Об утверждении Типовых штатов работников государственных организаций образования Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2008 жы­л­ғы 30 қаң­тар­да­ғы N 77 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары
Тарау 1. 1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары Ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы Штат бір­лік­те­рі­нің са­ны (топ­тар­дың са­ны­на қа­рай) 1-3 4-5 6-7 8-9 10 және одан да көп Мең­ге­ру­ші 1 1 1 1 1 Пе­да­гог-пси­хо­лог 0,5 0,5 1 1 1 Әдіс­кер 0,5 0,5 1 1 1 Мең­ге­ру­ші­нің ша­ру­а­шы­лық бө­лім жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры _ _ _ _ 1 Ша­ру­а­шы­лық мең­ге­ру­ші­сі 0,5 1 1 1 - Мед­би­ке 0,5 1 1 1,5 1,5 Ем­д­әм­би­ке - - 0,5 0,5 0,5 Бух­гал­тер 0,5 0,5 1 1 1,5 Хат­шы - - 0,5 0,5 1 Бас ас­паз - - - - 1 Ас­паз 1,5 2 3 3 2 Кө­мек­ші жұ­мыс­шы 0,5 0,5 1 1 2 Қой­ма­шы - - - - 1 Ка­сте­лян­ша 0,5 0,5 0,5 1 1 Ғи­ма­рат­тар­да ке­шен­ді қыз­мет көр­се­те­тін және жөн­дей­тін жұ­мыс­шы (әр­бір ғи­ма­рат­қа) 1 1 1,5 1,5 2 Кір жуу ма­ши­на­ла­ры­ны­ңо­пе­ра­то­ры 1 1 1 2 3 Кү­зет­ші 3 3 3 3 3 Ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы 6 күн­дік жұ­мыс ап­та­сы ке­зін­де ба­ла­лар­дың бо­луы (са­ғат) 9 10 12 24 Бө­бек­жай топ­та­ры Тәр­би­е­ші 2,25 2,5 3 5,5 Тәр­би­е­ші­нің кө­мек­ші­сі 1,3 1,5 1,75 2,75 Мек­теп­ке дей­ін­гі топ­тар Тәр­би­е­ші 2,25 2,5 3 3,5 Тәр­би­е­ші­нің кө­мек­ші­сі 1 1,25 1,5 1,5 кестенің жалғасы 5 күн­дік жұ­мыс ап­та­сы ке­зін­де ба­ла­лар­дың бо­луы (са­ғат) 9 10,5 12 24 Бө­бек­жай топ­та­ры 2,0 2,25 2,5 4,5 1,1 1,3 1,5 2,5 Мек­теп­ке дей­ін­гі топ­тар 2,02 2,25 2,5 3,0 1 1,15 1,25 1,5 Ескертпелер:
Тармақ 1
1. Интернаттық үлгідегі санаторийлік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешілері мен тәрбиешілер көмекшілерінің штат бірліктері (туберкулез, аллергия ауруымен ауыратын, қант диабетімен ауыратын, әлжуаз және жиі ауыратын балалар үшін) демалыс және мереке күндеріндегі жұмысын есептегенде балалар тәулік бойы болатын мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен тәрбиешілер көмекшілерінің штат бірліктеріне сәйкес белгіленеді.
Тармақ 2
2. Тәрбиеленушілерді дамытудың басым бағыты бар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында мынадай: әдіскер, бір бірліктен артық емес; төрт жастағы және одан да ересек балалардың әр тобына лауазымның 0,25 штат бірлігі бойынша балаларды бейінді оқыту жөніндегі педагогтер лауазымының штат бірліктері белгіленеді.
Тармақ 3
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы музыка жетекшілері лауазымының штат бірліктері 2 жастағы және одан ересек балалардың әрбір тобына лауазымның 0,25 штат бірлігі есебінен белгіленеді.
Тармақ 4
4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы қазақ тілі педагогінің штат бірліктері 3 жастағы және одан да ересек балалардың әрбір тобына лауазымның 0,25 штат бірлігі есебінен белгіленеді.
Тармақ 5
5. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында және осындай балалар үшін арнайы топтар құрылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында әрбір топқа лауазымның бір штат бірлігі сурдопедагог лауазымы қосымша белгіленеді.
Тармақ 6
6. Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында және сөйлеу қабілеті бұзылған балалар үшін арнайы топтар құрылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында логопед және дефектолог мұғалім лауазымының штат бірліктері қосымша белгіленеді.
Тармақ 7
7. Әр түрлі тілде оқыту және тәрбиелеу қатар жүргізілетін эксперименттік режимде жұмыс істейтін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында әдіскерлердің лауазымының штат бірліктері топтардың санына қарай, әрбір топқа лауазымның 0,25 штат бірлігі есебінен еңбекақы төлеу қоры шегінде тілдік оқыту және тәрбие берудің әрбір түрі үшін жеке белгіленеді.
Тармақ 8
8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында дене тәрбиесі залы болған жағдайда 3 және одан ересек жастағы балалардың әрбір тобы үшін лауазымның 0,25 бірлігі есебінде дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.
Тармақ 9
9. Қыли көзді және амблиопиясы бар балаларға арналған арнаулы топтар құрылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында тифлопедагог мұғалімі және әрбір 3 топқа лауазымның 0,5 штат бірлігі есебінен медициналық аппаратураны жөндеу жөніндегі техник лауазымдарының штат бірліктері белгіленеді.
Тармақ 10
10. Балалардың дене мен психикалық денсаулығын сақтау әрі нығайту жөніндегі міндеттерді орындайтын және физиотерапия кабинеттері бар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында дәрігер лауазымының 1 штат бірлігі көзделеді.
Тармақ 11
11. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында компьютерлік және ұйымдастыру техникасы болған кезде осы техникаға қызмет көрсету жөніндегі маманның лауазымдық штат бірлігі қосымша белгіленеді.
Тармақ 12
12. Гуманитарлық-эстетикалық бейіндегі жұмыс бағыты бар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында ата-аналар мен балалардың қазіргі заманға сай талаптары ескеріле отырып, хореограф, эстетика, бейнелеу өнері жөніндегі педагогтер лауазымдарының және басқа да лауазымдардың штат бірліктері қосымша көзделуі мүмкін.
Тарау 2. 2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары
2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары Ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы Сы­нып жи­нақ­та­уы­шта­ры мен топ­тар­дың са­ны 2-3 4-6 7-9 10-14 15 және одан да көп Ди­рек­тор 1 1 1 1 1 Ди­рек­тор­дың оқу жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры 0,5 0,5 1 1 1 Ди­рек­тор­дың тәр­бие жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры 0,5 0,5 1 1 1 Ди­рек­тор­дың ша­ру­а­шы­лық жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры - - - - 1 Ша­ру­а­шы­лық мең­ге­ру­ші­сі 0,5 0,5 1 1 1 Мед­би­ке 0,5 1 1 1,5 2 Ем­д­әм­би­ке - - 0,5 0,5 1 Кі­ші ме­ди­ци­на­лық пер­со­нал 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 Пе­да­гог-пси­хо­лог 0,5 0,5 0,5 1 1 Әдіс­кер 0,5 0,5 1 1 1 Аға во­жа­тый - 0,5 1 1 1 Кі­та­п­ха­на­шы 0,5 1 1 1 1 Бас бух­гал­тер - - - - 1 Бух­гал­тер 0,5 0,5 1 1 1 Іс қа­ға­з­да­рын жүр­гі­зу­ші 0,5 0,5 1 1 1 Хат­шы - - 1 1 1 Қой­ма­шы - - - 1 1 Ка­сте­лян­ша 0,5 0,5 0,5 1 1 Бас ас­паз - - - 1 1 Ас­паз 1,5 2 2 2 3 Асүй жұ­мыс­шы­сы 0,5 0,5 1 1 2 Ғи­ма­рат­тар­ға ке­шен­ді қыз­мет көр­се­те­тін және жөн­дей­тін жұ­мыс­шы (әр­бір ғи­ма­рат­қа) 1 1 1 2 2 Кү­зет­ші 3 3 3 3 3 Әр­бір ғи­ма­рат­қа вах­тер 1 1 1 1 1 Ескертпелер:
Тармақ 1
1. Бір топтың тәрбиешілері мен тәрбиешілерінің көмекшілері лауазымының штат бірліктері тәрбиеші мен тәрбиеші көмекшісінің топтағы бір мезгілдегі жұмысы ескеріле отырып, топтың жұмыс режиміне және аптасына белгіленген сағат нормасына қарай белгіленеді.
