О внесении изменений и дополнений в некоторые акты Президента Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу және оны тағайындау жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Шетелде кадрлар даярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 43, 515-құжат; 1997 ж., N 10, 68-құжат; 2000 ж., N 43, 503-құжат; 2005 ж., N 19, 227-құжат):
Тармақ 3
3-тармақ алып тасталсын;
Тармақша 2
2) "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы N 470 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 43, 503-құжат; 2004 ж., N 22, 276-құжат; 2005 ж., N 19, 227-құжат; 2006 ж., N 1, 2-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде: 1-тармақта: "стипендиясын тағайындау үшін кандидатуралар іріктеу" деген сөздер "стипендиясы мәселелері жөніндегі іс-шараларды іске асыру" деген сөздермен ауыстырылсын; "Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі - "Болашақ" халықаралық стипендиясы)" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақ 4
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 4
"4. Республикалық комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) шетелде кадрлар даярлау жөніндегі жалпы стратегияны айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесіне (бұдан әрі - Іріктеу ережелері) сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешімді, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясынан айыру және одан бас тартуды қабылдау туралы шешімді қабылдау;
Тармақша 3
3) әрбір мамандық бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясының шекті санын анықтай отырып басым мамандықтардың жыл сайынғы тізбесін бекіту;
Тармақша 4
4) Іріктеу ережелерімен айқындалған тұлғалар санатына "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін жыл сайынғы квотаны белгілеу;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, негізгі қызмет үшін қажетті өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады."; 6-тармақта "және шетелдік сарапшы комиссиялар" деген сөздер алып тасталсын; 9-тармақта "санының" деген сөзден кейін "кем дегенде" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақ 10
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 10
"10. Республикалық комиссияның жұмыс органы:
Тармақша 1
1) "Болашақ" халықаралық стипендиясына үміткерлердің жеке істерінің мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды белгілейді;
Тармақша 2
2) Республикалық комиссияның қарауына және бекітуіне басым мамандықтар тізбесін енгізеді;
Тармақша 3
3) "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқыту үшін ұқсас мамандықтар тізбесін, "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерін оқыту және олардың ғылыми тағлымдамадан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтарының және зертханаларының тізімін, "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалар баламалылығы кестесін бекітеді;
Тармақша 4
4) "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша іс-шараларды іске асыруға республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде шет елдердің уәкілетті органдары және/немесе шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары, зертханалары және/немесе шет мемлекеттердің уәкілетті органдары айқындайтын оқытуды ұйымдастыру жөнінде қызмет көрсететін шетелдік ұйымдар ұсынған құжаттардың негізінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің оқуы мен ғылыми тағлымдамасын ұйымдастыруға байланысты шығыстар нормаларын әзірлейді;
Тармақша 5
5) "Болашақ" халықаралық стипендиясына құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін бекітеді;
Тармақша 6
6) тәуелсіз сараптама комиссиясының дербес құрамын, жұмыс тәртібін және оны ұйымдастыруды бекітеді;
Тармақша 7
7) үміткерлер үшін мемлекеттік тілді білудің қажетті ең төменгі деңгейін, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтарының, зертханаларының талаптарын ескере отырып, шет тілдерін білудің қажетті ең төменгі деңгейін белгілейді;
Тармақша 8
8) үміткерлердің материалдарын Республикалық комиссияның қарауына енгізеді;
Тармақша 9
9) "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету және іске асыру үшін қажетті, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асырады."; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның құрамына (лауазымдар бойынша): "Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы түлектерінің қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің президенті енгізілсін; "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі".
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті