Об организации оплачиваемых общественных работ Қолданыста
Басқа 0
Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес, жұмыс іздеуде қиыншылыққа кездескен жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, оларды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2008 жылы ауыл және ауылдық округтердегі жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Беріліп отырған ауыл және ауылдық округтер тізбесі, ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, жұмыс орындарының саны, еңбек ақы мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ақылы қоғамдық жұмыстарға қамтылған жұмыссыздардың еңбек ақысы нақты орындалған жұмыстар үшін, заңдармен белгіленген ең аз айлық жалақыдан кем емес мөлшерде аудан бюджетінің қаражатынан жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Аудандық қаржы бөлімі 2008 жылға арналған аудан бюджетінде осы мақсаттарға қарастырылған қаражаттар шектеуінде ақылы қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға мүдделі ауыл және ауылдық округ әкімдері 2008 жылға арналған өтінімдерді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 2008 жылғы 30 қаңтарға дейін тапсырсын.
Тармақ 6
6. Аудан әкімдігінің «Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2007 жылғы 13 наурыздағы № а-3/63 (Егіндікөл ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 28 наурызда № 1-8-50 тіркелген, 2007 жылғы 6 сәуірде № 12 (207) аудандық «Шұғыла-Целинная нива» газетінде жарияланған) қаулысы күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының әрекеті 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.С. Ысқақоваға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы Егіндікөл ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап қолданысқа енгізіледі және аудандық «Шұғыла-Целинная нива» газетінде ресми жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
Басқа 10
Қосымша
Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 18 қаңтардағы № а-1/9
қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Аумақтарында 2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар өткізілетін
Егіндікөл ауданының ауыл және ауылдық округтерінің
ТІЗБЕСІ
Ауыл немесе ауылдық округтің атауы
Жұмыстың түрлері
Адамдар саны
Орындалған жұмыс көлемі
Жалақы теңге
Абай ауылы
Ауылды көгалдандыру және көркейту
4
2700 м2
119000
Әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандарды жөндеу жұмыстары
1
400 м2
30000
Аулаларды аралау және халықтың, малдың санағын алу
1
480 сағат
30000
Ақкөл ауылдық округі
Ауылды көгалдандыру және көркейту
4
4500 м2
119000
Әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандарды жөндеу жұмыстары
2
800 м2
60000
Аулаларды аралау және халықтың, малдың санағын алу
2
480 сағат
60000
Егістікті күзетуші
2
480 сағат
60000
Аумақты жинауды ұйымдастыруға көмек көрсету
2
3000 м2
60000
Спиридоновка ауылы
Ауылды көгалдандыру және көркейту
2
900 м2
60000
Аулаларды аралау және халықтың, малдың санағын алу
1
480 сағат
30000
Әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандарды жөндеу жұмыстары
1
900 м2
30000
Бауман ауылдық округі
Аумақты жинауды ұйымдастыруға көмек көрсету
3
4500м2
90000
Ауылды көгалдандыру және көркейту
3
4500 м2
90000
Буревестник ауылы
Су құбыры байланыстарын жөндеу
2
960 сағат
60000
Ауылды көгалдандыру және көркейту
3
4500 м2
90000
Егіндікөл ауылы
Ауылды көгалдандыру және көркейту
9
21000 м2
244000
Аулаларды аралау және халықтың, малдың санағын алу
4
2400 сағат
119000
Су құбыры байланыстарын жөндеу
2
960 сағат
60000
Әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандарды жөндеу жұмыстары
2
900 м2
60000
Жануарларды ветеринарлық өңдеу жұмыстарына көмек көрсету
1
480 сағат
30000
Аумақты жинауды ұйымдастыруға көмек көрсету
2
3000 м2
62000
Жалманқұлақ ауылдық округі
Аумақты жинауды ұйымдастыруға көмек көрсету
2
3000 м2
62000
Ауылды көгалдандыру және көркейту
2
3600 м2
62000
Қоржынкөл ауылы
Ауылды көгалдандыру және көркейту
4
2400 м2
119000
Аулаларды аралау және халықтың, малдың санағын алу
1
480 сағат
30000
Ұзынкөл ауылдық округі
Ауылды көгалдандыру және көркейту
4
1500 м2
119000
Әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандарын жөндеу жұмыстары
2
900 м2
62000
Су құбыры байланыстарын жөндеу
2
400 м2
62000
ЖИЫНТЫҒЫ:
70
2079000