Тармақ 2. Ескертпе:
2. Түнгі кезектегі тәрбиешілерінің көмекшілері лауазымының штат бірліктері екі топқа бір штат бірлігі есебінен белгіленеді. Тәулік бойы жұмыс істейтін бір немесе тақ санды, сондай-ақ топтарға оқшауланған есігі бар ұйымдарда екі топқа бірдей есептелген тәрбиешілер көмекшілерінің штат бірліктері жеке топқа да қолданылуы мүмкін. Ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы Мек­теп ал­дын­да­ғы дай­ын­дық­ты қо­са ал­ған­да­ғы сы­нып­тар (сы­нып жи­нақ­та­уы­шта­ры­ның) са­ны­на қа­рай штат бір­лік­те­рі­нің са­ны 6-ға дей­ін 6-10 11-13 14-16 17-20 21-29 30 және одан да көп Ди­рек­тор 1 1 1 1 1 1 1 Ди­рек­тор­дың оқу жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры - 0,5 1 1 1 1,5 2 Ди­рек­тор­дың тәр­бие жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры - 0,5 1 1 1 1,5 2 Ди­рек­тор­дың ша­ру­а­шы­лық жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры - - - - 1 1 1 Ша­ру­а­шы­лық мең­ге­ру­ші­сі 1 1 1 1 - - 1 Бас бух­гал­тер - - - 1 1 1 1 Бух­гал­тер 1 1 1 1 1 1 2 Пе­да­гог-пси­хо­лог 0,5 1 1 1 1 1,5 2 Аға во­жа­тый 0,5 0,5 0,5 1 1 1 1 Кі­ші ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­ші - - - 0,5 0,5 0,5 0,5 Кі­та­п­ха­на мең­ге­ру­ші­сі - - - 1 1 1 1 Кі­та­п­ха­на­шы - 0,5 0,5 - - - 1 Іс қа­ға­з­да­рын жүр­гі­зу­ші 0,5 0,5 0,5 1 1 1 1 Хат­шы - - - 1 1 1 1 Ғи­ма­рат­тар­ға ке­шен­ді қыз­мет көр­се­те­тін және жөн­дей­тін жұ­мыс­шы (әр­бір ғи­ма­рат­қа) 1 1 1 1 1,5 2 2 Кү­зет­ші 3 3 3 3 3 3 3 Әр­бір ғи­ма­рат­қа вах­тер 1 1 2 2 2 2 2 Ескертпе: Бастауыш мектептерде директордың лауазымы 8 және одан көп сынып жинақтауыштары әрі оқушылар саны 240-тан кем болмаған жағдайда белгіленеді. Жалпы білім беретін мектептерде педагог-ассистент лауазымы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынысы бойынша белгіленеді. Ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы Мек­теп­ке дей­ін­гі дай­ын­дық­ты қо­са ал­ған­да сы­нып жи­нақ­та­уыш са­ны­на қа­рай штат бір­лік­те­рі­нің са­ны 6-ға дей­ін 6-10 11- 13 14- 16 17- 20 21- 29 30 және одан да көп Ди­рек­тор 1 1 1 1 1 1 1 Ди­рек­тор­дың оқу жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры - 0,5 1 1 1 1,5 2 Ди­рек­тор­дың тәр­бие жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры - 0,5 1 1 1 1 2 Ди­рек­тор­дың бей­ін бой­ын­ша оқы­ту жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры 1 1 1 1 1 1 1 Ди­рек­тор­дың ша­ру­а­шы­лық жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры - - - - 1 1 1 Ша­ру­а­шы­лық мең­ге­ру­ші­сі 1 1 1 1 - - - Бас бух­гал­тер - - - 1 1 1 1 Бух­гал­тер 1 1 1 1 1 1 2 Ме­не­джер 1 1 1 1 1 1 1 Пе­да­гог-пси­хо­лог 0,5 1 1 1 1 1,5 2 Аға во­жа­тый 0,5 0,5 0,5 1 1 1 1 Кі­ші ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­ші - 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 Кі­та­п­ха­на мең­ге­ру­ші­сі - - - 1 1 1 1 Кі­та­п­ха­на­шы - 0,5 0,5 - - - 1 Іс қа­ға­з­да­рын жүр­гі­зу­ші 0,5 0,5 0,5 1 1 1 1 Хат­шы - - - 1 1 1 1 Ғи­ма­рат­тар­ға ке­шен­ді қыз­мет көр­се­те­тін және жөн­дей­тін жұ­мыс­шы (әр­бір ғи­ма­рат­қа) 1 1 1 1 2 2 2 Кү­зет­ші 3 3 3 3 3 3 3 Вах­тер, әр­бір ғи­ма­рат­қа 1 1 2 2 2 2 2 Ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы Сы­нып жи­нақ­та­уы­штың са­ны­на қа­рай штат бір­лік­те­рі­нің са­ны 10-ға дей­ін 10-20 21-30 31 және одан да көп Ди­рек­тор (ба­стық) 1 1 1 1 Ди­рек­тор­дың (ба­стық­тың) оқу жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры 0,5 1 1,5 2 Ди­рек­тор­дың (ба­стық­тың) тәр­бие жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры 0,5 1 1 2 Ди­рек­тор­дың (ба­стық­тың) бей­ін бой­ын­ша оқы­ту жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры 1 1 1 1 Ди­рек­тор­дың (ба­стық­тың) ша­ру­а­шы­лық жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры - 1 1 1 Ин­тер­нат мең­ге­ру­ші­сі 1 1 1 1 Ша­ру­а­шы­лық қой­ма мең­ге­ру­ші­сі 1 1 1 1 Бас бух­гал­тер - 1 1 1 Бух­гал­тер 2 2 3 3 Ме­не­джер 1 1 1 1 Пе­да­гог-пси­хо­лог 1 1 1,5 2 Дә­рі­гер-пе­ди­атр 1 1,5 1,5 2 Ме­ди­ци­на­лық би­ке 1 1 1,5 1,5 Ем­д­әм­би­ке 1 1 1 1 Кі­ші ме­ди­ци­на­лық пер­со­нал 1 1 1 1 Кадр мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі ин­спек­тор 1 1 1 1 Кі­та­п­ха­на мең­ге­ру­ші­сі - 1 1 1 Кі­та­п­ха­на­шы 1 1 1 1 Іс қа­ға­з­да­рын жүр­гі­зу­ші 0,5 1 1 1 Оқу бө­лі­мі­нің хат­шы­сы 1 1 1 1 Хат­шы - 1 1 1 Мұ­ра­ғат­шы 1 1 1 1 Ко­мен­дант, әр­бір ғи­ма­рат­қа 1 1 1 1 Қой­ма­шы 1 1 1 1 Ка­сте­лян­ша 1 1 1 1 Экс­пе­ди­тор 1 1 1 1 Бас ас­паз 1 1 1 1 Кір жуу ма­ши­на­ла­ры­ның опе­ра­то­ры 1 2 2 3 Аяқ ки­ім­ші 1 1 1 1 Ки­ім бү­т­ін­деу жө­нін­де­гі тігін­ші 1 1 1 1 Ғи­ма­рат­тар­ға ке­шен­ді қыз­мет көр­се­те­тін және жөн­дей­тін жұ­мыс­шы (әр­бір ғи­ма­рат­қа) 1 2 2 2 Ша­шта­раз 1 1 1 1,5 Кү­зет­ші, әр­бір ғи­ма­рат­қа 3 3 3 3 Вах­тер, әр­бір ғи­ма­рат­қа 2 2 2 2 Жүк та­су­шы 1 1 1 1 Ескертпелер:
Тармақ 1
1. Тәрбиеленушілердің саны 1-7 сыныптардағы тәрбиеленушілердің әрбір тобына 2 бірліктен және 8-11 сыныптардағы тәрбиеленушілердің әрбір тобына түнгі уақыттағы, демалыс, мереке күндері мен демалыс кезеңінде тәрбиешілерді алмастыруды қоса алғанда, бір топқа бір бірліктен белгіленеді.
Тармақ 2
2. Жатақхана (интернат) бойынша кезекші немесе тәрбиеші көмекшісі лауазымының штат бірліктері әрбір жатын корпусқа жұмыстың ауысымдық режимі ескеріле отырып белгіленеді.
Тармақ 3
3. Аспаз бен ас үйдің көмекші жұмысшылары лауазымының штат бірліктері оқушылар санына қарай әрбір 60 балаға бір штат бірлігі есебінен енгізіледі.
