және мынадай жолмен айқындалады:
Н1 = ЛА - ТО,
бұл жерде ЛА - мыналар енгiзiлген активтер:
Тармақша а
а) жер, үй-жайлар мен ғимараттар, машиналар және құрал-жабдықтар енгiзiлетiн жеке негiзгi қаражаттардың баланстық құнының 20%-, жiктелуге сәйкес негiзгi қаражаттардың басқа да түрлерi, сондай-ақ аяқталмаған күрделi құрылыс;
Тармақша б
б) тек мынадай бөлiктердегi ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi қаржылық инвестициялар:
дисконт мөлшерлемесiнiң 5%-iн есептегенде ескерiлетiн мемлекеттiк бағалы қағаздар;
дисконт мөлшерлемесiнiң 5%-iн есептегенде ескерiлетiн депозитарлық сертификаттар;
ұйымдасқан рыноктағы саудаластыққа жiберiлген тiзiмге енгiзетiн, дисконт мөлшерлемесiнiң 20%-iмен ескерiлетiн бағалы қағаздар; S&P немесе
;Mjjdy s компаниялары қабылдағандардан төмен болмайтын рейтингi (ВВ) бап шетелдiк мемлекеттердiң дисконт мөлшерлемесiнiң 10%-iн есептегенде ескерiлетiн мемлекеттiк бағалы қағаздары;
Нью-Йорк қор биржасында, Лондон қор биржасында, Токио қор биржасында
сатылатын, дисконт мөлшерлемесiнiң 20%-iн есептегенде ескерiлетiн бағалы
қағаздар;
Ресей Федерациясының ұйымдасқан рыноктарында сатылатын, дисконт
мөлшерлемесiнiң 30%-iн есептегенде ескерiлетiн бағалы қағаздар;
Тармақша в
в) ұзақ мерзiмдi дебиторлық борыштың 20%-i және есеп беру күнiнен бiр
жыл iшiнде алынатын дебиторлық борыштың 30%-i;
Тармақша г
г) болашақ кезеңдердiң ұйымдасқан рыноктарға қайтарылатын кепiлденген
жарналар бөлiгiндегi шығындар;
Тармақша д
д) ақшалай қаражаттар.
ТО - мыналар құрамына енгiзiлген ағымдағы мiндеттемелер:
Тармақша а
а) қысқа мерзiмдi кредиттер және овертрафт;
Тармақша б
б) ұзақ мерзiмдi кредиттердiң ағымдағы бөлiгi;
Тармақша в
в) кредиторлық борыш;
Тармақша г
г) төлеуге есептелген шығындар;
Тармақша д
д) болашақ кезеңдердiң кiрiстерi;
Тармақша е
е) әлдеқалай жағдаяттар бойынша есептелген төлемдер.
Н1 қаржылық тұрақтылығы нормативiнiң мәнi мыналардан кем болмау
керек:
Тармақша а
а) нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығын
иеленген брокер-дилер үшiн 30 000 есептi көрсеткiш;
Тармақша б
б) клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығынсыз брокер-дилер үшiн 6000
есептi көрсеткiш.
Тармақ 3
3. Брокер-дилердiң мiндеттемелерiнiң оның Н1 қаржылық тұрақтылығына
қатынасы:
О
Н1 = --------.
Н1
бұл жерде, О - құрамында мыналар көрсетiлген ағымдағы және ұзақ
мерзiмдi мiндеттемелердiң сомасы:
Тармақша а
а) қамтамасыз етiлген кредиттер;
Тармақша б
б) қамтамасыз етiлмеген кредиттер;
Тармақша в
в) негiзгi шаруашылық жүргiзушi серiктестiктер мен оның төл
серiктестiктерi бiр-бiрiне беретiн кредиттер;
Тармақша г
г) кейiнгi қалдырылған кредиттер;
Тармақша д
д) қысқа мерзiмдi кредиттер және овердравт;
Тармақша е
е) кредиторлық борыш;
Тармақша ж
ж) төлеуге есептелген шығындар;
Тармақша з
з) болашақ кезеңдердiң табыстары;
Тармақша и
и) әлдеқалай жағдаяттар бойынша есептелген төлемдер.
Н2 нормативiнiң мәнi мыналардан аспау керек:
- 1998 жылдың 1 шiлдесiне дейiн - 50,0;
- 1999 жылдың 1 қаңтарына дейiн - 40,0;
- 1999 жылдың 1 шiлдесiне дейiн - 30,0;
- 2000 жылдың 1 қаңтарына дейiн - 20,0.
Тармақ 4
4. Н1 және Н2 қаржылық тұрақтылық нормативтерiн брокер-дилерлер күн сайын есептейдi және белгiленген ең төменгi мөлшерден төмен болмау керек.
Тармақ 5
5. Н1 және Н2 қаржылық тұрақтылық нормативтерiнiң есептері БҚҰК тоқсан сайын еркiн нысанда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есеп берушiлiкпен бiрге берiледi.
Тармақ 6
6. Нормативтер мөлшерлерiнiң БҚҰК белгiлеген талаптарға сәйкессiздiгi туындаған жағдайда брокер-дилер бiр күн iшiнде факт және осы сәйкессiздiктiң себептерi туралы осы себептердi жоюдың жоспарын қоса берiп БҚҰК хабарлауға мiндеттi.
Тармақ 7
7. Нормативтерге қойылатын белгiленген талаптар бiр рет орындалмағанда БҚҰК брокер-дилердiң лицензиясының күшiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға құқықты.
Тармақ 8
8. Нормативтердiң талаптары жүйелi түрде бұзылғанда (күнтiзбелiк тоқсан iшiнде екi және одан да көп) БҚҰК брокер-дилердiң лицензиясын керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдауға құқықты.