ПОЛОЖЕНИЕ об инвестиционной деятельности компаний по управлению пенсионными активами Күшін жойған
Басқа 0
Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның инвестициялық қызметi туралы Ереже
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1998.08.13. N 11 қаулысымен.
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Заңына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк емес зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың (бұдан әрi - Компаниялар) инвестициялық қызметiнiң тәртiбiн белгiлейдi.
Тарау 2. 2. Инвестициялық қызметтiң негiзгi принциптерi
2. Инвестициялық қызметтiң негiзгi принциптерi
Тармақ 2.1
2.1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi - БҚҰК) лицензиясы бар болғанда және бiр немесе одан да көп мемлекеттiк емес зейнетақы жинақтау қорымен (бұдан әрi - Қор) қолданылып жүрген заңмен белгiленген тәртiпте жасасқан шарттың негiзiнде Компания:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарына, осы Ереженiң 2.3-тармағымен айқындалған тiзiм бойынша халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына және Қазақстан қор биржасының "А" листингiне енгiзiлген эмитенттердiң бағалы қағаздарына инвестициялауды;
- банктiк депозиттiк сертификатқа және Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi айқындаған тiзбе бойынша екiншi деңгейдегi мемлекеттiк
банктердегi депозитке қаражаттар орналастыруды;
- активтердiң басқа түрлерiне БҚҰК айқындаған тәртiпте және шарттарда
қаражаттар орналастыруды жүзеге асырады.
Тармақ 2.2
2.2 Компания зейнетақы активтерiн, оларды орналастыру сәтiне
зейнетақы активтерiнiң жалпы көлемiнiң мынадай мөлшерлерiнде орналастыруды
қамтамасыз етедi:
- Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк қысқа мерзiмдi
бағалы қағаздары (1 жылға
дейiнгi айналыс мерзiмiмен) - 25%-тен кем емес
- Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк орта мерзiмдi және
ұзақ мерзiмде бағалы қағаздары
(1 және одан да көп жылғы айналыс
мерзiмiмен) - 25%-тен кем емес
- осы Ереженiң 2.3-тармағымен
айқындалған тiзiм бойынша
халықаралық қаржы ұйымдарының
бағалы қағаздары - 10%-тен көп емес
- Қазақстан қор биржасының
"А" листингiне енгiзiлген
эмитенттердiң акциялары - 20%-тен көп емес
- Қазақстан қор биржасының
"А" листингiне енгiзiлген
эмитенттердiң облигациялары - 10%-тен көп емес
- банктiк депозиттiк сертифи.
каттар және Қазақстан Респуб.
ликасының Ұлттық Банкi айқын.
даған тiзбе бойынша екiншi
деңгейдегi мемлекеттiк
банктердегi депозиттер - 40%-тен көп емес.
Тармақ 2.3
2.3. Компания мынадай халықаралық қаржы ұйымдарының шығарған бағалы
қағаздарымен жасалған мәмiлелер бойынша инвестор болуға құқықты:
- Халықаралық қайта құру және даму банкi (Бүкiләлемдiк банк);
- Еуропалық қайта құру және даму банкi;
- Америкааралық даму банкi;
- Халықаралық есеп айырысу банкi;
- Азия даму банкi;
- Африка даму банкi;
- Халықаралық қаржы корпорациясы;
- Ислам даму банкi.
Тармақ 2.4
2.4. Компания өзiнiң қаражаттарын осы Ереженiң 2.5 және 2.6-тармақтарының талаптарын орындау шартымен осы Ереженiң 2.2-тармағында көрсетiлген активтерге кез келген мөлшерде орналастырады.
Тармақ 2.5
2.5. Компанияның эмитенттердiң бағалы қағаздармен жасаған мәмiлелерi тек қана бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында бастапқы брокерлер арқылы олармен жасасқан шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 2.6
2.6. Бiр заңды тұлғаның бағалы қағаздарына (депозиттерiне) инвестициялаудың мөлшерi "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияларға арналған пруденциялық нормативтер туралы" Ереженiң 5 бөлiмiнде белгiленген шектеулерге сәйкес келу керек.
Осы шектеулер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қағаздарына қолданылмайды.