Тармақ 4. Ескертпелер:
4. Әскери мектеп-интернаттарда әскери-жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін тир меңгерушісі мен қару қоймасы меңгерушісінің штат бірліктері қосымша енгізіледі. Ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы Тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­дің топ­тар са­ны­на қа­рай штат бір­лік­те­рі­нің са­ны 10-ға дей­ін 10-15 16 және одан да көп Ди­рек­тор 1 1 1 Ди­рек­тор­дың оқу жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры 1 1 1 Ди­рек­тор­дың тәр­бие жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры 1 1 1 Ди­рек­тор­дың ша­ру­а­шы­лық жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры 1 1 1 Пе­да­гог-пси­хо­лог 1 1 1 Аға во­жа­тый 1 1 1 Дә­рі­гер 1 1 1 Тәу­лік бойы ке­зек­ші мед­би­ке 4 4 4 Кі­ші ме­ди­ци­на­лық пер­со­нал 0,5 0,5 0,5 Кі­та­п­ха­на мең­ге­ру­ші­сі - 1 1 Кі­та­п­ха­на­шы 0,5 0,5 1 Бас бух­гал­тер 1 1 1 Бух­гал­тер 1 1 1 Іс қа­ға­з­да­рын жүр­гі­зу­ші (хат­шы) 1 1 1 Бас ас­паз 1 1 1 Ас­паз 2 2 2 Асүй жұ­мыс­шы­сы 1 2 2 Қой­ма­шы 1 1 1 Ка­сте­лян­ша 1 1 1 Экс­пе­ди­тор 1 1 1 Аяқ ки­ім­ші 1 1 1 Ки­ім мен іш­ки­ім жө­нін­де­гі тігін­ші 1 1 1 Кір жуу ма­ши­на­ла­ры­ның опе­ра­то­ры 2 2 3 Ғи­ма­рат­тар­ға ке­шен­ді қыз­мет көр­се­те­тін және жөн­дей­тін жұ­мыс­шы (әр­бір ғи­ма­рат­қа) 1 1 2 Кү­зет­ші 3 3 3 Вах­тер, әр­бір ғи­ма­рат­қа 1 1 1 Жүк­ші 1 1 1 Ескертпелер:
Тармақ 1
1. Тәрбиешілердің саны демалыс, мереке күндері және демалыс кезеңінде тәрбиешілерді алмастыруды қоса алғанда, 1-7 сыныптардағы тәрбиеленушілердің әрбір тобына 2 бірлік және 8-11 сыныптардағы тәрбиеленушілердің бір тобына 1 бірлік есебінен белгіленеді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 100-ге дейін тәрбиеленушілері бар мектеп-интернаттарда тәрбиеші лауазымының 1 штат бірлігі қосымша белгіленеді, ал 100-ден астам тәрбиеленушілері бар мектеп-интернаттарда әрбір 50 тәрбиеленушіге тәрбиеші лауазымының 0,5 штат бірлігі қосымша белгіленеді.
Тармақ 2. Ескертпелер:
2. Санаторийлік үлгідегі туберкулез мектеп-интернаттарында дәрігерлер мен медбикелердің штат бірліктері осы интернаттарда оқитын әрбір 100 оқушыға бір дәрігер мен екі медбике бірлігі есебінен белгіленеді. Ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы Тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­дің са­ны 25-ке дей­ін 25-50 50-100 101- 120 121- 160 160 және одан да көп Ин­тер­нат мең­ге­ру­ші­сі - - 1 1 1 1 Бас ас­паз 1 1,5 1,5 1,5 2 2 Ас­паз 0,5 0,5 0,5 1 1 1 Асүй жұ­мыс­шы­сы 0,5 1 1 1 1,5 2 Ка­сте­лян­ша - - - 1 1 1 Кір жу­а­тын ма­ши­на­ла­ры­ның опе­ра­то­ры 0,5 1 1,5 1,5 2 2 Тәр­би­е­ші­нің кө­мек­ші­сі 2 2 2 2 2 2 Ша­ру­а­шы­лық мең­ге­ру­ші­сі 0,5 1 1 1 1 1 Мед­би­ке 0,5 0,5 0,5 1 1 1 Ескертпелер: Жалпы білім беретін мектептер жанындағы интернаттарда кемінде 25 адамнан тұратын топқа бір тәрбиеші лауазымының штат бірлігі, бірақ интернатқа кемінде 1,5 бірлік есебінен белгіленеді. Интернатта 2 немесе одан да көп жатын корпусы болған жағдайда тәрбиешілер көмекшілерінің штат бірліктері осы корпуста тұратын тәрбиеленушілердің санына қарай белгіленеді. Саны 100-ден астам тәрбиеленуші тұратын интернатта жатын корпустың әр қабатына 2 штат бірлігі есебінен тәрбиеші көмекшісінің лауазымы белгіленеді. Интернаттардағы ғимараттарға, құрылыстар мен жабдықтарға қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы лауазымының штат бірлігі жалпы білім беретін мектепте көрсетілген лауазым болмаған кезде енгізіледі.
Тарау 3. 3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары
3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары Ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы Бі­лім алушы­лар­дың са­ны­на қа­рай штат бір­лік­те­рі­нің са­ны 280-ге дей­ін 281-560 561-840 841-1120 1121 және одан да көп 1 2 3 4 5 6 Ди­рек­тор 1 1 1 1 1 Ди­рек­тор­дың оқу жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры 1 1 1 1 2 Ди­рек­тор­дың оқу-тәр­бие жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры 1 1 1 1 1 Ди­рек­тор­дың оқу-өн­ді­рі­стік жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры 1 1 1 1 1 Ди­рек­тор­дың ша­ру­а­шы­лық жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры - 1 1 1 1 Ди­рек­тор­дың оқу-әді­сте­ме­лік жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры - - 1 1 1 Кадр­лар бө­лі­мі­нің мең­ге­ру­ші­сі - 1 1 1 1 Кадр­лар жө­нін­де­гі (ар­найы жұ­мыс бой­ын­ша) ин­спек­тор 1 1 1 1 1 Аға ше­бер 1 1 1 2 2 Ба­ста­уыш әс­ке­ри дай­ын­дық жө­нін­де­гі оқы­ту­шы-ұй­ым­да­сты­ру­шы 1 1 1 1 1 Пе­да­гог-пси­хо­лог 1 1 1 1 2 Әдіс­кер 1 1 1 2 2 Ме­ди­ци­на­лық би­ке (фельд­шер) 1 1 1 2 2 Бас бух­гал­тер 1 1 1 1 1 Бух­гал­тер 1 1 1 2 2 Оқу бө­лі­мі­нің хат­шы­сы - 1 1 1 1 Хат­шы (іс­қа­ға­з­да­рын жүр­гі­зу­ші) 1 1 1 1 1 Кі­та­п­ха­на мең­ге­ру­ші­сі - - 1 1 1 Кі­та­п­ха­на­шы 1 1 1 1 2 Жа­тақ­ха­на мең­ге­ру­ші­сі 1 1 1 1 1 Пас­порт­шы (жа­тақ­ха­на бар болған­да) 0,5 0,5 1 1 1 Ша­ру­а­шы­лық (қой­ма) мең­ге­ру­ші­сі 1 1 1 1 1 Қой­ма­шы - 1 1 1 1 Ко­мен­дант (әр­бір ғи­ма­рат­қа) 1 1 1 1 1 Бас ас­паз 1 1 1 1 1 Ас­паз 2 2 2 3 4 Ас үй жұ­мыс­шы­сы 1 1 1 2 2 Экс­пе­ди­тор 1 1 1 1 1 Ғи­ма­рат­тар­ға ке­шен­ді қыз­мет көр­се­те­тін және жөн­дей­тін жұ­мыс­шы (әр­бір ғи­ма­рат­қа) 1 1 1 2 2 Кір жуу ма­ши­на­ла­ры­ның опе­ра­то­ры 1 1 1 2 2 Кү­зет­ші (әр­бір ғи­ма­рат­қа) 3 3 3 3 3 Вах­тер (әр­бір ғи­ма­рат­қа) 1 1 1 1 2 Жүк та­су­шы 1 1 1 1 1 Ескертпелер:
Тармақ 1
1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында штат бірліктерін айқындау кезінде оқу жылының 1 қаңтарындағы білім алушылардың тізімдік құрамы бойынша саны негізге алынады.
Тармақ 2
2. Оқу процесіне электронды оқыту жүйесін енгізу кезінде немесе ақпараттық жүйені қолдану салалары бойынша мамандар даярлау кезінде білім алушылар санына қарамастан директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.
Тармақ 3
3. Белгіленген және жоғары біліктілік деңгейіндегі кадрлар даярлауды қарастыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар санына қарамастан директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.
