О резервировании земель для создания государственного природного резервата "Алтын Дала" Қолданыста
Басқа 0
"Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерватын құру үшін жер телимдерін сақтау туралы
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
24-бабы, Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 29 қыркүйектегi
№ 943
қаулысымен бекiтiлген, "Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру туралы ережесінің"
2-тармағы
және 2007 жылғы 13 қазандағы "Алтын Дала" мемлекеттiк табиғи резерватын ұйымдастыру үшiн жер учаскелерiн тексеру актісі негiзiнде қостанай облысының әкiмдiгi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Аманкелдi және Жангелдин аудандарының аумақтарында, қосымша берiлiп отырған жобаланған жоспарда (сызбада) көрсетілген шекара мен алаңына сәйкес "Алтын Дала" мемлекеттiк табиғи резерватына жер телімдері резервке бекітіліп берілсін.
Тармақ 2
2. Аманкелдi және Жангелдин аудандарының әкiмдерi "Алтын Дала" мемлекеттiк табиғи резерватына жер телімдері резервке бекітіліп берілген жер учаскелерiнде табиғи-қорықтық қоры объектiлерi сақталуын қамтамасыз ететiн шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау қостанай облысы әкiмiнiң орынбасары Н. М. Садуақасовқа жүктелсiн.
Тармақ 4. Жобаланған "Алтын Дала"
мемлекеттік табиғи резерваты жер учаскелерінің
ЖОСПАРЫ (сызбасы)
4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Жобаланған "Алтын Дала"
мемлекеттік табиғи резерваты жер учаскелерінің
ЖОСПАРЫ (сызбасы)