О чрезвычайных мерах по энергообеспечению потребителей области Күшін жойған
Басқа 0
Облыс тұтынушыларын электрмен қамту жөніндегі төтенше шаралар туралы.
📌 Ескерту. Күші жойылды қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты Ақтөбе облысы әкімдігінің 06.06.2005 № 14-5/1648 хаты.
Тұтынушыларды электрмен жабдықтауды қалыпқа келтіру жөніндегі облыс Өкімінің қабылдаған шешімін орындау мақсатында Ақтөбе қаласының және аудандар әкімдері, энергиямен жабдықтау ұйымдарының энерго қорларын пайдалануды тәртіпке келтіру және есеп айырысу жөніндегі жұмыста айтарлықтай ілгері басқандық бар.
Қабылданған шаралар өткен кезеңде газ бен электр қуатын пайдалануда облыста толық, есеп айырысып, оның өзі өз кезеңінде өндірістің электр көзімен тұрақты пайдалануына қол жеткізді, ауыл шаруашылық науқандарын уақытында өткізуге мүмкіндік берді.
Облыс тұтынушыларын электрмен қамту жүйесінің күрделі өзгеруіне "Трактебель" компаниясының "Казахгаз" мемлекеттік холдинг компаниясы кәсіпорнына барлық аспектілерінің басқаруға және пайдалануға берілуі өзгеріс әкелді. Оның өзі облыста газ бен оның сызбасының көлемімен шынайы қожалық етуге мүмкіндік берді, газ жеткізуді алдын-ала толық төлеммен қамтамасыз етті. Табиғи газдың жеткізу көлеміне байланысты болғандықтан, облыста электр қуатын, Ақтөбе қаласында және елді мекендерде жылумен қамтамасыз етуді ескере отырып, алдағы қыс кезінде тұтынушыларды тұрақты электрмен қамту, тұрғындардың өмірлік маңызы бар обьектілерін төтенше жағдайда қысылып қалмау мақсатында, облыс Әкімі ШЕШIМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. "Ақтөбеоблгаз" Акционерлік қоғамы облыс үшін табиғи газды көтере алушыларды анықтасын.
Осыған байланысты "Ақтөбеоблгаз" Акционерлік қоғамы:
- үстіміздегі жылдың 25 қарашасында дейін облыстың барлық тұтынушыларына табиғи газды жеткізуге, тек қана ағымдағы тұтынған газға толық төлеп, алдын-ала ақша төлеген жағдайда келісім-шарт жасау қамтамасыз етілсін;
- белгіленген мерзімге келісім-шарт жасаспаған және алдын-ала төлеуге мүмкіндігі жоқ тұтынушыларға газ беру тоғарылсын;
- тұтынушылар қаржысын күн сайын тексерілу қатаң алынып, алдағы айға газ беруге алдын ала жүргізгені үшін банктердің кредиттік ресурстарын уақытында қайтару қамтамасыз етілсін;
- тұтынушылардың, әсіресе Ақтөбе қаласының, пайдаланған газының толық та дәл есебі жүргізілсін, газдың ұрлану мүмкіндігін және заңсыз пайдалануы болдырылмасын.
Тармақ 2
2. "Актюбэнерго" Акционерлік қоғамы /М. А. Серікбаев/, "Актурбо" Акционерлік қоғамына /О. Н. Алимпиев/, "Ақтөбелік орталықтанған жылу энергиясына" /Г. М. Мартынов/:
- алдын ала төлеу керектігі және жіберілген электр көзіне толық төлеу жасау жөніндегі тұтынушылармен жасасқан келісім-шарт қайта қарап, өзгерістер енгізу;
- келісім-шарттың жағдайын орындауды қамтамасыз ету алмаған тұтынушыларды сөзсіз ағытып тастау жөнінде Ақтөбе қаласы мен аудандардың жүелік құрылымдарын іске жұмылдыру;
- электр қуаты мен жылуды жолда ұрлап пайдалану және байлық көзіне қол сұққандар жөніндегі шаралар белгілеп, жүзеге асыру;
- энергокөзін тоқсан сайын толық есебін жүргізу міндеттелсін.