Тармақ 4
4. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында техникалық, технологиялық, ауылшаруашылық мамандықтары бойынша 12-15 білім алушыдан тұратын өндірістік оқу тобына бір штат бірлігі, ал күрделі жабдықтарға қызмет көрсетуге, қауіпті және күрделі жұмыстар орындауға байланысты кәсіптер бойынша 8-10 білім алушыдан тұратын топқа өндірістік оқыту шебері лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
Тармақ 5
5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 500 немесе одан да көп әскери міндеттілер және әскерге шақыру жасындағы білім алушылар болған жағдайда, кадр және арнайы жұмыс жөніндегі инспектор лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
Тармақ 6
6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында бір немесе бірнеше мамандықтар бойынша кемінде 150 білім алушы бар болса, ал кәсіп немесе мамандық бейінінің ерекшелігіне байланысты кемінде 120 білім алушы болса, мамандықтар тобы бойынша бөлімше меңгерушісі лауазымының штат бірліктері қосымша белгіленеді.
Тармақ 7
7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алу бойынша менеджер лауазымының штат бірлігі енгізіледі.
Тармақ 8
8. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік бірлестік болған кезде директордың оқу-әдістемелік бірлестік жөніндегі орынбасары, әдіскер, техник-бағдарламашы, аудармашының штат бірліктері қосымша белгіленеді.
Тармақ 9
9. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жатақхана бойынша тәрбиеші лауазымының штат бірлігі жатақханада тұратын әрбір 75 білім алушыға және әрбір 25 жетім балаға қосымша енгізіледі.
Тармақ 10
10. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 20 және одан да көп жұмыс істеп тұрған жабдықтар (станоктар, машиналар, автомобильдер, тракторлар және ауылшаруашылық машиналары) болған кезде механиктің штат бірлігі белгіленеді.
Тармақ 11
11. Бірқатар пәндер шет тілінде оқытылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында шет тілі бойынша әдіскер лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.
Тармақ 12
12. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында бағдарламалар әкімшілерімен келісу бойынша еңбекақы төлеу қорының шегінде немесе көрсетілген ақылы қызметтерден түскен қаражат есебінен қажет болған жағдайда кәсіптердің (қызметшілер мен жұмысшылардың) мынадай штат бірліктері қосымша белгіленеді: аға оқытушы, экономист, әлеуметтік педагог, ұйымдастырушы педагог, консультант-заңгер, мұрағатшы, оқу бөлімінің меңгерушісі, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі, қойма меңгерушісі, медициналық пункттің меңгерушісі, асхана меңгерушісі, сүйемелдеуші, көркемдік жетекші, костюмер, суретші, киномеханик, үрмелі аспаптардың күйін келтіруші, дене шынықтыру және бұқаралық жұмыстар жөніндегі нұсқаушы, қосымша білім беру педагогы, музыкалық жетекші, жастар істері жөніндегі инспектор.
Тармақ 13
13. Эксперимент режимінде бірнеше тілде қатар оқытатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар саны 281-ден көп болғанда, директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымдарының штат бірліктері әр оқыту тілінің түріне жеке белгіленеді.
Тарау 4. 4. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған арнаулы ұйымдар қызметкерлерінің үлгі штаттары
4. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған арнаулы ұйымдар қызметкерлерінің үлгі штаттары Ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы Тәр­би­е­ле­ну­ші­лер топ­та­ры­на қа­рай штат­тық бір­лік­тер са­ны 8-ге дей­ін 9-14 15-30 31 және одан да көп Ди­рек­тор 1 1 1 1 Ди­рек­тор­дың оқу- тәр­бие жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры 1 - - - Ди­рек­тор­дың оқу жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры - 1 1 1 Ди­рек­тор­дың тәр­бие жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры - 1 1 1 Ди­рек­тор­дың ша­ру­а­шы­лық жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры 1 1 1 1 Пе­да­гог-пси­хо­лог 1 1 1,5 2 Аға во­жа­тый 1 1 1 1 Дә­рі­гер 1 1 1 1 Тәу­лік бойы ке­зек­ші­лік ете­тін мед­би­ке 4 4 4 4 Кі­ші ме­ди­ци­на­лық пер­со­нал 0,5 0,5 0,5 1 Бас бух­гал­тер 1 1 1 1 Бух­гал­тер 1 1 1 1 Іс қа­ға­з­да­рын жүр­гі­зу­ші (хат­шы) 1 1 1 1 Кі­та­п­ха­на мең­ге­ру­ші­сі - 1 1 1 Кі­та­п­ха­на­шы 0,5 - - 1 Қой­ма­шы 1 1 1 1 Ка­сте­лян­ша 1 1 1 1 Экс­пе­ди­тор 1 1 1 1 Бас ас­паз - 1 1 1 Ас­паз 2 2 2 3 Ас­ха­на жұ­мыс­шы­сы 1 1 2 3 Кір жуу ма­ши­на­ла­ры­ның опе­ра­то­ры 1 2 3 3 Ғи­ма­рат­тар­ға ке­шен­ді қыз­мет көр­се­те­тін және жөн­дей­тін жұ­мыс­шы (әр­бір ғи­ма­рат­қа) 1 1 2 2 Кү­зет­ші 3 3 3 3 Вах­тер, әр ғи­ма­рат­қа 1 1 1 1 Жүк та­су­шы 1 1 1 2 Ескертпелер:
Тармақ 1
1. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арнаулы білім беру ұйымдарында тәрбиешілердің саны тәрбиеленушілердің әр тобына 2 штат бірлігі есебінен белгіленеді.
Тармақ 2
2. Сыныптар және тәрбиелеу топтарының толықтырылуы мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған арнаулы білім беру ұйымдары туралы тиісті нормативтік құқықтық актіде айқындалады.
Тармақ 3
3. Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ жексенбі және мереке күндері осы ұйымда қалатын балалар бар арнаулы білім беру ұйымдарында қосымша мынадай лауазымдар: осындай әрбір 25 балаға бірақ әр ұйымға 0,25 бірліктен кем болмайтын тәрбиеші лауазымының 0,25 штат бірлігі; ұйымда кемінде осындай 25 бала болған кезде аспаз лауазымының 0,5 штат бірлігі белгіленеді.
Тармақ 4
4. Жүріп-тұру мүшелері, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарында 12-15 – балаға бір штат бірлігі есебінен, кемтарлығы күрделі балаларға балалар саны 6-дан аспайтын топтарға бір штат бірлігі есебінен логопед мұғалім және дефектолог мұғалім лауазымдары белгіленеді.
Тармақ 5
5. Бір немесе бірнеше мектепке дейінгі топтары бар арнаулы білім беру ұйымдарында әрбір топқа мынадай лауазымдар: тәрбиеші – екі штат бірлігі; естімейтін, нашар еститін, кейін саңырау болған балаларға, зағип және нашар көретін, ақыл-ойы кенжелеп қалған балаларға арналған топтар үшін дефектолог мұғалімнің бір штат бірлігі белгіленеді.
Тармақ 6
6. Көру қабілеті бұзылған, жүріп-тұру мүшелері бұзылған балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі топтарында тәрбиеші көмекшісінің екі штат бірлігі, сөйлеу қабілеті өте нашар әрбір 10 балаға немесе фонетикалық сөйлеу қатары бұзылған әрбір 12 балаға логопед мұғалімнің бір штат бірлігі белгіленеді. Егер мектепке дейінгі топтардың жатын бөлмелері қатар орналасса, әрбір екі топқа 2,5 штат бірлігі есебінен тәрбиешінің көмекшісі, 0,5 штат бірлігі есебінен кір жуу машинисі лауазымдары белгіленеді.
Тармақ 7
7. Арнаулы білім беру ұйымдарында екі немесе одан да көп мектепке дейінгі топтар болған кезде аспаз және қосалқы жұмысшы лауазымдарының 0,5 штат бірліктері қосымша белгіленеді.
Тармақ 8
8. Көру қабілеті бұзылған балаларға, жүріп-тұру мүшелері бұзылған балаларға арналған төрттен тоғызға дейін топтары бар арнаулы білім беру ұйымдарында қосалқы жұмысшы лауазымының бір штат бірлігі, ал тоғыз және одан да көп топтар болған кезде қосалқы жұмысшы лауазымының екі штат бірлігі қосымша белгіленеді.
Тармақ 9
9. Жүріп-тұру мүшелері бұзылған балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарында: тәрбиеленушілерінің саны 100 дейін осы ұйымдарда ортопедиялық аппараттарды жөндеу жөніндегі техник лауазымының 0,5 штат бірлігі және тәрбиеленушілер саны 100 астам болса, 1 штат бірлігі белгіленеді.
