Об изменении границы Жемского сельского округа Жылыойского района Атырауской области Қолданыста
Басқа 0
Атырау облысы Жылыой ауданы Жем селолық округінің шекарасын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N№4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабына сәйкес, Жылыой аудандық мәслихатының 2007 жылғы 19 қазандағы N№2-7 шешімі мен Жылыой ауданы әкімиятының 2007 жылғы 17 қазандағы N№243 қаулысы негізінде облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жылыой ауданы Жем селолық округінің шекарасы оған Жылыой ауданы аумағының босалқы учаскелерінен 5600 гектар жер қосу арқылы өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.