Құжат мәтініне өту

О реорганизации Республиканского государственного предприятия "Центр астрофизических исследований" Национального космического агентства Республики Казахстан и его дочерних государственных предприятий

Қаулы · № 38 · қабылданған 22.01.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-37359/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О реорганизации Республиканского государственного предприятия "Центр астрофизических исследований" Национального космического агентства Республики Казахстан и его дочерних государственных предприятий Қолданыста Қаулы ·№ 38 ·22.01.2008
28.08.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реорганизации Республиканского государственного предприятия "Центр астрофизических исследований" Национального космического агентства Республики Казахстан и его дочерних государственных предприятий

Қолданыста Қаулы ·№ 38 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации Республиканского государственного предприятия "Центр астрофизических исследований" Национального космического агентства Республики Казахстан и его дочерних государственных предприятий
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің "Астрофизикалық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
38
Қабылданған күні
22.01.2008
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI37359_6.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080000038_
ЭКБ идентификаторы
37359
Редакция идентификаторы
AI37359_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:11

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің "Астрофизикалық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің "Астрофизикалық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның еншілес кәсіпорындары "Ионосфера институты", "Ғарыштық зерттеулер институты" және "В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты" жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) қосылу және қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Қоғам қызметінің негізгі мәні ғарыштық зерттеулер мен технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) қоғамның Жарғысын бекітсін және оның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне берсін;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

9 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 22 қаңтардағы
N 38 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

2 2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-115-жолмен толықтырылсын:
"123-115 "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ".

3 3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :

көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 282-2-жолмен толықтырылсын:

282-2 "282-2. "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ".

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

5 5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

Қолданыстағы