О внесении изменений в административно-территориальную единицу Исатайского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Исатай ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N№4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 3, 11 баптарына сәйкес, Исатай аудандық әкімияты мен аудандық мәслихатының 2007 жылғы 19 қазандағы N№17-ІV "Исатай ауданы селолық округтерінің әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" бірлескен шешімі негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Исатай ауданы елді мекендерінің құрамдарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Аққыстау селолық округінің Шыныбек, Есіркеп ауылдары Аққыстау селолық округінің Аққыстау селосының құрамына;
Тармақша 2
2) Жанбай селолық округінің Манаш ауылы Жанбай селолық округінің Жанбай селосының құрамына;
Тармақша 3
3) Нарын селолық округінің Үштаған ауылы Нарын селолық округінің Мыңтөбе ауылының құрамына;
Тармақша 4
4) Новобогат селолық округінің Ақкүтір ауылы Новобогат селолық округінің Х.Ерғалиев ауылының құрамына;
Тармақша 5
5) Тұщықұдық селолық округінің Бегайдар ауылы Тұщықұдық селолық округінің Айбас ауылының құрамына енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.