Об установлении охранной зоны Западно-Алтайского государственного природного заповедника на территории Восточно-Казахстанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының аумағында Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 123-бабына, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 18, 43-баптарына, "«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, ұсынылған жобаларды қарай келе, Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығын қолайсыз сыртқы әсерден ерекше күзету мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Белгіленсін:
Тармақша 1
1) жер учаскелерін жер пайдаланушылар мен меншік иелерінен алмай, Шығыс Қазақстан облысында Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының (бұдан әрі - Қорық) ені 2 километрден кем емес қорғау аймағы, оның ішінде: Риддер қаласының жерлерінде - "Орман шаруашылығының Риддер мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі, "Орман шаруашылығының Пихта мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық басқармасы" мемлекеттік мекемесі ("Өскемен-Риддер-РФ шекарасы" А-9 автожолының учаскесі, 163 километрден 191 километрге дейін) жерлерінің, босалқы жерлердің учаскелері; Зырян ауданының жерлерінде - "Орман шаруашылығының Зырян мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі, "Орман шаруашылығының Өскемен мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі жерлерінің учаскелері;
Тармақша 2
2) Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағының мөлшерлері мен шекаралары қорғау аймағын белгілеу жобаларына сәйкес (1-қосымша);
Тармақша 3
3) Қорықтың қорғау аймағының аумағында табиғат пайдаланудың режимі мен тәртібі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес;
Тармақша 4
4) "Өскемен-Риддер-РФ шекарасы" А-9 автожолының учаскесінде (163 километрден 191 километрге дейін) қорғау аймағын пайдалану режимі (2-қосымша).
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары И.В. Белихинге жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілді Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасының бастығы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық басқармасының бастығы
Басқа 8. Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағының көлемдері мен шекаралары
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 385 қаулысына 1 қосымша Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағының көлемдері мен шекаралары
Тармақ 1
1. Қорғау аймағының жалпы аумағы – 22475 гектар, оның ішінде Риддер қаласының жерлерінде – 14318 гектар, Зырян ауданының жерлерінде – 8157 гектар.
Тармақ 2
2. Риддер қаласының жерлерінде қорғау аймағы ені екі шақырымнан кем емес, жаппай жолақ түрінде Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының (бұдан әрі - Қорық) солтүстік – батыс шекарасын бойлай орналасқан. Қорғау аймағына Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Риддер орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиісті – 10218 гектар, шаруа қожалықтарына тиісті – 520,4 гектар, жеке қосалқы шаруашылықтарға тиісті – 1,3 гектар, «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесіне («Өскемен – Риддер – Ресей Федерациясы шекарасы» А-9 автожолы) тиісті – 101,3 гектар, Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Пихта орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиісті – 3102 гектар, қосалқы жерлерге тиісті – 375 гектар жерлер кіреді.
Тармақ 3
3. Зырян ауданының жерлерінде қорғау аймағы ені екі шақырымнан кем емес, жаппай жолақ түрінде Қорықтың оңтүстік шекарасын бойлай орналасқан. Қорғау аймағына Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Өскемен орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиісті – 610 гектар, Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Зырян орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиісті – 7547 гектар жерлер кіреді.
Басқа 12. "Өскемен-Риддер-РФ шекарасы" А-9 автожолының учаскесінде (163 километрден 191 километрге дейін) қорғау аймағын пайдалану режимі
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 385 қаулысына 2-қосымша "Өскемен-Риддер-РФ шекарасы" А-9 автожолының учаскесінде (163 километрден 191 километрге дейін) қорғау аймағын пайдалану режимі
Тармақ 1
1. Қорық аумағы арқылы өтетін автожол учаскесі бойынша жол жүргенде Қорық қорғау мемлекеттік инспекторларының талабы бойынша тоқтау және қарау үшін құжаттарды, автокөлікті және тасымалданатын жүкті көрсету.
Тармақ 2
2. Қорық аумағы арқылы өтетін автожол бойынша жол жүргенде белгіленген қозғалыс жылдамдығын сақтау.
Тармақ 3
3. Техникалық ақау жағдайларынан басқа, көлік құралдарының тоқтап тұруы мен тұрақтауы арнайы бөлінген жерлерде ғана рұқсат етіледі.
Тармақ 4
4. Жеке және заңды тұлғалардың қапталған қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш және басқа да қауіпті заттарды алып жүруі рұқсат құжаттары және қорық әкімшілігінің рұқсаты болғанда рұқсат етіледі.
Тармақ 5
5. Қорық арқылы өтетін автожолда жол-құрылыс, жөндеу және басқа да жұмыстарды жүргізу әкімшілікпен келісіледі.
Тармақ 6
6. Қорық арқылы автокөлікпен жол жүргенде немесе жаяу өткенде төмендегілерді болдырмау жөніндегі шараларды қабылдау:
Тармақша 1
1) автожолдан арнайы мақсаттағы жолдарға түсу және автожолға бөлінген жолақтан шығу;
Тармақша 2
2) режиммен белгіленбеген уақыттағы автокөлік қозғалысы;
Тармақша 3
3) автокөліктің дыбысты сигналдар беруі, айғай, ысқыру, ату және басқа да шу шығаратын іс-қимылдар;
Тармақша 4
4) автомобильдерді жуу және су көздерін ластау;
Тармақша 5
5) автожол жолағының бойында тұрмыстық және басқа да қалдықтарды қалдыру;
Тармақша 6
6) ағаштар мен бұтақтарды кесу, өсімдіктер, жидектер, саңырауқұлақтар мен жаңғақтарды жинау;
Тармақша 7
7) аң аулау және балық аулау;
Тармақша 8
8) шөп шабу және мал жаю. Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасының бастығы