О банках второго уровня, не отнесенных к определенной группе в соответствии с установленными требованиями о переходе банков второго уровня к международным стандартам Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу туралы белгiленген талаптарға сәйкес белгiлi бiр топқа жатқызылмаған екiншi деңгейдегi банктер жөнiнде 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 1998 жылғы 30 қазандағы N 217 қаулысымен. Банктiк қадағалау департаментiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң кейбiр бөлiгiнiң қаржы жағдайының қойылған талаптарға, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiткен (1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулы) Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы ережеге сай келмейтiндiгi туралы ұсынысын қарай келе, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшуiн қамтамасыз ету бойынша жүргiзiлген жұмыстың нәтижесiн ескере отырып:
Тармақша а
а) банктер қайта капиталдандыру және қызметiн жақсарту жоспарын белгiленген тәртiппен бермеген немесе тиiсiнше қосымшаларға сай (N 1, 2 қосымшалар) Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшуi туралы ереженiң талаптарына сәйкес келмейтiн қайта капиталдандыру және қызметiн жақсарту жоспарын ұсынған деп есептелсiн;
Тармақша б
б) 1997 жылғы 1 қыркүйектегi жағдай бойынша банктердiң тiзiмi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының жекелеген шешiмдерiмен (N 3 қосымша) айқындалған халықаралық стандарттарға көшудiң шарттары мен негiздемесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Банктiк қадағалау департаментi (Абдуллина Н.Қ.):
Тармақша а
а) Заң департаментiмен бiрлесе отырып осы Қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркесiн;
Тармақша б
б) осы Қаулыны Қазақстан Республикасының облыстық (Алматы аумақтық Бас) басқармаларына (филиалдарына) және N 1, 2 және 3 қосымшаларда көрсетiлген екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
Тармақ 3
3. Осы Қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.Ғ. Сәйденовке жүктелсiн.
Тармақ 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiткен (12.12.96 ж. N 292 қаулы) Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы ережеге сәйкес қайта капиталдандыру және қызметiн жақсарту жоспарын белгiленген тәртiппен бермеген екiншi деңгейдегi банктердiң 1.09.1997 ж. жағдай бойынша ТIЗIМI
1-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiткен (12.12.96 ж. N 292 қаулы) Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы ережеге сәйкес қайта капиталдандыру және қызметiн жақсарту жоспарын белгiленген тәртiппен бермеген екiншi деңгейдегi банктердiң 1.09.1997 ж. жағдай бойынша ТIЗIМI ______________________________________________________________ Рет| Банктiң аты N | ___|__________________________________________________________ 1 | "Интеринвест" ААҚ 2 | "Алтын" АБ 3 | "Алау" АБ 4 | "Жалғас" ЖБ 5 | "Цветмет" АБ 6 | "Ермин" АБ 7 | "Банк жетiсу" ЖАҚ 8 | "Алғабанк" ЖАҚ 9 | "Көкшебизнес" ЖАҚ ___|__________________________________________________________ | Барлығы: 9 банк ___|__________________________________________________________
Тармақ 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiткен (12.12.96 ж. N 292 қаулы) Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы ереженiң талаптарына сай келмейтiн қайта капиталдандыру және қызметiн жақсарту жоспарын берген екiншi деңгейдегi банктердiң 1.09.1997 ж. жағдай бойынша ТIЗIМI
2-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiткен (12.12.96 ж. N 292 қаулы) Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы ереженiң талаптарына сай келмейтiн қайта капиталдандыру және қызметiн жақсарту жоспарын берген екiншi деңгейдегi банктердiң 1.09.1997 ж. жағдай бойынша ТIЗIМI ______________________________________________________________ Рет| Банктiң аты N | ___|__________________________________________________________ 1 | "Казкомстройбанк" АБ 2 | "Химтексбанк" ЖАҚ 3 | "КИФТ" ЖАҚ 4 | "БСБ" АБ 5 | "Ақ-Жол" АБ 6 | "Ақтөбе" АБ 7 | "Қуандық" ЖБ 8 | "Сарыарқа" ААБ 9 | "Түркiстан" ААҚ 10 | "Касуб" ЖБ 11 | "Ижевск" АБ 12 | "Пана" АБ 13 | "Айнұр" АБ 14 | "Кредсоцбанк" ААҚ 15 | "Жанарбанк" ААҚ 16 | "Алиса К" 17 | "Игiлiк банк" ААҚ 18 | "Казпочтабанк" АӨБ ___|__________________________________________________________ | Барлығы: 18 банк ___|__________________________________________________________
Тармақ 3. Халықаралық стандарттарға өту шарттары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының жекелеген шешiмдерiмен айқындалатын екiншi деңгейдегi банктердiң 1.09.1997 ж. жағдай бойынша ТIЗIМI
3-қосымша Халықаралық стандарттарға өту шарттары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының жекелеген шешiмдерiмен айқындалатын екiншi деңгейдегi банктердiң 1.09.1997 ж. жағдай бойынша ТIЗIМI ______________________________________________________________ Рет| Банктiң аты N | ___|__________________________________________________________ 1 | "ТұранӘлем" ЖАҚ 2 | "Актан" ААҚ 3 | "Ажи-Банк" ЖАҚ 4 | "Астана" ААҚ 5 | "Ишим" ААҚ 6 | "ЦБСР" ХМБ 7 | "Эксимбанк" МК 8 | "КИБ" ЖАҚ 9 | "Тұрғынүйқұрылысбанкi" ЖАҚ 10 | "Медетшi банкi" МК 11 | "Бюджет банкi" МК 12 | "АБН Амро" ЖАҚ 13 | "Банк Сосьете Женераль Казахстан" ЖАҚ 14 | "Глобал Казкоммерц Инвестициялық Банкi" ЖАҚ 15 | "Қазақстанның Инвестициялық Халықтық Банкi" ЖАҚ 16 | "Береке" АБ ___|__________________________________________________________ | Барлығы: 16 банк ___|__________________________________________________________