О создании акционерного общества "Центр военно-стратегических исследований"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании акционерного общества "Центр военно-стратегических исследований"
- Атауы (қаз.)
- "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамын құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 110
- Қабылданған күні
- 06.02.2008
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 37451_62236.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P080000110_
- ЭКБ идентификаторы
- 37451
- Редакция идентификаторы
- 37451_62236
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:03
0 "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.
2 2. Қоғам қызметінің негізгі мәні:
1 1) мемлекеттің әскери қауіпсіздігі, әскери өнер, құрылыс саласындағы іргелі, кешенді әскери-теориялық және жедел-стратегиялық зерттеулер жүргізу, Қарулы Күштерді даярлау және қолдану;
2 2) әскери саладағы ғылыми-техникалық прогресті дамытуды талдау және қамтамасыз ету, әскери ғылымның рөлін күшейту, қару-жарақ пен техниканы құру және жетілдіру жобаларын әзірлеу, Қарулы Күштердегі ақпараттық технологияларды дамыту болып айқындалсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджет қаражаты есебінен 387000000 (үш жүз сексен жеті миллион) теңге мөлшерінде қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) қоғамның жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын берсін;
3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
5 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1 1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-97 жолмен толықтырылсын:
"21-97 "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" АҚ";
2 2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 280-1-жолмен толықтырылсын:
"280-1. "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" АҚ";
3 3) "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 19, 214-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесі, "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-1-жолмен толықтырылсын:
"14-1. "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы 100%".