Об внесении изменений в административно-территориальную единицу Индерского района Қолданыста
Басқа 0
Индер ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N№4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 3, 11 баптарына сәйкес, Индер аудандық әкімияты мен аудандық мәслихатының 2007 жылғы 22 қазандағы N№11-ІV "Индер ауданының шағын елді мекендерін есептік деректерден шығару туралы" бірлескен шешімі негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Индер ауданы елді мекендерінің құрамдарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Өрлік селолық округінің Жұлдыз, Жиек ауылдары Өрлік селолық округінің Өрлік селосының құрамына;
Тармақша 2
2) Елтай селолық округінің Қарой, Жырақұдық ауылдары Елтай селолық округінің Елтай селосының құрамына;
Тармақша 3
3) Көктоғай селолық округінің Мұқанәлі ауылы Көктоғай селолық округінің Көктоғай селосының құрамына;
Тармақша 4
4) Есбол селолық округінің Елеусін ауылы Есбол селолық округінің Есбол селосының құрамына енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.