Об внесении изменения в административно-территориальную единицу Махамбетского района Қолданыста
Басқа 0
Махамбет ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N№4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 3, 11 баптарына сәйкес, Махамбет аудандық әкімияты мен аудандық мәслихатының 2006 жылғы 24 наурыздағы N№242 "Махамбет ауданының Ақжайық селолық округінің әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" бірлескен шешімі негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Махамбет ауданы Ақжайық селолық округінің Құмшығанақ ауылы Ақжайық селолық округінің Ақжайық селосының құрамына енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.