Тармақ 3
3. Аудандар мен Ақтөбе қаласының әкімдеріне өмірлік мәні бар объектілердің жұмыс істеуі және елді мекендердің газ, электр жылу жүйелері үздіксіз жұмыс істеуі жөніндегі жеке жауапкершілік жүктелсін.
Тармақ 4
4. Аудандардың және Ақтөбе қаласының әкімдеріне:
- барлық қолда бар басқару және электрмен жабдықтау құрылымдарын тұтынушылардың алдын ала төлеуін және пайдаланған газға, электр қуатына және жылуға олармен жеке жұмыс жасай отырып, қамтамасыз ету;
- энергокөздеріне есепті ұйымдастыру жүйесі тәртіпке келтіру Электрмен жабдықтауды төлемсіз қайта қалпына келтірген тұтұнушыларды және лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнінде жеке бақылауды қамтамасыз ету;
- өмірлік мәні бар обьектілердің және елді мекендердің қуат көзін жасау үшін локальді электр құрылымдарды /дизель стансасы/ қажетті санын іздестіріп, пайдалану;
- тұрғын үй жәрдемақысын есептеу жөніндегі комиссияның жұмысын шапшаңдату және отбасының кірісін қосқанда деңгейі үйді ұстауга және тұрғын үй коммуналдық қажетіне жетпейтін отбасыларды толық есепке алып, бақылау жасауды қамтамасыз ету;
Коммуналдық ұйымдармен бірігіп отырып, тұрғын үй жәрдемақысын есептеу қамтамасыз етілсін.
- Облысқа энергия көзін жеткізуді күрделі жағдайы жөніндегі тұрғындар арасында кең көлемде түсініктеме жұмыстары және аумақты электрмен қамту жөніндегі міндеттерді түсіндіру міндеттелсін.
Тармақ 5
5. Меншіктің барлық түріндегі шаруашылық жүргізуші субьектілерінің, мекемелердің және ұйымдардың басшылары өндірістің үздіксіз жұмыс істеуіне және авариялық төтенше жағдайды болдырмау жөнінде шаралар қабылдансын.
Тармақ 6
6. Ішкі істер басқармасы /С. А. Есімов/ электркөзін ұрлау және заңсыз пайдалануды болдырмау жөніндегі Ақтөбе қаласының және аудандарының әкімдеріне және электрмен жабдықтаушы ұйымдарына көмек көрсетуге ықпал етсін.
Тармақ 7
7. Антимонопольдік және баға саясатын жөніндегі аумақтық комитет үстіміздегі жылдың 21 қарашасына дейін газдың жіберу бағасынан шығара отырып, энергокөзімен коммуналдық қызметтің өзіндік бағасы жөніндегі есепті дайындап, «көп болып пайдалану жөніндегі жұмыс істеп тұрган тарифке өзгерістер енгізілсін.
Тармақ 8
8. Облыстық қаржы басқармасы /Б. Е. Жантеміров/, аудандар мен Ақтөбе даласының әкімдері бюджетке тиісті өзгерістер енгізіп, электр көзін пайдаланудың толық есебін шығару жөніндегі бағаны тағайындауды ескерсін.
Тармақ 9
9. "Ақтөбеоблгаз" Акционерлік қоғамы /С. Ш. Мұқашев/ және басқа да коммуналдық кәсіпорнының басшылары Ақтөбе қаласы мен аудандардың коммуналдық қызмет үшін төлемдерін жинау пункттері жөнінде мәселе қарасын.
Тармақ 10
10. Экономика және сауда басқармасы /М. Т. Райымқұлов/ үстіміздегі жылдың 21 қарашасына дейін энергиямен жабықтау кәсіпорындарының басшыларымен бірлесе отырып газга алдын ала төлем бірінші кезектегі қаралған банктегі көбейту шоты арқылы облыс тұтынушылары пайдаланған ақша қаражаттарының қайтару сызбасын анықтасын.
Тармақ 11
11. Облыстық штабқа /В. В. Супрун/ облысты электрмен жабдақтауға бақылау қою және үйлестіру, жұмыс істеп тұрған шараларды қабылдау арқылы электркөзін пайдалану үшін уақытында есепті қамтамасыз ету тапсырылсын.
Тармақ 12
12. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В. В. Супрунға жүктелсін.