Тармақ 10
10. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарында оқушылар бедерлі қаріптермен жазылған оқулықтар мен оқу әдебиетін пайдаланатын 4-5 топ болса, кітапханашы лауазымының 0,5 штат бірлігі белгіленеді.
Тармақ 11
11. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарында 3-8 сынып болған кезде – дыбысты күшейту аппаратына қызмет көрсету жөніндегі техник лауазымының бір штат бірлігі, осындай 9-16 сынып болса – 1,5 штат бірлігі белгіленеді. Сыныптардың қатарында дыбысты күшейту аппаратурасы орнатылған мектепке дейінгі топтар да есепке алынады.
Тармақ 12
12. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарында есту кабинетінің дефектолог мұғалімі лауазымының бір штат бірлігі белгіленеді.
Тармақ 13
13. Арнаулы білім беру ұйымдарында тәрбиешінің көмекшісі лауазымы әрбір жатын корпусына екі штат бірлігі есебінен белгіленеді, жатын корпусына 100 астам тәрбиеленуші орналастырылған кезде жатын корпусының әрбір қабатына екі штат бірлігі енгізіледі.
Тармақ 14
14. Арнаулы білім беру ұйымында жатын корпусынан тыс орналасқан изолятор болған кезде тәрбиешінің көмекшісі лауазымының екі штат бірлігі қосымша белгіленеді.
Тармақ 15
15. Топ саны 15-ке дейінгі арнаулы білім беру ұйымдарында жуылатын бұйымдардың бір бөлігі кір жуатын орындарға тапсырылатын жағдайда кір жуу машиналары операторы лауазымының бір штат бірлігі, ал 15 топ және одан астам болса, лауазымның екі штат бірлігі белгіленеді.
Тармақ 16
16. Жүріп-тұру мүшелері бұзылған балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарында әрбір топқа массаж жасаушы мейіргер лауазымының 0,5 штат бірлігі белгіленеді.
Тармақ 17
17. 150 астам тәрбиеленушісі бар арнаулы білім беру ұйымдарында психиатр дәрігер лауазымының бір штат бірлігі қосымша енгізіледі.
Тарау 5. 5. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар қызметкерлерінің үлгі штаттары
5. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар қызметкерлерінің үлгі штаттары Ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы Тәр­би­е­ле­ну­ші­лер топ­та­ры­ның са­ны­на қа­рай штат бір­лік­те­рі­нің са­ны 5 топ­қа дей­ін 5-9 топ­тар 10 және одан да көп топ­тар Ди­рек­тор 1 1 1 Ди­рек­тор­дың оқу жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры 0,5 1 1 Ди­рек­тор­дың тәр­бие жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры 0,5 1 1 Ди­рек­тор­дың ша­ру­а­шы­лық жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры 1 1 1 Әдіс­кер 0,5 1 1 Пе­да­гог-пси­хо­лог 1 1 1 Әле­умет­тік пе­да­гог 1 1 1 Бас бух­гал­тер 1 1 1 Бух­гал­тер 1 1 1 Кадр­лар мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі ин­спек­тор - 0,5 1 Хат­шы 1 1 1 Дә­рі­гер-пе­ди­атр 1 1 1 Тәу­лік бойы ке­зек­ші­лік ете­тін мед­би­ке 4 4 4 Кі­ші ме­ди­ци­на­лық пер­со­нал 0,5 0,5 1 Кі­та­п­ха­на мең­ге­ру­ші­сі - - 1 Кі­та­п­ха­на­шы 1 1 - Қой­ма­шы 1 1 1 Ка­сте­лян­ша 1 1 1 Ки­ім-ке­шек пен іш ки­ім­ді жөн­дей­тін тігін­ші 1 1 1 Экс­пе­ди­тор 0,5 1 1 Бас ас­паз 1 1 1 Ас­паз 2 4 4 Ас­ха­на жұ­мыс­шы­сы 3 3 3 Ыдыс жу­у­шы 1 2 3 Кір жуу ма­ши­на­ла­ры­ның опе­ра­то­ры 1 2 3 Аяқ ки­ім­ші 1 1 1 Ша­шта­раз 1 1 1 Ғи­ма­рат­тар­ға ке­шен­ді қыз­мет көр­се­те­тін және жөн­дей­тін жұ­мыс­шы (әр­бір ғи­ма­рат­қа) 1 2 2 Кү­зет­ші 3 3 3 Жүк та­су­шы 1 1 1 Вах­тер, әр ғи­ма­рат­қа 1 1 1 Ескертпелер:
Тармақ 1
1. Балалық шақ үйлерінде қосымша невропатолог дәрігері, физиокабинет медбикесі, патронаждық бикесі, емдәмбикесі, аға медбике, емдік дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы, массаж жасаушы, сондай-ақ қажет болған жағдайда медбике лауазымының штат бірліктері қосымша енгізіледі.
Тармақ 2
2. Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тіс дәрігері, физиотерапия жөніндегі медбике және емдік дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы лауазымдары 150-ге дейін тәрбиеленушілер болған жағдайда 0,5 штат бірлігі және 150 және одан астам тәрбиеленуші болған жағдайда 1 штат бірлігі есебінен белгіленеді.
Тармақ 3
3. Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиешілер лауазымдары штат бірліктерінің саны (мектепке дейінгі жастағы балалар топтарында тәрбиешілердің көмекшілері лауазымдарының штат бірліктері қосымша белгіленеді) тәрбиеленушілердің әрбір тобына (отбасына) тәрбиешілердің түнгі уақыттағы кезекшілігін, демалыс, мереке кезеңіндегі ауыстыруды, сондай-ақ апталық жүктемені және ұйымдағы жұмыс режимін ескере отырып белгіленеді.
Тармақ 4
4. Аталған ұйымдарда есту, сөйлеу, көру, ойлау қабілеттері бұзылған балалар (көру қабілеті нашарлаған балалардан басқа) болған кезде дефектолог мұғалім лауазымы есту, сөйлеу, көру, ойлау қабілеті бұзылған балалардың әрбір тобына, логопед мұғалім лауазымы сөйлеу қабілеті өте нашар (алалия, дизартия, ринолалия, афазия, тұтығу) 12 баладан тұратын әрбір топқа немесе фонетикалық сөйлеу құрылымы бұзылған 15 баладан тұратын әрбір топқа штат бірлігі белгіленеді.
Тармақ 5
5. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда үйірмелік, еңбек, спорт және емдеу іс-шаралары өткізілуіне қарай музыка жетекшісі, қосымша білім беру педагогы, сондай-ақ дене шынықтыру мен еңбекке баулу жөніндегі нұсқаушы лауазымдарының штат бірліктері белгіленеді.
Тармақ 6
6. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда жер учаскесі мен қосалқы шаруашылығы болған кезде бейін бойынша мамандардың штат бірліктері (агроном, зоотехник т.б.) қосымша енгізіледі.
Тармақ 7
7. Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың жанында жалпы білім беретін мектеп, балалар үйінен шеткері орналасқан өзінің демалыс аймағы болған жағдайда қосымша штат бірліктері тиісті білім беру ұйымдарының үлгі штаттарына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 8
8. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда штат санының лимиті шеңберінде ұйым басшылары қажет болған жағдайда лауазымдардың штат бірліктерін ауыстыруды жүзеге асыра алады.
Тарау 6. 6. Қосымша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары
6. Қосымша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары Ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы Топ са­ны­на қа­рай штат бір­лік­те­рі­нің са­ны 35-тен көп бол­са 26-дан 35-ке дей­ін бол­са 25-ке дей­ін бол­са Ди­рек­тор 1 1 1 Ди­рек­тор­дың оқу жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры 1 1 1 Ди­рек­тор­дың ша­руа- шы­лық жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры 1 Ша­ру­а­шы­лық мең­ге­ру­ші­сі - 1 1 Дә­рі­гер 1 1 1 Хат­шы (іс қа­ға­з­дар­ды жүр­гі­зу­ші) 1 1 0,5 Бух­гал­тер 1 0,5 0,5 Ғи­ма­рат­тар­ға ке­шен­ді қыз­мет көр­се­те­тін және жөн­дей­тін жұ­мыс­шы 2 1,5 1 Жаб­дық­тар жө­нін­де­гі тех­ник 1 1 1 Кү­зет­ші 3 3 3 Вах­тер, әр ғи­ма­рат­қа 1 1 1 Ескертпелер:
Тармақ 1
1. Спорт мектептеріндегі әдістемеші-нұсқаушы лауазымы штат бірліктерінің саны спорт түрлері бойынша бөлімшелерінің санына қарай белгіленеді.
