Құжат мәтініне өту

О реорганизации дочернего государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт проблем горения" Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Казахский национальный университет им. Аль-Фараби" Министерства образования и науки Республики Казахстан

Қаулы · № 119 · қабылданған 07.02.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-37454/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О реорганизации дочернего государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт проблем горения" Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Казахский национальный университет им. Аль-Фараби" Министерства образования и науки Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 119 ·07.02.2008
28.08.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реорганизации дочернего государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт проблем горения" Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Казахский национальный университет им. Аль-Фараби" Министерства образования и науки Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 119 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации дочернего государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт проблем горения" Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Казахский национальный университет им. Аль-Фараби" Министерства образования и науки Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу қүқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Жану проблемалары институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
119
Қабылданған күні
07.02.2008
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI37454_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080000119_
ЭКБ идентификаторы
37454
Редакция идентификаторы
AI37454_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:02

0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу қүқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Жану проблемалары институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Жану проблемалары институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорны қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Жану проблемалары институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

3 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні ғылым саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;

2 2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгеріс бекітілсін.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

10 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгеріс

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 7 ақпандағы
N 119 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгеріс
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

2

2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 қыркүйектегі N 984 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 29, 326-құжат):
көрсетілген қаулыға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесінде:
реттік нөмірі 6-жол алынып тасталсын;

3 3) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі N 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 27, 290-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген 1-бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-4-жолмен толықтырылсын:
"16-4. Жану проблемалары институты";

4 4) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

Қолданыстағы