Тарау 3. 3. Компания үшiн тыйым салынған қызмет
3. Компания үшiн тыйым салынған қызмет
Тармақ 3.1
3.1. Компанияға:
Тармақша 1
1) бағалы қағаздардың акцияларын басқа өзге түрлерiн шығаруға;
Тармақша 2
2) банктерден үш айдан асатын мерзiмге, өз капиталының мөлшерiнен аспайтын мөлшерде заемдық қаражаттар тартуға;
Тармақша 3
3) аффилиирленген тұлғалардың бағалы қағаздарын сатып алуға және аффилиирленген тұлғалармен өзге де мәмiлелер жасауға;
Тармақша 4
4) кез келген тәсiлдермен займдар беруге;
Тармақша 5
5) зейнетақы активтерiне кiретiн бағалы қағаздарды, оларды қайтадан сатып алу мiндеттемесi шартымен сатуға;
Тармақша 6
6) кез келген бағалы қағаздарды маржа бойынша сатып алуға;
Тармақша 7
7) Компанияға тиесiлi емес немесе зейнетақы активтерiнiң портфелiне кiрмейтiн бағалы қағаздарды сату туралы шарттар ("қысқа сатулар"), сондай-ақ эмиссиялық емес бағалы қағаздарды сатып алуға шарттар жасауға;
Тармақша 8
8) кез келген түрдегi кепiлдiк және кепiлдеме беруге, зейнетақы активтерiмен кепiлденген мәмiлелер жасауға;
Тармақша 9
9) мазмұнында зейнетақы активтерiн инвестициялау жөнiндегi табыстарға кепiлдiк немесе уәде беру бар ақпаратты жариялауға;
Тармақша 10
10) материалдық өндiрiс және сауда саласында бағалы қағаздар және қаржы құралдарынан басқа, өзге де мүлiкпен қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынады.
Компанияның аффиилирленген тұлғалары болып:
- зейнетақы активтерiн басқаруға Компаниямен шарт жасасқан қорлар;
- Компаниялардың құрылтайшылар (акционерлерi);
- зейнетақы активтерiн басқаруға Компаниямен шарт жасасқан қорлардың құрылтайшылары (акционерлерi);
- Компанияның зейнетақы активтерiнiң шоттары ашылған банк-кастодиандар танылады.
Тармақ 3.2
3.2. Қордың зейнетақы активтерiн басқару кезiнде Компания тек қана Қордың мүддесiнде iс-әрекет жасайды. Компанияға кез келген тәсiлмен зейнетақы активтерiн жеке мүддесiне пайдалануға тыйым салынады.
Компанияға, сондай-ақ оның лауазымды тұлғаларына және қызметкерлерiне:
- Қордың бағалы қағаздары және басқа да зейнетақы активтерi туралы ақпаратты Қорға қатысты бәсекелестiк мақсатында пайдалануға;
- әртүрлi Қорлардың зейнетақы активтерiнiң, оның iшiнде Компанияның басқаруындағы, құрылымдары туралы мәлiметтердi, бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан пайда табу мақсатында пайдалануға;
- басқаруға алынған зейнетақы активтерiнiң есебiнен жүргiзiлген қаржылық операцияларға қатысты жалған ақпаратты таратуға;
- құпия, жарияланбайтын ақпаратты не жарияланғанға дейiнгi ақпаратты таратуға не жеке мақсатына пайдалануға тыйым салынады.
Тарау 4. 4. Компанияның инвестициялық кiрiсiн бөлу және
комиссиялық сыйақы алу тәртiбi
4. Компанияның инвестициялық кiрiсiн бөлу және
комиссиялық сыйақы алу тәртiбi
Тармақ 4.1
4.1. Компанияның өз қаражаттарын инвестициялаудан алынған кiрiс заңмен белгiленген салықтарды және басқа да мiндеттi бөлiнген ақшаны төлегеннен және резерв капиталын қалыптастырғаннан кейiн МЗЖҚ қарамағында қалады.
Тармақ 4.2
4.2. Компанияның зейнетақы жинақтауларын орналастырудан алынған инвестициялық кiрiстiң 5%-нен аспайтын мөлшерiнде ай сайын Қор мен Компанияның арасына жасалған шартқа сәйкес төленетiн комиссиялық сыйақы алуға құқығы бар.
Тармақ 4.3
4.3. Операциялық шығындарын жабу үшiн Компания зейнетақы жарналарынан бөлiнген ақшаның бөлiгiн, бiрақ зейнетақы жарналарының сомасының 0,15%-нен аспайтындай мөлшерде алуға құқығы бар.
Тарау 5. 5. Компанияның активтерiн және зейнетақы
активтерiн бағалау
5. Компанияның активтерiн және зейнетақы
активтерiн бағалау
Тармақ 5.1
5.1. Компания күн сайын зейнетақы және өз активтерiне соңғы 10 күн iшiндегi, активтердi бағалау күнiн қоса отырып, орташа құны бойынша бағалау жүргiзуге және БҚҰК-ның тиiстi ережесiмен белгiленген тәртiпте БҚҰК-на есеп жiберуге мiндеттi.
Тармақ 5.2
5.2. Бағалы қағаздардың соңғы 10 күн iшiндегi орташа құны олардың рыноктiк құнына сүйене отырып, қаралатын кезеңнiң әрбiр күнiне саудаластықтарды ұйымдастырушы жариялаған бағалы қағаздардың бағасын кесуге сәйкес айқындалады.
Бiр саудаластықтарды ұйымдастырушыдағы белгiлi бiр күнге бағалы қағаздың бағасы кесiлген құны оның мәмiлелердiң көлемi және олар жүргiзiлген баға бойынша қалыптасқан орташа құны болып табылады.
