Атырау қаласындағы және селолық округтердегі кейбір көшелерге, жаңадан құрылған көшелерге және аялдамалардың атауларын өзгерту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау қаласындағы және селолық округтердегі кейбір көшелерге, жаңадан құрылған көшелерге және аялдамалардың атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Атырау қалалық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау қаласындағы кейбір көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:
Тармақша 1
1) Атырау – Орал тас жолынан Атырау мөлтек ауданындағы № 31 мектепке дейін баратын негізгі жол ұлағатты ұстаз, ҚазССР-не еңбегі сіңген мұғалім Қойшыбай Есембаевтың;
Тармақша 2
2) Жұмыскер – 1 елді-мекеніндегі №88 және № 287 учаскелер аралындағы көшеге – Қалимат Сүндеталиеваның есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Атырау қаласындағы төмендегідей көшелердің атаулары өзгертілсін:
Тармақша 1
1) «Жеңіс паркі» аумағындағы бұрынғы «Прибойный көшесі – суретші Мұхит Қалимовтың;
Тармақша 2
2) Атырау-Еркінқала тас жолынан «Лесхоз» ықшам ауданына баратын бұрынғы Лесхозный көшесі – атақты қоғам қайраткері Құбаш Медеубайұлының есімімен аталсын.
Тармақ 3
3. Геолог селолық округіне қарасты елді-мекендерде орналасқан көшелерге және өткелдерге төменгідей атаулар берілсін:
Тармақша 1
1) бірлік елді- мекені бойынша жаңадан құрылған 5 көшеге: №1 көшеге-Бала Ораз №2 көшеге-Есет би №3 көшеге-Насихат Сүгірұлы №4 көшеге-Махаш Бекмағамбетұлы №6 көшеге-Сейтек күйші есімі берілсін.
Тармақша 2
2) «Мирас» мөлтек ауданы бойынша жаңадан құрылған 3 көше, 2 өткелге: Көше атаулары: №1 көшеге-Мұқат Мұсаев №4 көшеге-Сыпыра жырау №5 көшеге-Кетбұға батыр Өткел атаулары: №1 өткелге- Ұзақ күйші №2 өткелге – Жадыра
Тармақ 4
4. Атырау қаласындағы «Нұрсая-2», «Ракуша-2» жаңа ықшам аудандарына төмендегідей атаулар берілсін: «Нұрсая-2» - «Самал» ықшам ауданы; «Ракуша-2» - «Балауса» ықшам ауданы.
Тармақ 5
5. Атырау қаласы бойынша 67 аялдаманың атаулары төмендегідей тәртіпте өзгертілсін:
Тармақша 1
1) қаланың оң жақ жағалау бөлігі бойынша: Пост.ГАЙ – «Бәйтерек аялдамасы Мкр.атырау – Атырау м/а аялдамасы Магазин «Бекет ата» -«Жайлау» аялдамасы Северная – «Әлия» аялдамасы Автобаза –«Арнаулы көлік базасы аялдамасы Афанасьева – «Афанасьев» аялдамасы Құспан молда – « Құспан хазірет» аялдамасы Колхозный базар – «Ескі базар» аялдамасы Старый аэропорт – «Арай» аялдамасы Автовокзал – « Рауан сауда үйі» аялдамасы Пл. Д.Нурпейсова – «Академия» аялдамасы Московская – «Х.Досмухамедов» аялдамасы Церковь – «Шіркеу» аялдамасы Гагарина – «Гагарин» аялдамасы Школа им. Кубышева – «Мектеп» аялдамасы Горпарк – «Совдепо» аялдамасы Телеком – «Қазақтелеком» аялдамасы Облакимат – «Қазақтелеком» аялдамасы Авангард – «Авангард» аялдамасы Парк отдыха – «Жеңіс паркі» аялдамасы Интернат – «Интернат» аялдамасы Мкр. « Достық» - «Достық» м/а аялдамасы Мечеть- «Мешіт» аялдамасы Авиагенство – «Исатай-Махамбет» алаңы аялдамасы Пл. Абая – «Абай» аялдамасы
Тармақша 2
2) Қаланың сол жақ жағалау бөлігі бойынша: Юность – «Ақ-жайық» аялдамасы Санаторий – «Санаторий» аялдамасы Стройконтора – «Атырау ақпарат» аялдамасы Маслопром – «Дияр қонақ үйі» аялдамасы Сельстрой – «Мектеп» аялдамасы Рымбыттехника –«Атырау ақпарат» аялдамасы Восток –«Арын» аялдамасы Торговая база-«Сауда базасы» аялдамасы Ландыш –«Ландыш» аялдамасы Школа -«Атырау балық» аялдамасы Претаска-«Өзек» аялдамасы Драмтеатр-«Драмтеатр» аялдамасы Светлана –«Кеден» аялдамасы АЗС-«Атырау жарық» аялдамасы А.Чехов-« А.Чехов» аялдамасы Грибоедова-«Грибоедова» аялдамасы ЗАГС-«Салтанат сарайы» аялдамасы Дача-«Саяжай» аялдамасы Привокзальный –«Мұрагер» аялдамасы АЗС «ОАЗИС» - Береке аялдамасы ЖД вокзал-« Теміржол вокзалы» аялдамасы ТД-«Насиха» - «Рахат» аялдамасы Рынок «Дина» - «Дина базары» аялдамасы Подхоз-«Подхоз» аялдамасы СМП-136- «Шағала» аялдамасы ДЕПО –«ДЕПО» аялдамасы Филармония-«Филармония» аялдамасы Областной.суд –«Кәсіптік лицей» аялдамасы Первый участок –« Бірінші участок» аялдамасы АИНиГ-« Мұнай және газ институты аялдамасы Политехнический колледж – «Техникум» аялдамасы Отделение- «Темір жол басқармасы» аялдамасы МЧС –«Теміржол бекеті» аялдамасы Мостоотряд-«Арна» аялдамасы Атаба –«№13 мектеп» аялдамасы АО ТЭЦ-«Жылу орталығы» аялдамасы ДСК-«Шұғыла» аялдамасы Биснес контракт –«Кәсіпкер» аялдамасы Химпоселок-«№7 мектеп» аялдамасы Қара депо-«Көкжиек» аялдамасы Таксопарк-«Таң» аялдамасы
Тармақ 6
6. Атырау қаласындағы Авангард-Сәтпаев-Құрманғазы қиылысынан әуежайға дейінгі даңғыл Әбілқайыр ханның есімімен аталсын.
Тармақ 7
7. Осы шешім Атырау қалалық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 8
8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.