Тармақ 2
2. Оқу-жаттығу процесіне қызмет көрсету, спорттық мүкәммал мен жабдықтарды жөндеу жөнінде қызмет көрсететін механик лауазымының штат бірліктері спорт құрылыстарының санаттары мен спорт түрлері ескеріле отырып белгіленеді.
Тармақ 3. Ескертпелер:
3. Балалар-жасөспірімдердің спорт олимпиадалық резерв мектептері қызметкерлерінің үлгі штаттары топтар саны 35-тен асатын спорт мектептерінің штат бірліктеріне сәйкес белгіленеді. Ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы Оқу­шы­лар са­ны­на қа­рай штат бір­лік­те­рі­нің са­ны 50-ге дей­ін 51-100 101-250 251-500 500-ден аса Ди­рек­тор - 1 1 1 1 Ди­рек­тор­дың оқу жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры - - 1 1 1 Ди­рек­тор­дың тәр­бие жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры - - 1 1 1 Бас бух­гал­тер - 1 1 1 1 Бух­гал­тер 1 1 1 1 1 Кі­та­п­ха­на­шы 0,5 0,5 1 1 1 Му­зы­ка­лық ас­пап­тар- дың құ­лақ күй­ін кел­ті­ріп жөн­де­у­ші 25 кла­виш­тік ас­пап­қа бір штат бір­лі­гі Хат­шы (іс қа­ға­з­дар- ды жүр­гі­зу­ші) 1 1 1 1 1 Ғи­ма­рат­тар­ға ке­шен­ді қыз­мет көр­се­те­тін және жөн­дей­тін жұ­мыс­шы 1,5 1,5 2 2 2 Кү­зет­ші 3 3 3 3 3 Вах­тер, әр ғи­ма­рат­қа 1 1 1 1 1 Ескертпелер:
Тармақ 1
1. Оқушылардың саны 50-ге дейінгі музыка, көркемөнер, өнер мектептерінде директор лауазымының штат бірлігі белгіленбейді. Мектепке басшылық жасағаны үшін педагогтардың біреуіне оның лауазымды қоса атқарғаны үшін немесе лауазымдық міндеттерінің кеңейгені үшін лауазымдық жалақысы арттырылады.
Тармақ 2
2. Осы ұйымдардың филиалдары болған кезде оқушылар саны 50-ден 200-ге дейін болса 0,5 штат бірлігі бар филиал меңгерушісінің лауазымы, ал саны 200 оқушыдан асса - 1 штат бірлігі белгіленеді. Оқушылар саны 50-ге дейін филиалдарда филиал меңгерушісінің лауазымы белгіленбейді.
Тармақ 3
3. Өнердің бірнеше түрімен (музыкалық, көркемөнер, хореографиялық) қатар жұмыс істейтін осы ұйымдарда бейіні бойынша директордың орынбасары лауазымының штат бірлігі оқытудың әр түрі бойынша жеке белгіленуі мүмкін.
Тармақ 4. Ескертпелер:
4. Костюмер лауазымының штат бірлігі көрсетілген ұйымдарда хор, хореография, театр немесе драма ұжымдары болған кезде енгізіледі. Ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы Штат­тық бір­лік­те­рі­нің са­ны Ди­рек­тор 1 Ди­рек­тор­дың оқу-тәр­бие жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры 1 Ша­ру­а­шы­лық мең­ге­ру­ші­сі 1 Бұ­қа­ра­лық бө­лі­мі­нің мең­ге­ру­ші­сі 1 Әді­сте­ме­лік бө­лі­мі­нің мең­ге­ру­ші­сі 1 Пе­да­гог-пси­хо­лог 1 Бух­гал­тер 1 Хат­шы 1 Бе­зен­ді­ру­ші-су­рет­ші 1 Му­зы­ка­лық ас­пап­тар­дың құ­лақ күй­ін кел­ті­ру­ші - 25 кла­виш­тік ас­пап­қа 1 ла­у­а­зым Ғи­ма­рат­тар­ға ке­шен­ді қыз­мет көр­се­те­тін және жөн­дей­тін жұ­мыс­шы (әр­бір ғи­ма­рат­қа) 1 Кү­зет­ші 3 Вах­тер, әр ғи­ма­рат­қа 1 Ескертпелер:
Тармақ 1
1. Балалар мен жасөспірім шығармашылық сарайларында, үйлерінде, орталықтарында, кешендерінде, студияларында ән және би ансамблі, хореографиялық ұжымы, хор ұжымы және қатысушыларының саны кемінде 90 адам болған жағдайда ансамбльдің көркемдік жетекшісі, балетмейстер, хормейстер лауазымдарының штат бірліктері белгіленеді.
Тармақ 2
2. Осы ұйымдарда оркестрдің дирижері лауазымының штат бірлігі оркестрде кемінде 50 адам болған кезде белгіленеді.
Тармақ 3
3. Осы ұйымдарда хор, хореография, театр немесе драма ұжымы болған жағдайда костюмер лауазымының штат бірлігі енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы ұйымдарда кемінде 3 мың дана кітап қоры болған кезде кітапханашы лауазымының штат бірлігі енгізіледі.
Тармақ 5. Ескертпелер :
5. Осы ұйымдарда киноқондырғысы және кемінде 250 орындық көрермен залы, жабдықталған сахнасы болған кезде киномеханик лауазымының 0,5 штат бірлігі, жарық түсіруші мен сахна машинисі 0,5 штат бірліктен белгіленеді. Ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы Штат­тық бір­лік­те­рі­нің са­ны Ди­рек­тор 1 Ди­рек­тор­дың әді­сте­ме­лік жұ­мысы жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры 1 Қой­ма (ша­ру­а­шы­лық мең­ге­ру­ші­сі) 1 Бө­лім мең­ге­ру­ші­ле­рі (бір бей­ін­де­гі 10 үй­ір­ме болған жағ­дай­да - 1 штат бір­лі­гі) Бух­гал­тер 1 Хат­шы (іс қа­ға­з­да­рын жүр­гі­зу­ші) 1 Ғи­ма­рат­тар­ға ке­шен­ді қыз­мет көр­се­те­тін және жөн­дей­тін жұ­мыс­шы (әр­бір ғи­ма­рат­қа) 1 Кү­зет­ші 3 Вах­тер, әр ғи­ма­рат­қа 1 Ескертпелер :
Тармақ 1
1. Осы мектептен тыс ұйымдар, жалақы қоры бағдарламалар әкімшілері бекітетін бюджеттік қаржы шегінде, қосымша білім беру педагогтарды, ұйымдастырушы педагогтарды, әдіскерлерді жұмысқа тарта алады.
Тармақ 2
2. Осы ұйымдарда сорғы стансасы болған кезде сорғы техникасына қызмет көрсету технигі лауазымының штат бірлігі енгізіледі.
Тармақ 3. Ескертпелер:
3. Осы ұйымдарда бір немесе бірнеше шеберхана болған кезде шебер лауазымының штат бірлігі енгізіледі. Ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы Ауы­сым­да­ғы ба­ла­лар са­ны­на қа­рай штат­тық бір­лік­тер 160-қа дей­ін 161-ден 280-ге 281-ден 400-ге 400-ден аса Ди­рек­тор (ба­стық) 1 1 1 1 Аға во­жа­тый 1 1 1 1 Ша­ру­а­шы­лық мең­ге­ру­ші­сі 1 1 1 1 Бух­гал­тер 1 1 1 1 Дә­рі­гер 1 1 1 1 Мед­би­ке 1 1 2 2 Дене тәр­би­е­сі жө­нін­де­гі нұс­қа­у­шы 1 1 1 1 Сүй­е­мел­де­у­ші 1 1 1 1 Бас ас­паз 1 1 1 1 Ас­паз 3 3 4 4 Асүй жұ­мыс­шы­сы 2 3 4 5 Ыдыс жу­у­шы 1 1 1 1 Қой­ма­шы - 1 1 1 Кан­сте­лян­ша 1 1 1 1 Кір жу­а­тын ма­ши­на­лар­дың опе­ра­то­ры 1 1,5 2 2 Кү­зет­ші 3 3 3 3 Ескертпелер:
Тармақ 1
1. Спорт лагерлерінде (балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің лагерлерінен басқа) жаттықтырушы-оқытушы лауазымдары 15-20 адамнан тұратын топқа бір штат бірлігі есебінен белгіленеді.
Тармақ 2
2. Спорттық және сауықтыру лагерлерінде тәрбиеші лауазымдары әрбір 35 адамға бір штат бірлігі есебінен белгіленеді.