Егер белгiлi бiр күнi бағалы қағаздардың бағасы кесiлген құны тек бiр ғана саудаластықтарды ұйымдастырушы жарияласа, осындай бағалы қағаздың құны жарияланған баға кесу негiзiнде айқындалады.
Белгiлi бiр күнi баға кесу құнын бiр бағалы қағаз бойынша екi немесе одан да көп саудаластықтарды ұйымдастырушылар жариялаған жағдайда, бағалы қағаздың сауда күнiне ағымдағы құны оның орташа құнын есептеу арқылы айқындалады. Осы Ереженiң 2.3-тармағымен айқындалған халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарының құны Нью-Йорктiң және Лондонның қор биржаларындағы баға кесудiң негiзiнде, активтердiң құнын бағалау күнiнiң алдындағы күнге бағаланады.
Шетелдiк валютадағы баға кесуге сәйкес жарияланған бағалы қағаздардың құны активтердiң құнын бағалау күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген бағам бойынша теңгемен бағалауға жатады.
Тармақ 5.3
5.3. Зейнетақы портфелiне немесе Компанияның өз активтерiне енгiзiлген бағалы қағаз бойынша саудаластықтар 10 жұмыс күнiнен астам болмаған жағдайда, оның құны саудаластықтарды жаңарту күнiне дейiн өзгермейдi.
Тармақ 5.4
5.4. Банктiк депозиттiк сертификаттарға және екiншi деңгейдегi банктердегi депозиттерге салынған активтердiң ағымдағы құны депозиттiң мерзiмi аяқталғанға дейiнгi бiр күн iшiнде проценттер сомасын есептеу арқылы айқындалады.
Тарау 6. 6. Қорытынды ережелер
6. Қорытынды ережелер
Тармақ 6.1
6.1. Банк-кастодиандағы Компанияның инвестициялық шотына түскен қаражат, түскен күннен бастап 3 жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей, ағымдағы шегерулердi алып тастай отырып толық көлемде инвестициялауға жатады. Белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда, әрбiр бос жiберiлген күн үшiн Компанияның өз қаражаты есебiнен зейнетақы активтерiнiң пайдасына өсiм төлейдi. Өсiмнiң мөлшерi үш айлық мемлекеттiк облигациялар бойынша, бос жiберiлген күн туындаған күннiң алдындағы күнге белгiленген проценттiк ставкамен (айналыстың бiр күнi есебiнде) айқындалады.
Тармақ 6.2
6.2. Қор рыногында қалыптасқан тұжырымдарға сүйенiп, Компания осындай өтiнiштiң заңдылығын растайтын негiздердi ұсына отырып, қаражаттарды инвестициялау мерзiмдерiн ұзарту туралы өтiнiшпен БҚҰК-на жүгiнуге құқықты.
БҚҰК-ның рұқсаты алынған жағдайда осы Ереженiң 6.1-тармағымен белгiленген өсiм есептелiнбейдi.
Тармақ 6.3
6.3. Қордың портфелiндегi зейнетақы активтерiнiң қандайда болмасын түрiнiң үлесi осы Ереженiң 2.2. және 2.6-тармақтарында белгiленген шектерге сәйкес келмеген жағдайда, Компания айырмашылықты ұлғайтатын кез келген инвестициялық қызметi тоқтатуға және сәйкессiздiктi жедел жоюға мiндеттi.
Тармақ 6.4
6.4. Жариялау күнiне шындыққа сәйкес келмейтiн қызметiн жарнамалауға Компанияға тыйым салынады.
Тармақ 6.5
6.5. БҚҰК шындыққа сәйкес келмейтiн жарнамаға өзгерiстер енгiзудi компаниядан талап етуге, оны тоқтатуға немесе оның жалған екенiн жариялауға құқылы.
Осы талаптар БҚҰК белгiлеген мерзiмде орындалмаған жағдайда, БҚҰК жарнама мазмұнындағы мәлiметтердiң шындыққа сәйкес келмейтiндiгi туралы ақпарат жариялауға не жарнаманы жариялаған Компанияның есебiнен оларды анықтауға құқылы.
Тармақ 6.6
6.6. Жарнаманы жүзеге асыру кезiнде Компанияға:
- кiрiстiң кепiлденген (жорамалданған) сомасын (процентiн) көрсетуге;
- өзiнiң қызметiнiң нәтижелерiн басқа компанияның қызметiнiң нәтижелерiн мен салыстыруға (тек барлық компаниялар қызметiнiң орта мәнiмен салыстыруға жол берiледi);
- Компания қызметiнiң нәтижелерiн салыстыруды белгiлi бiр уақыт аралығында ұқсас салыстырудың стандартты өсуiн көрсетпей жүргiзуге (бiр, үш, бес, он жыл) тыйым салынады.
Тармақ 6.7
6.7. Компания оған қатысты БҚҰК-ның әрекеттерi жөнiнде сот тәртiбiмен шағым жасауға құқықты. БҚҰК-ның жазбаша ұйғарымы жөнiнде шағым жасау оның орындалысын тоқтатпайды.