Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 7-ші желтоқсандағы 123 Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру Ережесі бекітілсін. (Ереже қосымша беріледі)
Тармақ 2
2. «Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру Ережесі туралы» аудан әкімдігінің 2006 жылғы 6-шы желтоқсандағы №158 Қаулысын бекіту туралы» аудандық мәслихатының 2006 жылғы 13-ші желтоқсандағы № 10/29 шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 4
Аудандық мәслихаттың 12 12.2007 ж. № 4/3 шешіміне №1 қосымша Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру Ережесі.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Азаматтардың жекелеген топтарына арналған әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру ережесі ( бұдан әрі Ереже) 451007000 «Өкілеттік органдар шешімі негізінде азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемдерді ұйымдастырудың» тәртібін реттейді
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Республикалық бюджет туралы» заңдары Ережені қабылдаудың құқықтық негізі болып табылады
Тармақ 3
3. Ереже Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңының реттеу қатынастарына әсер етпейді.
Тарау 2. 2. Төлемді алу құқығы
2. Төлемді алу құқығы
Тармақ 4
4. Табыс көзі күн көріс минимумынан төмен аз қамсыздандырылғандар, 3 топ мүгедектері (азаматқа)
Тармақ 5
5. қатерлі жағдайларда әлеуметтік қолдау қажет етушілерге және азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемдер алу құқығы беріледі
Тармақ 6
6. Өмірлік қиын жағдайларға: отбасы мүшелерінің біреунің қайтыс болуы, онкологиялық және туберкулез ауруларымен ұзақ емделгенде, операция жасау қажеттілігі туғанда және Қазақстан Республикасының территориясы көлемінде орналасқан емдеу мекемелеріне бару және комиссия шешімімен бекітілген басқа да жағдайлар жатады
Тармақ 7
7. Аудан территориясында тұратын күн көріс минимумнан төмен отбасылары (азаматтар) денсаулығының нашарлауы, апатқа ұшырауы сияқты қауып-қатерлі, ерекше жағдайларда төлем алу құқығына ие бола алады.
Тарау 3. 3. Төлем беру жұмысын ұйымдастыру
3. Төлем беру жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Төлем беру жұмысын ұйымдастыру мақсатында аудандық мәслихат депутаттары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық қоғамдық ұйым мүшелері және жергілікті өзін-өзі басқару мекеме қызметкелері өкілдерінен комиссия құрылады.
Тармақ 9
9. Комиссия саны, жеке құрамы аудандық мәслихат шешімімен бекітіледі.
Тармақ 10
10. Комиссия мәжілісі айына екі рет өткізіледі.
Тармақ 11
11. Комиссияның негізгі мақсаттары:
Тармақша 1
1) Азаматтардың әлеуметтік көмек жөніндегі өтініштерін қарау
Тармақша 2
2) Өтініш берушінің әлеуметтік-тұрмыс жағдайын және отбасының нақтылы кіріс мөлшерін тексеру
Тармақша 3
3) Әлеуметтік төлемінің берілуі немесе берілмеуі жөнінде шешім қабылдау.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік төлемнің мөлшері және беру тәртібі
4. Әлеуметтік төлемнің мөлшері және беру тәртібі
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек отбасының бір мүшесіне (азаматқа) жылына бір рет беріледі.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек алушы азамат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш береді. Өтінішке қосымша қажетті құжаттар:
Тармақша 1
1) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
Тармақша 2
2) отбасы құрамы және мекен-жайы туралы анықтама
Тармақша 3
3) салық төлеушінің нөмірі
Тармақша 4
4) өткен тоқсандағы кіріс көзі табысы туралы анықтама
Тармақша 5
5) ауылдық округ әкімінің қатынас хаты
Тармақша 6
6) әлеуметтік төлем қажеттілігін дәлелдейтін құжат.
Тармақша 7
7) жеке есеп шоттының нөмірі
Тармақ 14
14. Төлем өтініш берушінің жеке есеп шотына ақша аудару арқылы жүзеге асады.
Тармақ 15
15. Мерекелік шараларға байланысты әлеуметтік төлем өтінішсіз азаматтың мекен-жайындағы жеке есеп шотына ақша аудару арқылы жүзеге асады. 8 Наурыз, Халықаралық әйелдер күніне-2000 теңге «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен , «Батыр-Ана» орденімен; 80-100 жасқа толған қарияларға-2000 теңге; 9 Мамыр, Жеңіс күніне-Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне-3000 теңге; Ауған соғысына қатысқан жауынгерлерге-2000 теңге; Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне-2000 теңге; Кәмелетке толмаған фашистік лагерь тұтқындарына, сол сияқты 6 айдан астам еңбек еткен соғыс тылындағы еңбеккерлерге-1000 теңге; Балаларды қорғау күнінде-16 жасқа дейінге мүгедек балаларға-1000 теңге; Қарттар күніне күн көріс минимумынан төмен қарияларға-1000 теңге; Мүгедектер күніне, 1-2 топтағы мүгедектерге-1000 теңге; 3 топтағы мүгедектерге-500 теңге; Мерей тойлары күндерінде-зейнеткерлер мен Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне (90,100 жас) Бұл төлем мөлшерін белгілі бір жағдайға байланысты комиссия бекітеді.
Тармақ 16
16. Нан, үн және коммуналдық қызметіне баға өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар отбасының әрқайсына 0,5 айлық есеп көрсеткіш мөлшерінде ай сайын
Тармақ 17
17. Күн көріс минимумынан төмен туберкулез ауыруына шалдыққандарға материалдық көмек ай сайын:
Тармақша 1
1) фтизиатір дәрігерінің анықтамасы болған жағдайда, нәрлі тамақтандырылуына-1000 теңге беріледі;
Тармақша 2
2) Ақмола облысының тубдиспансерлеріне зерттелуіне байланысты жол шығынына;
Тармақ 18
18. Қорғалжын ауданына тұрақты жұмысқа орналасқан жас мамандарға әлеуметтік қолдау мақсатында - 100000 теңге .
Тармақ 19
19. Төлемнің мөлшерін әр жағдайда комиссия бекітеді. Ережедегі төлем көбейтілуі мүмкін, бірақ 20 есептік көрсеткіштен аспауы керек.
Тарау 5. 5. Төлемді қаржыландыру
5. Төлемді қаржыландыру
Тармақ 20
20. Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру «Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен азаматтардың жекелеген топтарына арналған әлеуметтік төлемдер» атты 451007000 бюджеттік бағдарламаның негізіндегі аудандық бюджеттен осы мақсатқа қарастырылған қаржы көлемінде жүргізіледі.
Тарау 6. 6. Төлемді жүзеге асыру тәртібі
6. Төлемді жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 21
21. Мерекелік күндерге арналған әлеуметтік төлемдер жалпы тізім бойынша АО «Қазпошта» филиалында әр адамның жеке есеп шотына ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тізімді құрады және осы мақсатқа бөлінген қаржының көлемі негізінде, төлем алушы азаматтардың тізімін жасап ұсынады және оның ақиқаттығына жауап береді.
Тарау 7. 7. Төлемді жүзеге асыруды бақылау.
7. Төлемді жүзеге асыруды бақылау.
Тармақ 23
23. Әлеуметтік төлемді жүзеге асыруды бақылау және есеп беру Қазақстан Республикасының «республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуын бақылау туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.