Тармақ 3. Ескертпелер:
3. Лагерде су айдыны болған жағдайда (жүзуден мамандандырылған спорт лагерлерін қоспағанда) жүзуден нұсқаушы-әдіскер лауазымының штат бірлігі белгіленеді. Ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы Ауы­сым­да­ғы оқу­шы­лар­дың са­ны­на қа­рай штат­тық бір­лік­тер 150-ге дей­ін 150-ден 250-ге 250-ден аса Ди­рек­тор (ба­стық) 1 1 1 Аға тәр­би­е­ші 1 1 1 Ша­ру­а­шы­лық мең­ге­ру­ші­сі 1 1 1 Бух­гал­тер 1 1 1 Дә­рі­гер - 1 1 Мед­би­ке 1 1 1 Сүй­е­мел­де­у­ші 1 1 1 Бас ас­паз 1 1 1 Ас­паз 1 2 2 Асүй жұ­мыс­шы­сы 1 1 2 Кір жу­а­тын ма­ши­на­лар­дың опе­ра­то­ры 1 2 2 Кү­зет­ші 3 3 3 Ескертпелер:
Тармақ 1
1. Санаттық және санаттан тыс туристік саяхаттар өткізген кезде жетекші және жетекші орынбасары (бір, екі, үш күндік жорықтарда-жетекші орынбасары) лауазымдарының штат бірліктері 15 адамнан тұратын топқа, ал туризмнің техникалық күрделі түрлерінен саяхаттар өткізген кезде (велосипедпен, суда, тауда, шаңғымен және т.б.) 12 адамнан тұратын топқа белгіленеді.
Тармақ 2
2. Қатысушылар экскурсиялық туристік базаларда қабылданатын экскурсиялық сапарлар өткізу кезінде 15-25 адамнан тұратын топқа жетекші және жетекші орынбасары лауазымдарының штат бірліктері белгіленеді.
Тармақ 3
3. Туристік лагерлерде 35-40 баладан тұратын топтарға тәрбиеші және вожатый лауазымдары бір штат бірліктен (ал жоғары сыныптар оқушыларына арналған лагерлерде тәрбиеші лауазымы екі штат бірлігі) белгіленеді.
Тармақ 4
4. Туристік лагерлерде туризм жөніндегі нұсқаушы-әдіскер лауазымы әрбір 45 адамға бір штат бірлігі есебінен және 15-20 адамнан тұратын топқа тәрбиеші лауазымы бір штат бірлігі есебінен белгіленеді.
Тарау 7. 7. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау арнаулы ұйымдарының қызметкерлерінің үлгі штаттары
7. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау арнаулы ұйымдарының қызметкерлерінің үлгі штаттары Ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы Штат бір­лік­те­рі­нің са­ны Бас­шы 1 Пси­хи­атр-дә­рі­гер 1 Нев­ро­па­то­лог-дә­рі­гер 1 Сур­до­лог-дә­рі­гер 1 Оф­таль­мо­лог-дә­рі­гер 1 Пе­да­гог-пси­хо­лог 1 Ло­го­пед-мұ­ға­лім 1 Де­фек­то­лог-мұ­ға­лім 1 Сур­до­пе­да­гог 1 Ти­фло­пе­да­гог 1 Ме­ди­ци­на­лық ста­тист 1 Бух­гал­тер 1 Ескертпе:
Тармақ 1
1. Медицина саласының басқа мамандары кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау арнаулы ұйымдарына жұмысқа 0,5 ставка немесе еңбекке сағаттық ақы төлеу шартымен тартылады.
Тарау 8. 8. Барлық білім беру ұйымдарына ортақ жекелеген лауазымдар бойынша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары
8. Барлық білім беру ұйымдарына ортақ жекелеген лауазымдар бойынша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары
Тармақ 1
1. Мемлекеттік емес тілде оқытылатын білім беру ұйымдарында қазақ тілінің аудармашысы лауазымының штат бірлігі қосымша енгізіледі.
Тармақ 2
2. Білім беру ұйымдарында арнайы жабдықталған кабинеттер, шеберханалар, зертханалар, оқу-зертханалық жабдықтар, оқу-есептеу техникасының кабинеттері, аудио-бейне, лингвистикалық кабинеттер, байланыс құралдары және басқа да күрделі аппаратуралар болған жағдайда Жабдықтау жөніндегі инженердің, бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі маманның және зертханашы лауазымдарының штат бірліктері белгіленеді.
Тармақ 3
3. Киім ілуші лауазымының штат бірлігі, жабдықталған киім ілгіш болған жағдайда, жұмыс маусымына белгіленеді. Оқушыларға сабақ беру екінші, үшінші ауысымдарда өткізілетін білім беру ұйымдарында және ұзартылған күн топтары болған жағдайда әр киім ілгішке 0,5 штат бірлігі есебінен киім ілуші лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.
Тармақ 4
4. От жағушылар мен машинистердің лауазымы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесіне берілмеген ұйымдарда: орталықтандырылған жылу болған жағдайда әр қазандыққа ауысымына от жағушы лауазымының 1 штат бірлігі, ал сыртқы жылытқышы 75 шаршы метрден асатын қатты отынмен (шымтезекпен, көмірмен) жылытылатын қазандықтарда әр ауысымға от жағушы лауазымының 2 штат бірлігі енгізіледі; газбен жылытылған кезде ауысымға 1 машинист, ал қауіпсіздік автоматикасы жоқ қазандықтарда ауысымына 2 машинист лауазымының штат бірлігі енгізіледі; орталықтандырылған жылумен (ЖЭО) қамтамасыз етілетін, жылу пункті немесе элеваторы бар мекемелерде - ғимараттар мен құрылыстарға қызмет көрсететін және жөндеу жұмыстарын жүргізетін жұмысшы лауазымының 1 штат бірлігі, ал бойлері, сорғылары болған жағдайда ауысымға осындай бір жұмысшы лауазымының штат бірлігі енгізіледі; пешпен жылытылатын болған жағдайда әрбір 5 пешке от жағушы лауазымының 1 штат бірлігі, бірақ әрбір білім беру ұйымдарына кемінде бір бірліктен белгіленеді. Осы тармақта көзделген от жағушылар немесе машинистер лауазымдары жылыту маусымына белгіленеді. Көрсетілген қызметтердің жалпы санынан от жағушы немесе машинист лауазымы бір штат бірлігі жыл бойына белгіленеді.
Тармақ 5
5. Қызмет үй-жайларын тазалаушы лауазымы 250 шаршы метр жиналу алаңына 0,5 штат бірлігі есебінен, бірақ әрбір білім беру ұйымында кемінде бір бірліктен белгіленеді. Оқушылар сабағы екінші, үшінші ауысымда өткізілетін, сондай-ақ ұзартылған күн бойынша оқытылатын топтары бар білім беру ұйымдарында мынадай есептен қызмет үй-жайларын тазалаушы лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді: 2 және 3 ауысымда жұмыс істейтін мектептерде әрбір 250 шаршы метр жиналатын алаңына 0,5 бірлік лауазым, ұзартылған күнмен жұмыс істейтін мектептерде ұзартылған күн топтары пайдаланатын алаңының әрбір 250 шаршы метр жиналатын алаңына 0,5 бірлік лауазым белгіленеді.
Тармақ 6
6. Білім беру ұйымдарында тиісті еден (паркет және т.б.) жабындылары төселген жағдайда еден сүртуші лауазымының штат бірлігі енгізіледі.
Тармақ 7
7. Аула сыпырушы лауазымының штат бірліктері сыпырылатын учаске алаңына қарай белгіленеді. Шағын жинақталған білім беру ұйымдарында аула сыпырушы лауазымының штат бірлігі сыпыру учаскесінің алаңына қарамастан ұйымға бір штат бірлігі есебінен белгіленеді.
Тармақ 8
8. Жеміс бау-бақшасы бар немесе 1,5 гектардан кем емес сәндік екпелер отырғызылған жер телімдері бар білім беру ұйымдарында аула сыпырушының орнына бағбан лауазымының штат бірлігі енгізілуі мүмкін.
Тармақ 9
9. Білім беру ұйымдарында автомобиль көлігі, мотокөлік құралы немесе мал көлігі болған жағдайда көліктің әрбір түріне жүргізуші лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
Тармақ 10
10. Білім беру ұйымдарында әрбір 500 жарықтандыру және электрлік нүктелерге электромонтер лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
Тармақ 11
11. Слесарь-сантехник және балташы лауазымдарының штат бірліктері білім беру ұйымдарының бөлек тұрған әрбір ғимараттарына енгізіледі.
Тармақ 12
12. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарда ұйымдардың үлгісіне қарай және үлгі оқу жоспарына сәйкес бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушысы лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
Тармақ 13
13. Білім беру ұйымдарында қосалқы шаруашылық, егістік алаңы болған кезде директордың өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлігі қосымша енгізіледі.
Тармақ 14
14. Ұзартылған күнмен білім беру ұйымдарында қосымша мынадай лауазымдық штат бірліктері белгіленеді: медициналық бике; қоймашы, аспаз, көмекші жұмысшы лауазымдары тамақ тікелей білім беру ұйымында даярланған жағдайда ғана енгізіледі; сыныптардың саны тоғыздан асқан жағдайда білім беру ұйымында аспаз лауазымының 2 штат бірлігі енгізіледі; тәрбиеші лауазымы ұзартылған күн тобына бір штат бірлігі есебінен белгіленеді.
Тармақ 15
15. Жабдықталған оқу шеберханалары бар білім беру ұйымдарында шеберхана меңгерушісі мен шебер лауазымының штат бірліктері белгіленеді.
Тармақ 16
16. Білім беру ұйымдарында зертханашы лауазымының штат бірлігі әрбір кабинетке мынадай есептен: 9-18 сынып-жинақтауыш санына лауазымның 1 штат бірлігі, 19-28 сынып болса 1,5 лауазым бірлігі, 29-39 болса 2 лауазым, 40 және одан көп болса 2,5 лауазым белгіленеді. Компьютер сыныптары мен басқа да арнайы жабдықталған кабинеттер болған жағдайда әрбір кабинетке зертханашы лауазымының 0,5 штат бірлігі қосымша белгіленеді.
Тармақ 17
17. Оқушыларға көлік құралдарын жүргізуді, ауыл шаруашылығы машиналарымен жұмыс істеуді, жазу машинасымен және басқа да ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеуді үйрететін білім беру ұйымдарында өндірістік оқыту шебері лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
Тармақ 18
18. Білім беру ұйымдарында жүзу бассейні болған кезде жүзуге үйрету жөніндегі сабақтар өткізілетін әрбір 2 топқа лауазымның 0,25 штат бірлігі есебінен жүзуді үйрету жөніндегі нұсқаушы лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді. Хлорлау қондырғысы болған жағдайда 4-тен 8-ге дейінгі топтарға лауазымның 0,5 штат бірлігі, ал 9 және одан көп топтарға 1 штат бірлігі есебінен хлорлау операторы лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
Тармақ 19
19. Бірқатар пәндер шет тілде оқытылатын білім беру ұйымдарында директордың шет тілі жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.
Тармақ 20
20. Мектепке дейінгі дайындық жөніндегі жұмыс ұйымдастырылған білім беру ұйымдарында мектеп жасына дейінгі балалар сыныбының тәрбиешісі лауазымының штат бірліктері белгіленеді.
Тармақ 21
21. Білім беру ұйымдарында спорт кешені болған жағдайда спорт кешенінің меңгерушісі, бассейн меңгерушісі, жүзу жөніндегі нұсқаушы, жүзу бассейнінің медбикесі, кіші медициналық персонал, киім ілуші, хлорлау қондырғысының операторы лауазымдарының штат бірліктері қосымша белгіленеді.
Тармақ 22
22. Білім беру ұйымдарында музыкалық аспаптар болған жағдайда музыкалық аспаптар қоймасының меңгерушісі лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.
Тармақ 23
23. Әр түрлі тілдерде қатар оқытатын эксперимент режимімен жұмыс істейтін білім беру ұйымдарында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары лауазымдарының штат бірліктері әрбір тілді оқытуға жеке белгіленеді.
Тармақ 24
24. Құрамында сырттай оқитын жұмысшы жастар сыныптары немесе топтары бар жалпы білім беретін ұйымдарда жұмысшы жастардан жинақталған сыныптардың (топтардың) саны есепке алынып, осы ұйым қызметкерлерінің штат бірліктері белгіленеді. Күндізгі және сырттай немесе тек қана сырттай оқу нысандары бар білім беру ұйымдарында қызмет көрсетуші персонал мен жұмысшылардың лауазымдарын белгілеген кезде осы мектептің үй-жайларында оқитын оқушылар саны есепке алынады, ал басшы және оқу-көмекші персоналы лауазымдарын белгілеген кезде басқа ұйымдар беретін үй-жайларда оқитын жекелеген сыныптар оқушыларының, сырттай оқитын оқушылар топтарының және оқу-консультациялық пункттерінің оқушылар саны ескеріледі.
Тармақ 25
25. 100 және одан да көп сырттай оқитын оқушысы және кемінде екі оқу-консультациялық пункті бар күндізгі және сырттай немесе тек қана сырттай оқыту нысанындағы білім беру ұйымдарында 0,5 штат бірлігі есебінен әдіскер, ал 200 немесе одан да көп сырттай оқитын оқушылары бар ұйымдарда әдіскер лауазымының 1 штат бірлігі белгіленеді. 100-ден 200-ге дейін сырттай оқитын оқушылары бар оқу-консультациялық пункттерде лауазымның 0,5 штат бірлігі есебінен әдіскер, ал 200-ден астам сырттай оқитын оқушылары болғанда - консультациялық пункттің меңгерушісі лауазымының 1 штат бірлігі белгіленеді.
Тармақ 26
26. Оқушылардың саны 2000-нан асатын білім беру ұйымдарында 1,5 штат бірлігі медбике және 1 штат бірлігі кіші медициналық персонал (санитар), оқушыларының саны 3000-нан асатын ұйымдарда 2 бірлік медбике және 1,5 штат бірлігі кіші медициналық персонал (санитар) лауазымдарының штат бірліктері белгіленеді.
Тармақ 27
27. Ұйымдарда тұратын балалар саны 100 және одан көп білім беру ұйымдарында емдәмбике лауазымының 1 штат бірлігі белгіленеді, балалар саны 450 және одан көп ұйымдарда көмекші жұмысшы лауазымының 3 штат бірлігі белгіленеді.
Тармақ 28
28. 150-ден астам оқушы жатақханада тұратын білім беру ұйымында кастелянша лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
Тармақ 29
29. Білім беру ұйымдарында қажет болған жағдайда балаларды (тәрбиеленушілердің, білім алушылардың) бейіндік оқыту мен тәрбиелеуге сәйкес келетін, сондай-ақ өткізілетін үйірмелік, спорт, емдеу іс-шараларына қарай лауазымдардың (директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, ұйымдастырушы педагог, әлеуметтік талдаушы, сүйемелдеуші, көркемдік жетекші, костюмер, суретші, киномеханик, сахна жұмысшысы, музыкалық аспаптардың күйін келтіруші, өндірістік оқыту шебері, дене шынықтыру және еңбекке баулу жөніндегі нұсқаушы, қосымша білім беру педагогы, музыкалық жетекші, мұрағатшы, экономист және басқалар) штат бірліктері қосымша белгіленеді.
Тармақ 30
30. Білім беру ұйымдарында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымы сыныптар саны 40-49 болған кезде 2,5 штат бірлігі, 50-59 болса - 3 штат бірлігі, 60 және одан көп болса - 3,5 штат бірлігі белгіленеді.
Тармақ 31
31. Дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы лауазымының штат бірлігі білім беру ұйымдарында мектеп жасына дейінгі балалардың әрбір 2 тобына лауазымның 0,25 штат бірлігі есебінен балаларды сауықтыру және шынықтыру жөніндегі іс-шаралар талаптарына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 32
32. Білім беру ұйымдарында балалар тобы 8-ден кем болмаған жағдайда қажеттілігіне қарай тігінші лауазымының 0,5 штат бірлігі белгіленеді.
Тармақ 33
33. Білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар орта білім беру ұйымдарында білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес тамақтандыруды ұйымдастыруға қажетті жағдайлар болған кезде конкурс қорытындысы бойынша көрсетілетін қызмет берушілер болмаған жағдайда жергілікті бюджет есебінен ас әзірлейтін бөліктердің қызметкерлерін аспазшылар, асхана қызметкерлері, қоймашы) енгізуге жол беріледі.
Басқа 127. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2008 жы­л­ғы 30 қаң­тар­да­ғы № 77 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесі
Басқа 128. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшін жойған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2008 жы­л­ғы 30 қаң­тар­да­ғы № 77 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшін жойған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1304 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 45, 404-құжат).
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1304 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 ақпандағы N 252 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 7, 76-құжат).
Тармақ 3
3. "Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 1168 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 38, 395-құжат).
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 1168 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы N 1136 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 43, 463-құжат).
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 60 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 4, 32-құжат).